Жуықта Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Ел Президентінің тұрғындардың әл-ауқатын көтеру, баспанамен қамту, инфрақұрылымды жақсарту бағытындағы жұмыстарға тоқталды.
«Түркістан өңірінде құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. 5 жылда оның көлемі 2,5 есеге өсіп, 351 млрд. теңгені құрады. Пайдалануға тапсырылған тұрғын үй алаңы 2 есеге көбейіп, 864 мың шаршы метрге жетті. 5 жылда 4 420 отбасы коммуналдық баспанамен қамтылды. «7-20-25» бағдарламасы және «Отбасы банк» арқылы 5 000-нан астам отбасы әлеуметтік-ипотекалық үй сатып алды. Жалға алған баспана ақысын субсидиялау 7 бағдарламасымен (50%) 2000-нан астам отбасы қамтылды. 221 көппәтерлі үйге күрделі жөндеу жүргізілді.
Түркістанда биыл 205 мың шаршы метр үй тапсырылды. Жыл соңына дейін жалпы алаңы 211 мың шаршы болатын метр 65 көпқабатты үйді тапсыру жоспарлануда. Нәтижесінде 3557 отбасы өз баспанасына қол жеткізеді», деді Дархан Сатыбалды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Үкімет пен атқарушы органдарға отандық өндірісті ұлғайту, азаматтардың нақты табысын арттыру, экономиканы әртараптандыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тарту, инфрақұрылымды одан әрі дамыту жөнінде тапсырма берген болатын. Түркістан облысында осы бағытта қарқынды жұмыс жүруде. Дархан Сатыбалды осы мәселелерге жеке-жеке тоқталды. Облыста қолайлы бизнес климат қалыптасқан. Кәсіпкерлік субъектілерінің саны жыл сайын өсіп келеді. 5 жылда олардың саны 184 мыңға жетті. 5 жылда шығарылған өнім 11 есеге дейін өсіп,1 трлн. теңгеден асты. «Кәсіпкерлікті дамытудың» ұлттық жобасы шеңберінде өткен жылы бизнес субъектілері жалпы 46 млрд. теңгеге жеңілдетілген несие алған.
Президент Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын іске асыру жалғастырылатын болды. 2023 жылы бағдарлама бойынша кредиттеу үшін 100 миллиард теңгеге дейін қаражат бөлу жоспарланып жатыр. Жеңілдетілген кредиттеумен азаматтарды көбірек қамту мақсатында бағдарламаны іске асырудың жекелеген талаптары қайта қаралды. Атап айтқанда, әрбір қарыз алушы бұл бағдарламаға бір рет қана қатыса алады.
Ипотека «алғашқы» баспанаға, яғни тек жаңа баспананы сатып алуға беріледі.
Заемдардың негізгі шарттары мынадай:
— Жылдық номиналды сыйақы жарнасы – 7%;
— Бастапқы жарна – баспана құнының 20 пайызы;
— Шектік мерзім – 20 жыл.
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 5 проценттік ипотека алуға болады. Ол Отбасы банк арқылы рәсімделеді. Бірақ осы бағдарламаға тек әкімдіктің баспана кезегінде тұрғандар және әлеуметтік осал топтарға (көпбалалы отбасы, мүгедектер, жетім балалар, мүгедек баласы бар отбасы және т.б.) кіретін адамдар ғана қатыса алады.
Ипотека шарттары:
— Кредит мөлшерлемесі – 5%;
— Баспапқы жарна – 20%.
Пәтер дайын күйінде беріледі. Оны таңдау мүмкіндігі де бар. Сондай-ақ, бағдарламаға қатысушылар үшін салық жеңілдігі қарастырылған. Ай сайын ипотеканы өтеу үшін төленетін сома мөлшерінде жалақыдан табыс салығы ұсталмайды. Сонымен бірге, Түркістан облысы Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі өнеркәсіп орталығы. Өнеркәсіп кәсіпорындары облыстың оңтүстік бөлігінде шоғырланған. Онда полиметалл және темір, уран, фосфор және т.б. кен орындары орналасқан. Өнеркәсіптің ең дамыған салалары – өңдеу, тау-кен, мұнай және химия. Машина жасау саласы электр жабдықтары мен трансформаторларды өндіруге бағытталған. Түркістан облысы өнеркәсіпті дамыту үшін барлық алғышарттарға ие. Өңірде ресурстарға бағытталған өндірісті одан әрі дамытуды қамтамасыз ететін пайдалы қазбалардың едәуір қоры бар.
Түркістанда биыл 97 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталады, 6 мың отбасы қоныс тойын тойлайды. Барлық қаржыландыру көздерінен жыл соңына дейін 855 мың шаршы метр тұрғын үй (5 мың 935 пәтер) іске қосылады. Баспана «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында салынып жатыр.
Жыл басынан бері Қазақстанда 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй тапсырылды. Ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында тіркелді. Жыл басынан бері 365,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жоспар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 61,6 мың шаршы метрге, 122,2%-ға асыра орындалды. Жалпы Түркістан облысында 7 айда құрылыс жұмыстарының көлемі 150 млрд теңгені құрады. 2025 жылға дейін өңірде «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 4,9 млн шаршы метр немесе 46 мың тұрғын үй, оның ішінде Кешенді жоспар шеңберінде мемлекеттік қаражат есебінен 1,4 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 23 мың пәтер жалға беріледі және кредиттік тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған.
