НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫ ҚОРҒАУ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ІС ТӘЖІРИБЕСІ ЖЕТІЛДІРУДІ ТАЛАП ЕТЕДІ

Қоғамдағы тұтынушылар мен сатушылардың құқығы жайында Түркістан қаласының тұрғындарының назарына ұсынамыз. Тұтынушылар құқығын назардан тыс қалдырмай үнемі жетілдіріп отыру үрдісі тәуелсіз Қазақстанда халық сұранысын қанағаттандырып әлеуметтік саланы жетілдіруге арналған сарабдал саясатынан да көрніс тауып келеді. Әр күн сайын тауар сатып алуға немесе қызмет түрлерін пайдалануға байланысты әр түрлі құқықтық қатынастарда боламыз. Әдетте бұл қолданыстағы тағамдар мен тауарлар сатып алу, ұялы байланысты немесе т.б қызмет түрлерін пайдалану болуы мүмкін. Осындай құқықтық қатынсатарға түсушілер белгілі бір субъективті құқықтарды иеленіп, белгілі бір заңи міндеттерді орындауға тиіс екені аян. Оған мемлекет кепілдік береді. Атап айтқанда Қазақстан Республикасындағы тұтынушылар құқығы ҚР Конституциясымен, ҚР Азаматтық кодексімен, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңымен және т.б. заң нормаларымен реттеледі.

Тұтынушыға моральдық зиянды өндіруге, сатушының, дайындаушының, атқарушының, сондай-ақ басқару органдарының тұтынушылардың белгiсiз бiр тобы жөнiндегi әрекеттерiн құқыққа қайшы деп тануға сот органдары ғана өкілетті.

Сонымен қатар сот органдары осы топтағы азаматтық істерді қараған кезде ҚР «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңның талаптарына сай тәуелсiз болады, яғни қандайда болмасын ведомстволық нұсқаулармен бұғауланбауымен қатар талаптардың қолданыстағы заң нормаларына сай объективті шешілуін қамтамасыз ету мүмкіндігі мол. Көпшілік жағдайда осы ұйым өкілдерінің қолданыстағы заң нормаларынан хабардарлығы, осы саладығы іс тәжрибиелелерін және заңдардың қолданылу тәртібін жеке тұлғаларға қарағанда жетік меңгергендіктері сот процестерінде осы тұрғыдағы азаматтық істерді қарағанда өзінің оң ықпалын тигізуде. Бұдан әрине жеке тұлғалардың өз құқықтарын қорғауға бағытталған әрекеттері мүлдем тиімсіз деген біржақты қорытынды жасауға болмайды. Сот тәжірибесінде жеке тұлғалардың да сотқа жүгініп өз құқығын қорғау фактілері жиі кезеседі. Осындай фактілердің біріне тоқтала кететін болсақ. Тұтынушыға көрсетілетін қызмет түрлерінің заманауи талаптарға сай күнделікті өзгеріп отыруына байланысты, осы қатынастарды реттейтін заңдар да үнемі жаңғыртылып, қайшы келген заң нормалары соған сәйкестендірілуі қажет. Сондай-ақ тұтынушыларға қызмет көрсететін мекемелер мен сатушылардың міндеттері мен жауапкершілігін арттырып, бұны заң нормаларымен бекіту, тұтынушылар құқығын қорғау ұйымымен арнайы оқу-әдістемелік жұмыстарын жүргізуді жолға қою, тұтынушы мен сатушы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жұмыстар атқару қажет. Сот тәжірибесінде бірегей ортақ іс тәжірибе жоқ болғандықтан әзірше осы категориядағы азаматтық істерді оған арнайы дайындықтан өтіп, бейімделген судьялардың қарауын, ал болашақта арнайы мамандандырылған сот органдарының құрылуын қамтамасыз ету. Және тұтынушылар құқығын қорғауға қатысты даулардың сотта қаралу мерзімін шектеу, аталған істерді қарау барысында тұтынушылар қоғамының өкілінің міндетті түрде қатысуын қамтамасыз ету қажет.

Сонымен қатар,азір түрлі дүкеннен, әсіресе базардан не олардың әлеуметтік желідегі парақшасынан «Тауарды кері алмаймыз» деген ескертуді көріп жатамыз.

Қ қанша жерден ескертсе де, дүкеннің аты дүкен ғой. Ал тұтынушы 14 күн ішінде тауарды қайтарып бере алады. Демек «кері алмаймыз» деген практика заңсыз ғой?

Жауап: тауарыңыз қайтарылмайтын заттар тізімінде болмаса, иә, сатушының затты кері алмағаны заңсыз.

Қайтарып беруге болмайтын тауарлар:

— дәрі-дәрмек, медицина бұйымдары;

— ішкиім;

— шұлық-ұйық бұйымдары;

— жануарлар мен өсімдіктер;

— метрлеп сатылатын тауарлар;

— телефон.

Қайтарғыңыз келген тауардың түрі бүлінбеген, сапасы сақталған болуы керек. Жаныңызда чегіңіз болғаны жақсы, болмаса, куәгер сөзі, бейнебақылау жазбалары тауарды сол дүкеннен алғаныңызды дәлелдей алады.  

