

Жуықта Кентау қаласы Төле би көшесі мен Әл-фараби қиылысындағы 480 м құрайтын жол көлік қатынасына қайта ашылатын болады. Қазіргі таңда, аталған көшенің қыру жұмыстары басталды. Қала әкімі Жандос Тасов сала мамандарымен бірге жол құрылысы нысандарының бірқатарын аралап, жұмыс барысын бақылады. Сонымен қатар, қаладағы И.Тайманов, Н.Камалов, Ш.Құдайбергенов көшелерінде де қыру жұмыстары бастау алған. Қала әкімі тиісті мердігер мекемелерге жұмысты уақытылы әрі сапалы атқаруын тапсырды. Әр құрылыс өзінің жеке бақылауында болатынын атап өтті. Жалпы, ағымдағы жылы Кентау қаласындағы 19 көшеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселетін болады.
Оған қоса Кентау қаласында орналасқан «Кентау трансформатор зауыты» энергия үнемдейтін техникаларды шығарады. Ал аталмыш зауыттан 5 елге жөнелтіледі. Олар: Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Тәжікстан елдеріне экспортталады.
Ал Кентау трансформатор зауыты – электр энергетика, металлургия, машина жасау, көлік, мұнай-газ кешенін және тұрғын үй-коммуналдық секторын қоса алғанда, экономиканың барлық салалары үшін жеткізілетін, кең қолданысқа арналған трансформаторлық жабдықтарының жетекші қазақстандық өндірушісі. Зауыттың өнімі үлкен сұранысқа ие және Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Тәжікстан елдеріне экспортталады. Кәсіпорын сапалы трансформаторларды ғана емес, энергия үнемдейтін трансформаторларды шығарады.

Былтыр шаһарда құны 3 млрд. теңгені құрайтын жаңа 2 инвестициялық жоба – кірпіш зауыты мен темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыт іске қосылып, 80 жаңа жұмыс орны ашылды. Алдағы екі жылда 2 инвестициялық жобаны іске аспақ. «Кентау қаласы бойынша 2020-2025 жылдары өңірлердің кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында 943 адамды жұмыспен қамтитын 2 жобаны ашу жоспарланған. Олар — «Ансай кең орнының кендерінен барит концентратын өндіру» жобасы және бұрынғы Кентау кен байыту фабрикасының өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдеу өндірісін іске қосу жобасы. Қазіргі таңда Кентау қаласындағы индустриалды аймақта құны 3,3 млрд.теңгелік 250 жұмыс орнын қамтитын 6 жоба іске асырылған», — деді шаһар басшысы. Инфрақұрылым бойынша Кентау қаласы кәріз жүйесімен 78% қамтылған. Орталықтандырылған электр желісімен шаһар толық қамтамасыз етілген. Бүгінгі таңда қаланы табиғи газбен қамту көрсеткіші — 14%-ды (2461 абонент) құраса, 2023 жылы 52%-ға жеткізу жоспарланған. 2023 жылы Кентау қаласының барлық көшелерін толық жарықтандыру жоспарланған. Өткен жылдың қорытындысымен қаладағы ішкі жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 86,7%-ға жетті. Биыл қаланың 3 көшесін жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Былтыр Кентауда және қалаға қарасты елді мекендерде 53 көше жөндеуден өтті. Электр жүйелерін жаңғырту және инфрақұрылымға қатысты өзге де жұмыстар қолға алынды. Қаланы дамыту жұмыстары жалғаса береді.
Жалпы, индустриализация экономиканың өсіміне, әлеуметтік пакеттерге, өмір сапасы мен ұлттың әл-ауқатының арта түсуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, аудандар мен моно қалалардың ұлғаюына да оң әсерін тигізеді. Кеңес одағы кезінде Қазақстанда салынған зауыттардың жанынан аймақтарда шағын қалалардың құрылысы қарқын алды. Бұл жергілікті халықтың күнделікті өміріне оң өзгеріс алып келді. Соның бірі, 1959 жылы бой көтерген «Кентау трансформатор зауыты» АҚ. Бұл зауыт бүгінде Кентау қаласының ғана емес, еліміздің экономикасына да үлес қосып келе жатқан ірі кәсіпорындардың бірі. Жергілікті халықты жұмыс орнымен қамтып қана қоймай, жоғары жалақы ұсынып отыр. «Кентау трансформатор зауыты» АҚ тарихына былтыр 60 жыл толды. Биыл 61 жыл болған зауыт 1997 жылы банкротқа ұшырап, жабылып қалған екен. Көп ұзамастан осы жылы зауытқа екінші өмір берген басшы келеді. Ол – Сайдулла Қожабаев.
Кезінде Кентау қаласында Казполиметалл деген комбинатта электрқозғалтқыштарды жөндейтін қойма ашылады. Сол шеберханада машина жөндейтін 45 адам жұмыс істейді. Украинаның Запорожье қаласында одақтың трансфарматор құрылысы институты болған. Сол институттың филиалы есебінде әрі сол оқу орнының жобасы бойынша Кентауға зауыт салу жоспарланған. Мамандардың бәрі Украина, Белоруссия, Ресейден алынып, олар осында көшіп келген. Уақыт өте келе қойманың жұмысы ұлғайып, зауыттағы жұмысшылар саны 700-ге жеткен. Қазіргі таңда зауытта 1252 адам жұмыс істейді. Орташа айлық жалақы – 180 мың теңгені құрайды. Жиырмадан астам ұлт өкілдері кәсіпорында тату-тәтті, өзара бірлесіп жұмыс істеп келеді.