Жаппай тұрғын үй құрылысы аудандарын қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін 2025 жылға дейін 78,1 млрд теңге бөлінбек. Сондай-ақ 64 мың жер учаскесі инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Түркістан облысындағы тұрғын үйлерді жаңғырту бойынша биыл 101 көппәтерлі тұрғын үйді жаңғыртуға 3,3 млрд теңге қарастырылған. 2025 жылға дейін 4,6 млрд теңгеге 240 көппәтерлі тұрғын үйді жаңғырту жоспарлануда. Жалпы 2021-2025 жылдар аралығында 7,9 млрд теңгеге 341 көппәтерлі тұрғын үй жөнделеді.
Биыл Түркістанда 100-ден астам көпқабатты тұрғын үй салынбақ. Түркістан облысында құрылыс қарқыны артқан. Жыл қорытындысымен 100-ден астам нысан пайдалануға тапсырылды. Өңірде білім беру саласында 20,9 млрд. теңгеге 51 нысанның құрылысы жүргізілді. Оның 22-і пайдалануға берілді. Ал, денсаулық сақтау саласында 2,8 млрд. теңгеге 20 нысан іске асып жатыр. Түркістан қаласында жедел жәрдем станциясы, ал Мәдениет саласы бойынша 14 нысанның құрылысына 2,2 млрд. теңге бөлінген. Нысандардың құрылысы 2023 жылы толық аяқталады деп күтіліп отыр. Спорт саласында 13,8 млрд. теңгеге 12 нысан бой көтеруде. Тұрғын үй құрылысына 35,9 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаржыға өңірде 129 үй салынады.
Облыс орталығы Түркістан қаласында жалпы аумағы 250 мың шаршы метрден асатын 100-ден астам көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүреді. Атап айтқанда, 9 қабатты 36 үй, 7 қабатты 40 үй және 5 қабатты 20 несиелік тұрғын үй салынады. Сонымен қатар «Жаңа қала» аймағында инвесторлар есебінен 14 көпқабатты тұрғын үй кешенінің құрылысы басталмақ.
Осыған дейін киелі шаһарға іссапармен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанды атажұртымыздың алтын қазығы деп атап өтті. «Түркістан – бәріміздің мақтанышымыз, екі дүние есігі, ер түріктің бесігі атанған бүкіл әлемге танымал қасиетті жер. Осы киелі шаһардың төл тарихымызда айрықша орны бар. Түркістан төріндегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – руханиятымыздың мызғымас діңгегі. Сондықтан Түркістанға, жалпы, осы облысқа ерекше мән беруіміз керек. Бұл ең алдымен, Үкіметіміздің басты міндеті», – деді Президент. Мемлекет басшысы қазақ жылнамасына алтын әріппен жазылған көптеген тұлғаларымыздың осында жерленгеніне тоқталып, былтыр қалаға Түркі әлемінің рухани астанасы деген мәртебе берілгенін айтты. Президенттің пікірінше, бұл оқиға Түркістанды тұтас түркі жұрты ерекше қадірлейді дегенді білдіреді.
«Біз киелі шаһарды рухани және тарихи елордамыз десек, дұрыс пайым болатынына күмәнім жоқ. Сондықтан Үкімет таяу арада Түркістан қаласына осындай мәртебе беру мәселесіне қатысты лайықты шешім қабылдайды деп ойлаймын. Қастерлі шаһар көне заманнан бері ұлттың ұясы, қазақтың қара шаңырағы болып келеді. Түркістан осы мәртебелі міндетін қазір де абыроймен атқарып отыр. Сол себепті ата жолын ұстанып, Ұлттық құрылтайдың келесі отырысын Түркістанда өткізуді ұсындым», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы атап өткендей, мұнда соңғы жылдары 77 мың адамға арналған көп қабатты үйлер салынған. Сонымен қатар шаһар жасыл-желекке оранып, экологиялық ахуалы жақсарған.
Түркістан күн сайын құлпырып, жаңарып келеді. Әсіресе, тұрғын үй құрылысы бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен бой көтеруде. Бірқатарына тоқталып өтер болсақ, өңірде «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында биылғы жоспар 855 мың шаршы метр болып белгіленген. Жыл басынан бері 191,4 мың шаршы метр, яғни 1332 пәтер пайдалануға беріліп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 117 пайызға ұлғайғанын айта кетуге болады. Жалпы, Түркістан облыс орталығына айналған 2018 жылдан бергі жылдарға қарасақ, едәуір өсім байқаймыз. Мәселен, 2018 жылы – 3 018 пәтер, 2019 жылы – 5 846, 2020 жылы – 6 059, ал 2021 жылы – 6 590 пәтер ел игілігіне ұсынылған. Биыл 97 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 6 мың отбасы қоныс тойын тойлайды. Бұл шамамен 100-ден астам футбол алаңының көлеміне тең екен.
