Жергілікті бюджет кірістеріне өткен жылы 17 млрд. 736 млн. 731 мың теңге қаржы түсіп, жоспар 100,8 пайызға немесе 132 млн. 706 мың теңгеге артығымен орындалған болатын. Оның ішінде; Трансферттері 12 млрд. 735 млн. 042 мың теңге, өзіндік кірістері 4 млрд. 827 млн. 714 мың теңге, жеке тұлғаларға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу 32 млн. 689 мың теңге, ауданның жергілікті атқарушы органы алатын қарыздар 64 млн. 323 мың теңге, бюджет қаражатының бос қалдықтары 76 млн. 963 мың теңгені құрайды. Бюджеттің шығыс бөлігі 17 млрд. 576 млн. 470 мың теңгені құрап, 99,8 пайызға игерілді. Өз кезегінде ағымдағы жылдың I-тоқсанында жергілікті бюджет кірістеріне 3 млрд. 799 млн. 479 мың теңге қаржы түсіп, жоспар 141,3 пайызға немесе 1 млрд. 110 млн. 534 мың теңгеге артығымен орындалып отыр. Сондай-ақ, бюджеттің шығыс бөлігі 2 млрд. 479 млн. 597 мың теңгені құрап 100 пайызға игерілді.
Өткен жылдың қорытындысымен ауданда 555 млрд. 496 млн. теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, 122,4 пайызға немесе 101 млрд. 672 млн. теңгеге артқан. Аудан экономикасына өткен жылы 61 млрд. 214 млн. теңге инвестиция тартылып, 2021 жылмен салыстырғанда 115,8 %-ға немесе 8 млрд 370 млн.теңгеге артқан. Ағымдағы жылдың I-тоқсанының қорытындысымен ауданда 121 млрд. 967 млн. теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 110,3 пайызға немесе 11 млрд. 371 млн. теңгеге артқан. Сонымен қатар, аудан экономикасына 11 млрд. 297 млн. теңге инвестиция тартылып, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 147,9 пайызға немесе 3 млрд. 657 млн. теңгеге артқан.
Өткен жылдың қорытындысымен үш жақты келісімнің орындалуы бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі былтырғы жылдың қорытындысымен 19 млрд. 671 млн. 500 мың теңге болып, 2 млрд. 33 млн. 900 мың теңгеге артық орындалды. Нақты көлем индексі 103,2% құрады. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына өткен жылдың қорытындысымен 429,2 млн. теңге инвестиция тартылып, тапсырма 107,3 % орындалды. Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына 110 млн. теңге инвестиция тарту тапсырмасы берілсе, былтырғы жылдың қорытындысымен 113,6 млн теңге инвестиция тартылды.
Былтыр аудан бойынша 14 275 га егіс егіліп, тапсырма 103 % орындалды. Оның ішінде: 285 га бидай, 1 016 га арпа, 817 га жүгері, 1 227 га мақсары, 508 га картоп, 504 га көкөніс, 504 га бақша, 2 500 га жаңа жоңышқа, 6 914 га өткен жылдардағы жоңышқа орналастырылды. Ауданға 25 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу межесі белгіленіп, толығымен орындалды. Ауданда ағын суды үнемдеу мақсатында Шолаққорған ауыл округінен «Атамекен» шаруа қожалығына 40 га, «Жанболат» шаруа қожалығына 12 га, Таукент кентінен «Сейілбек ата» шаруа қожалығы 10 га, барлығы 62 га аумаққа жаңбырлатып суару қондырғылары орнатылды Былтырғы жылдың қорытындысымен барлық санатта 35 445 бас мүйізді ірі қара, 288 829 бас қой-ешкі, 23 656 бас жылқы, 14 375 бас түйе, 25 587 бас құс өсірілуде. Ауданда «Сыбаға» бағдарламасы аясында 7000 бас мүйізді ірі қара аналығын тұқымдық түрлендіруге тарту жоспары бекітілсе, жылдың қорытындысымен барлығы 5416 бас мүйізді ірі қара аналығы тұқымдық түрлендіруге тартылды. Фермерлік шаруашылықтар 3900 бас қой аналығын несиелендіру арқылы сатып алу межесі белгіленсе, жылдың қорытындысымен барлығы 3914 бас қой аналығын несиелендіру жолымен сатып алынған. Ағымдағы жылдың I тоқсанының қорытындысымен ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 3 млрд. 867 млн. 100 мың теңге болып, нақты көлем индексі 103,6% құрады.
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 2023 жылдың I-тоқсанында 46,6 млн. теңге инвестиция тартылды. Сондай-ақ егістік жер игеру тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдың I-тоқсанында 11 920 га егіс егіліп, тапсырма 83 % орындалды. Ауданға ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу мақсатында бүгінгі күнге 3 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру жобасы аясында жеңілдетілген несие алу үшін аудан тарапынан жобаға Созақ және Құмкент ауыл округтері ұсынылды. Осы екі ауылдық округтер бойынша 3 кооператив құрылып, 115 адам мүше болып тіркелді. Құмкент ауылдық округінен несие алушылар мал басын көбейту болса, Созақ ауылдық округінен несие алушылар отбасылық мал бордақылау алаңдарын ашатын болып бағыттары айқындалды.
Бүгінгі күнге несие алушы 24 азаматтың несие қаржысы мақұлданды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың мамыр, маусым айларына республикалық бюджеттен облыстық бюджетке 8 млрд. 400 млн. теңге қосымша бөлінген болатын. Осы орайда, «Ауыл Аманаты» бағдарламасын іске асыру үшін қосымша екі ауылдық округ ұсынылды. Біздің ауданнан қосымша Шолаққорған және Жартытөбе ауылдық округтерінің тұрғындары қатысатын болады.