
Түркістандықтардың назарына!
Саяси сауаттылығымызды арттыру үшін бәрімізде экономика туралы бірнеше сұрақтардың пайда болатыны белгілі. Сол сұрақтарға жауап ретінде төмендегі ақпаратты бөлісіп отырмыз.
Біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттігіне оны әлемдік экономикаға интеграцияланған жағдайда ғана қол жеткізе аламыз. Сондықтан да Қазақстан Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруі және оның талаптарына сай болуы қажетті. Өйткені сауда ұйымына кірісімен біздің отандық өндіріс салалары бәсекеге төтеп бере алмай жаппай құлдырауға ұшырауы мүмкін. Сондықтан жедел түрде ұлттық шаруашылықтың бәсекеге қабілетін арттыру қажеттігі туындап отыр, ол үшін өнеркіптің өңдеуші жоғары технологиялы салаларын дамыту күн тәртібіндегі шешуді қажет ететін мәселенің бірі екені бәрімізге белгілі. Ал мұны шешудің бірден бір жолы ұлттық экономиканы индустриялы-инновациялы ел ретінде қалыптастыру, отандық өнеркәсіп өнімдерінің шикізатқа тәуелділігінен құтылуға жол ашу болып табылады.
Сонымен қатар еліміздегі әлеуметтік сала мемлекетіміз үшін басымдықтар қатарында болып келді, оны шешуді соңғы жылдары жаппай қолға ала бастады. Оған мысал еліміздің әлеуметтік саласына, атап айтқанда XXI ғасыр деңгейінде білім беруде жоғары технологиялық және ғылыми негізде өндіріс үшін кадрлар қорын жасақтауды, әрбір Қазақстандық жоғары білім алуға нақтылы мүмкіндік жасауға, білім беруге гранттардың мөлшерін 50 % арттыруға, оқытушы ұстаздардың жағдайларын жақсартуға ұсыныс жасалды.
Сонымен қатар Жолдауда ана, бала, аға ұрпақ мәселесіне ерекше көңіл бөлінетіндігін, балалардың және аналардың өмірінің лайықты қамтамасыз етілуіне жағдай жасауды атап өтті.
Еліміздегі тұрғын үй мәселесі бойынша Елбасымыз биылғы жылдан бастап тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыратынын, тұрғын үй құрылысы біздің экономикамызды алға сүйрейтін қуатты күшке айналдыратынын анық айтты.
Жолдауда биылғы жылдан бастап іс жүзінде әрбір отбасының мүддесіне игі ықпалын тигізетін 2005-2007 жылдарға арналған Әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдету бағдарламасын іске асыра бастады. Биылғы жылы 1 шілдеден бастап бюджет саласының қызметкерлерінің жалықысын орта есеппен 32 пайыз көтеруді, ал 2007 жылдан бастап орта есеппен 30 пайыз көтеру, сонымен қатар 1 шілдеден бастап ең минималды жалақы деңгейі 9200 теңге құрап, студенттердің степендияларын екі жарым еседей көтеретіндігін баса айтты. Осыдан көретініміз ұлттық экономикамыздың экономикалық-әлеуметтік дамуы жылдан-жылға қарқынды даму үстінде болып келетіндігінде.
Егер осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім жеті жүз доллардан ғана асса, 2004 жылы бұл көрсеткіш 2700$-ға жетті, ендеше 2005 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 3000$-ға жетеді деген шама бар. Ал экономикалық даму қарқынымыз тұарқты болып отырса, онда 2010 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ 5800$-ға жетіп, ол қазіргі Венгрия, Малайзия, Польша елдерінің бүгінгі деңгейіне жетер еді. Осылайша 2015 жылы шамамен ЖІӨ 9000$-ға жеткізуге шамамыз бар деп атап көрсетті елбасымыз.
Еліміздің даму жоспарында 2000 жылы ЖІӨ көлемін 2010 жылы екі есе ұлғайтуға жоспарлаған болатын, ал экономикамыздың тұрақты дамуы бұл шамаға жоспардан бұрын 2008 жылы жету сенімі бар. Әрине бұл жас Қазақстан Республикасы үшін зор жетістіктер болып табылады.
Бүгінгі ТМД елдері ішінде Қазақстанның Қаржы жүйесінің дамуы және жалпы экономикалық белсенділігі жағынан алғашқы орынды иеленді. Бұл өз кезегінде өткен жылдардағы экономикалық реформалардың, экономикалық жүргізілген саясаттардың, Қаржы жүйесін реформалаудың тиімді жүргізіліп, өз жемісін берудің кепілі деп түсінеміз.