Одақ кезінде зауыт аймағы бар-жоғы 7 гектар жер болса, қазіргі таңда 20 гектар жерді алып жатыр. Өндірісі көлемі 16 мың шаршы метр болса, қазір 85 мың шаршы метр. Сондай-ақ, өткен жылы дайын болған өнімдерді тасымалдайтын жеті жаңа жүк көлігі сатып алыныпты. 1997 жылы банкрот болған зауытты қайтадан аяққа тұрғызған Сайдулла Қожабаев тығырықтан қалай шықты? Ол біріншіден, тұтынушыларға үш фазалық трансформаторлар мен жиынтық трансформатор қосалқы стансаларын шығаруға күш салған. Атап айтқанда, зауытқа уақытты көп созбастан НТМИ-10, ЗНОМ-35 типті кернеулі өлшем трансформаторлары, УКЗВ және УКЗН типті мұнай газқұбырларын катодты қорғанысы үшін бөліп тұратын құрылғылар, мұнайшылар үшін КТПН типті жиынтық қосалқы стансаларын алғызды.
Біздің түсінігімізде зауыттар мен ірі кәсіпорындардың көбі жабылып, кеңес заманымен келмеске кеткендей болып көрініп тұратыны жасырын емес. Кентау қаласында осындай ірі зауыт барын екінің бірі біле бермейді. Қазіргі зауыттың тыныс-тіршілігі туралы акционерлік қоғамның басқарма төрағасы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, «Қазақстанның еңбек сіңірген машина жасаушысы» құрмет марапатының иегері Сайдулла Қожабаев 2000 жылдан бастап зауытта жаңа техникалық қайта жабдықтаудың жүргізілгенін айтып өтті. Кентауда осы зауыттың барын көбі біле бермейтіні рас. Осыдан он жыл бұрын зауытты толығымен жабдықтап шықтық. Жабдықтау жұмыстары 2011 жылға дейін жалғасты. ТМД және Германия, Италия, Австрия, Бельгия, Қытайдан 12 млрд теңгеден астам қаржыға жаңа техникалар сатып алдық. Осылайша кәсіпорынымызды 93 пайызға дейін жаңарттық. Цехтер мен бөлімдер де ұмыт қалмады. Сізге айтайын, зауытымызда қазіргі заманға сай 500-ден астам бұйым түрі бар. Жұмыс үш ауысымда жүреді. «Кайдзен» басқару жүйесін қолданамыз, — деді зауыт басшысы Хайрулла Байділдаұлы.
Сонымен, Кентау трансформатор зауытының өткен жылғы өндіріс көлемі 28 млрд теңгеге жеткен. Басқарма төрағасының сөзінше, былтыр бірінші рет рекордтық көрсеткішке қол жеткізген. Дайын болған өнімнің 40%-ын 14 елге яғни Чехия, Латвия, Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Әзірбайжан, Ауғанстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Қырғызстан, Монғолияға экспорттайды. Сонымен қатар, жыл сайын трансформаторлардың 40-тан аса жаңа түрін өндіріске енгізіп отырады.
