Түркістанда «Ауыл – мәдениеттің бастауы» ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар арасындағы облыстық байқаудың марапаттау рәсімі өтті.
Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасымен Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 2-13 қазан күндері аралығында «Ауыл – мәдениеттің бастауы» атты ауылдық мәдениет үйлері мен ауылдық клубтар арасындағы облыстық байқауы өтті.
Аталмыш сайыстың мақсаты халыққа заманауи мәдени қызмет көрсету шараларын жақсарту, мәдениет мекемелерінің жұмыс сапасын арттыру, халық шығармашылығын дамыту мен ауылдық мәдениет мекемелерінің жұмысына қолдау көрсету және олардың іс-тәжірибелерін насихаттауға бағытталған болатын.

Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша жалпы 255 мәдениет мекемесі бар. Ал байқауға 160 мәдениет мекемесі қатысты. Оның ішінде 91 ауылдық мәдениет үйі болса, 69 ауылдық клуб өз бақтарын сынады.
Кәсіби мамандардан құралған қазылар алқасы қатысушылардың жұмысын жақсарту бойынша, олардың жергілікті жерде халық шығармашылығының жанрларына сай түрлі байқаулар мен фестивальдер ұйымдастыруына, аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық байқауларға қатысуына, мәдениет ошағындағы іс-құжаттарының жүргізілуіне, көркемөнерпаз ұжымдары мен түрлі үйірмелердің және «Халықтық» атағы бар ұжымдардың жұмыс деңгейіне, ауылдық мәдениет үйлері мен клубтардың ішкі және сыртқы көрінісіне (көрермен залы, үйірме бөлмелері мен сахнасы, фойесі байқауға лайық безендірілуі, әдістемелік бөлмелердің жұмысы), мәдениет ошағының техникалық базасына назар аударды.
Қазылар алқасының шешімімен ауылдық мәдениеті үйлері бойынша бас жүлде «Бірлік» ауылдық мәдениет үйі (Жетісай ауданы), І орын – «Балықты» ауылдық мәдениет үйі (Түлкібас ауданы),І орын — «Қызылқия» ауылдық мәдениет үйі Қазығұрт ауданы),ІІ орын – «Сарқырама» ауылдық мәдениет үйі (Төлеби ауданы), ІІ орын – «Темір» ауылдық мәдениет үйі (Отырар ауданы),ІІІ орын – «Жібек жолы» ауылдық мәдениет үйі (Сайрам ауданы), ІІІ орын – «Бесқұбыр» ауылдық мәдениет үйі (Келес ауданы),ІІІ орын – «Қ.Тұрысбеков» ауылдық мәдениет үйі (Шардара ауданы),ІІІ орын — «Атакент кенті» ауылдық мәдениет үйі (Мақтаарал ауданы) Ауылдық клубтар бойынша Бас жүлде «Әлімтау» ауылдық клубы (Сарыағаш ауданы), І орын – «Монтайтас» ауылдық клубы (Арыс қаласы), І орын – «Тайқоңыр» ауылдық клубы (Созақ ауданы), ІІ орын – «Қазақстанның ХХХ жылдығы» ауылдық клубы (Сауран ауд), ІІ орын – «Бейнеткеш» ауылдық клубы (Төлеби ауданы),ІІІ орын – «Түлкібас» кенттік клубы (Түлкібас ауданы), ІІІ орын – «Байылдыр» ауылдық клубы (Кентау қаласы), ІІІ орын – М.Оразалиев ауылдық клубы (Сайрам ауданы) иеленді.
Сонымен қатар, арнайы жүлделер «Үздік ауылдық мәдениет үйі қызметкері» Ағыбет ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Райымбек Гүлнара, «Үздік клуб қызметкері» Бірлік клубының меңгерушісі Тұрыскелдиева Майгүл, «Үздік мәдениет қызметкері» Құмкент ауылдық мәдениет үйінің директоры Сарман Болатбек, «Үздік үйірме жетекшісі» Берген ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Айлез Назерке, «Үздік жас маман» Балтакөл ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Төлешов Сейітқұл, «Үздік мәдени ұйымдастырушы» Бөржар ауылдық мәдениет үйі меңгерушісі Досанов Құралбек, «Үздік жас маман» Атақоныс ауылдық мәдениет үйінің директоры Райымбекова Алмагүл,«Үздік ауылдық мәдениет үйі қызметкері» Қызылжар ауылдық мәдениет үйінің директоры Әлімқұлов Рашид, «Үздік мәдениет қызметкері» Жүйнек ауылдық мәдениет үйінің директоры Алибеков Шерхан, «Үздік ауылдық мәдениет үйі қызметкері» Шақпақ баба ауылдық мәдениет үйінің директоры Ғани Көбетаев, «Үздік мәдени ұйымдастырушы» Нұра ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Аяпбергенова Мадина,«Үздік клуб қызметкері» Кетебай ауылдық клубының меңгерушісі Сүлейменова Үміт иеленді.

Байқауда жеңімпаз атанған барша мәдениет мекемелерін жүлделі орындарымен құттықтаймыз! Ауыл мәдениетінің ауқымы тарылмасын!

Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы
Мадина ЖҰМАХАНҚЫЗЫ
Сымбат СЕЙТХАНОВА