Еліміздегі ақша реформасы Қазақстанда одан ары жалғасын таба үстінде. 1998 жылы теңгенi еркiн қалқымалы рынокқа жiбердiк. Әрине бұл кездерде елiмiзде инфляция деңгейi бiршама төмендеген кездер едi. Сондай-ақ айналыста iрi ақшалар қажеттiгi туындауына байланысты соңғы жылдары айналысқа 5000 және 10000 теңгелiк ақшалар да шыға бастады. Бұған бiрден-бiр есеп елiмiздiң экономикалық жағдайынын тұрақтала бастағанынан және халықтың табысының өскендiгiнен болып отыр. Бүгiнгi таңда елiмiздегi инфляция деңгейi 6-7%-ды құрап келедi. Әрине бұл да болса бiздiң ұлттық валютамыздың күннен-күнге нығайған белгiсi деп айтсақ болады.
Сонымен Қазақстанның ұлттық валютасы теңге соңғы жылдары тұрақты төлем құралы ғана болып қалмай, еркiн алмастырылатын валюталарға шексiз айырбасталады және бүгiнгi таңда теңгемiздiң тұрақтылығы, сондай-ақ АҚШ долларына қарағанда нығаюда көрiнiп отыр. Әрине бұл жетiстiктер елiмiздiң қаржы және ақша реформаларын тиiмдi жүргiзiп, ТМД елдерi деңгейiнде елiмiздiң қаржы секторының ең қолайлы реформаланғанын көрсетiп отыр.
Қазақстанның экономикалық потенциялын өзге де шетелдермен салыстырсақ елiмiзде өнеркәсiптi дамытуға барлық жағдайлардың және мүмкiншiлiктердiң бар екендiгi белгiлi. Оларды атап өтсек: шикiзат қорларының молдығы, еңбек ресурстары мен бiлiмдi және интелектуалды мамандардың жеткiлiктiгi, жаңа өндiрiстер құру үшiн аймақтардың кеңдiгi, географиялық жағынан орналасу тиiмдiлiгi (Азия мен Еуропаға қақпа ретiнде болу), iшкi және сыртқы нарыққа шығудағы бiрқатар артықшылықтары – мұның бәрi өнеркәсiп салаларын, соның iшiнде өңдеумен айналысатын кәсiпорындардың алдында жаңа мүмкiндiктер ашады. Әрине, жас отандық өнеркәсiптiң қарқынды дамуына кедергi келтiрiп отырған мәседлелерде жоқ емес. Бүгiнде елiмiзде осы мәселелердi шешу үшiн жан-жақты қызметтер iске асуда. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң дамуында келесiдей басты мәселелердi атап өтсек болады:
- Отандық өнеркәсiп кәсiпорындарының сыртқы және iшкi инвестицияларға мұқтаждығы, мемлекет бюджетiне тәуелсiз даму үшiн өз қаржыларынан құралатын амортизациялық, сақтандыру, резервтiк, даму қорларын құра алмай отырғандығы; сондай-ақ шетелдiк тiкелей инвестициялардың 80% тек қана шикiзат өндiру саласына салынуы, ал бәсекенiң негiзi болып табылатын өңдеушi салаға және ғылыми зерттеу жұмыстарына бар жоғы 15% инвестиция тартылуда;
- Елiмiздiң өтпелi экономика кезiңдегi жекешелендiру мен мемлекет иелiгiнен алуда жiберiлген қателiктер осы кезге дейiн экономика дамуына керi әсерiн тигiзуде;
- Отандық кәсiпорындардағы өндiрiс құрал –жабдықтарының табиғи және моралдық жағынан тозығы жеткен негiзгi қорлардың үлес салмағының 80% көлемiнде болуы;
- Жаңа техника мен технологияны, шикiзат пен комплект бұйымдарын импорттау өндiрiс шығындарының артуына әсерiн тигiзедi, соның салдарынан өнiм бағасы қымбаттап, отандық өнiмдер бәсекеге шыдай алмай отыр;
- Өнеркәсiп салалары арасындағы салааралық, салаiшiлiк компаниялар мен фирмалардың аздығы, кластерлiк жүйенiң толық қанды дамымауы;
Қазақстан Республикасында бүгiнгi таңда экономикалық дамуында ғылымды көп қажет ететiн отандық өндiрiстi дамыту, бәсекеге қабiлеттi өнiмдердi алуға бағдарланған жаңа ақпараттық технологияларды әзiрлеу мен игеру және республиканың өнеркәсiп пен ғылыми-техникадағы әлеуетiн сақтау мен дамыту есебiнен ұлттық экономикалық қауiпсiздiң мүдделерiн қамтамасыз ету Қазақстан экономикасының өзектi стратегиялық мiндеттерi болып табылады.
Қазақстанның ғылыми-техникалық саясаты инновациялық процестердi жандандыруға, жаңа технологиялық құрылымдарды енгiзуге, өңдеушi өнеркәсiптегi жаңа қайта бөлiстердi игеру, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуеттi жандандыруға, ғылым мен өндiрiс арасындағы алшақтықты азайтуға, индустриялық қызметтi ынталандыруға, озық шетел технологиясының нақты трансфертi мен халықаралық стандарттарды енгiзудi қамтамасыз етуге бағытталуы керек.
Ғылыми-техникалық салада кәсiпкерлiк секторды қалыптастырмай инновациялық қызметтi дамыту мүмкiн емес. Соңғы жылдар iшiнде өнеркәiсп өндiрiсi көлемiнде және жұмыспен қамтылу санында шағын бизнес секторының үлесi өзгерiсi шамалы болып отыр және тиiсiнше өнеркәсiпте 2,8-3,2%-ды, ал жұмыспен қамтуда 12,4-14,0% -ды қамтып отыр. Бұл көрсетiлген шамалар индустриясы дамыған елдердегiден бiрнеше есе аз.
Стратегияның негiзгi мақсаты – бәсекелестiкке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсiптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау.
Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес бiз экономиканың шикiзаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустрияландыруының тездетуге, машина жасау мен өнеркөсiп жабдықтарын шығаруды жолға қоюға тиiспiз. Яғни инновация – негiзгi қозғаушы күш болмақ.
Ендi осы тұрақты экономикалық өсудiң бүгiнгi таңдағы ең негiзгi қозғаушы факторы болып отырған Индустриялы-инновациялы даму стратегиясының мақсаты мен мiндеттерi туралы тоқталып өтсем.
Стратегияның басты мақсаты шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу; ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады.
Өңдеушi өнеркiсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды , жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi мемлкеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстанның қазiргi таңдағы экономикасының дамуында мынадай мәселелер орын алуда:
- экономиканың бiр жақты шикiзат бағыттылығы;
- әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi;
- ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы;
- iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика);
- өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде дамымауы;
- кластерлiк желiлердiң дамымауы, яғни кәсiпорындардың бiр орталыққа шоғырланбауы;
- мұнай-газ және кен-металургиялық кешенге жатпайтын экономика саларында негiзгi қорлардың тез тозуы;
- кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалушылығы;
- ғылыми зерттеу және тәжiрибелiк-констукторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi;
- ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстыболмауы;
- Қазақстан кәсiпорындарының негiзгi қорлары құлдырау алдында, өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру;
- кәсiпкерлiк құрылымды қалыптастыру; бәсекелестiк артықшылықты жетiлдiретiн қоғамдық институттарды қамту; қосылған құнға барынша қол жеткiзе отырып, нақты өндiрестерде қосылған құн тiзбегiндегi элементтердi итеру;
- ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа негiзделген өндiрiстер құруды ынталандыру;
- сапаның әлемдiк стандартына көшу;
- дүниежүзiлiк ғылыми – техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экономикамен ықпалдасуды күшейту.
Қорыта келгенде, елiмiзде жүргiзiлген барлық экономикалық шаралар өз өнiмiн берiп, мығым экономикалық өсуге қол жеткiздiк. Ендi өткен шаралардың кемшiлiгiн түзеп, дамыған ел қатарына қосылу үшiн әлем жүрiп өткен жолдарды саралап, ұлттық экономикаға тиiмдi жағын таңдап алу және соған жету үшiн рыноктық қатынастардың заңдылықтарын, қызмет ету механизмiн саралап оларды ұлттық экономика дамуына қолдана бiлсек, бұл бiздiң дамып келе жатқан елiмiз үшiн маңызды болып табылады.
Елiмiздiң экономикаға байланысты рынок құрылымдары күрделене түстi. Олардың iшiнде ұлттық экономикамызда атап өтетiн болсақ, соңғы он төрт жылда экономиканы жекешелендiру толық қанды жүргiзiлдi, соның нәтижесiнде рынокта қызмет ететiн кәсiпкерлiк қызмет даму үстiнде және экономиканың тұрақты және тиiмдi дамуын қамтамасыз ететiн шағын бизнестiң дамуы да жаман емес. Сонымен қатар, елiмiзде бүгiнгi таңда қаржы рыногы өте жақсы дамып, ол ТМД елдерi арасында ең жақсы қалыптасқан және қызмет етiп отырған қаржы нарығы болып табылады.
Тағы да елiмiз экономикасында ауыл шаруашылығын реформалау, олард қолдау шаралары, еңбек рыногының қызметi, бағалы қағаздар рыногы, қор рыноктары тиiмдi даму үстiнде. Сондай-ақ ұлттық экономиканың тұрақты дамуына және елiмiздiң әлем таныған алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылуына ең басты қажеттi саясат ұлттық шаруашлық құрылымының қызмет етуiнiң тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады.
Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз. Осылайша бүгiнгi таңда экономиканың жан-жақты және бәсекеге қабiлеттi дамуы ол бiздiң экономикамыздың қаншалықты рыноктық қатынастарды тиiмдi ұйымдастыруына байланысты болып табылады.