Тауарды сатып алған күннен бері 14 күн өтпей апаруыңыз керек. Егер алған затыңыз талапқа сай жасалмаған болса, жарамдылық мерзімі өтіп кетсе не біреудің интелект құқығын бұзса, түрі бүлінгені, сапасы сақталмағанына қарамастан 30 күнде қайтарып бере аласыз.  

Ал сатушы оның орнына басқа зат беруге не ақысын толықтай қайтаруға міндетті. Одан бөлек, тауардың сапасы сақталғанын, қолданылмағанын экспертизамен тексерем десе, ақысын өзі төлейді.  

Заңсыз екен, енді затты қалай қайтаруға болады?  

Тауардың ақысын қайтарыңыз не басқа затқа алмастырыңыз, келтірген шығынды өз еркіңізбен өтеңіз деп сатушыға наразылық хатын (претензия) жіберіңіз.

Оны табыс етілгені туралы хабарламасы бар пошта, электрон пошта арқылы жөнелте не қолма-қол тапсыра аласыз.

Сатушы ол хатқа он күн ішінде жауап беруге тиіс. Талабыңызды орындамаймыз десе, тұтынушы құқығын қорғайтын мемлекеттік органдарға, мысалы, Тұтынушы құқығын қорғау комитетіне не сатушы орналасқан ауданның азаматтық сотына барыңыз.

Өтемақы көлемін өзіңіз белгілейсіз. Сатушы ол соманы төлемеймін десе, мәселені сотта шешуге тура келеді.

Одан бөлек, қоғам бірлестіктеріне жүгінсеңіз болады. Олар:

  • Ұлттық тұтынушылар лигасы;
  • «Авантаж» тұтынушы құқығын қорғау қоғамы;
  • «Адал» қоғам бірлестігі.

 Олар атыңыздан сатушыға талап-арыз түсіреді.

Сатып алу-сату шарты бұл мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелгі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі колданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге де түрлерінде, егср біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсак, ерекшеліктер байқалады.Дегенмен, ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережедері ұзақ даму жолынан өткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.

Сатып алу-сату шартына сатып алушы жағына мүлікті меншікке беру шартқа сияқты кезқарас дәстүрлі болып табылады. Қазақстан Республикасының аумағындағы ҚСР Одағының және республикалардың Азаматтық заңдары негіздерінің 1991 жылы күшіне енгізілуіне байланысты аталған шарт мүлікті сатып алушы тарабының меншігіне, толық шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына беретін болып қарастырылады. Мұндай шешімді екі тұрғыда қарастыруға болады. Біріншіден, мемлекеттік кәсіпорын, мекеме қатысуымен сатып алу-сату шартын онда мемлекет аталған субъектілердің мүлікті оның меншігіне алуға келісімін берген шарт ретіндс бағалауға болады, осымен бірге мемлекет аталған субъектілерде тиісті заттық құқықтар найда болуына қарсы емес деп табу мүмкін. Екіншіден, аталған заттық құқықтар мемлекеттік меншікке негізделетін занды тұлғалар меншік иелері ретінде мүлікті сатып ала алуы үшін көлсмі бойынша жеткілікті екенін болжауға болады. Осы көзқарасты қолдасақ, онда осындай мүмкіншіліктер меншік иесінен басқа өзге де заттық құқықтар иелерінде, мысалы, мүлікті сенімгерлікпен басқарушылар да бола алатынын айта аламыз. Осы екі көзқарастар сырттай тек теориялық тұрғыда болып келгеніне қарамастан. оларды одан әрі негіздеу мемлекеттік және оның құрған занды тұлғаларының қарым-қатынастарының тәжірибелік мәселелерін шешуте мүмкіншілік бере алады.

Сатып алу шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті. Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде өкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады. Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме сатып алушы болған уақытта мүлік тиісінше олардың шаруашылық жүргізуіне, жедел басқаруына өтеді. Сонымен қатар, меншік құқығы сатып алушы республикалық немесе коммуналдық кәсіпорын болып келгеніне байланысты мемлекетте немесе әкімшілік аумақтық бірлестікте пайда болады. Бұл мемлекеттік меншік нысанына негізделген занды тұлғалар тек шартты бөлініп шығарылады деген пікірге әкелуі мүмкін. Бірақ бұл (занды тұлға құру) мүлікті бірнеше мақсатта оқшаулау үшін маңызды. Кейде осы жеке меншікке негізделген занды тұлғаларға да қатысты. Мысалы, егер сатып алушы жеке мекеме болып табылса, онда сатып алынған мүлікке жедел басқару құқығы пайда болатыны анық. Атап өтілгендей, сатып алу-сату шарты мүлікті беру бойынша барлық катынастарды қамтиды. Ертеректе бөлек болған тауар жеткізілімі, келісімшарт, энергиямен жабдықтау шарттары қазір сатып алу-сату шартының түр түрлері болып бағаланады. Бұдан басқа, бөлшектеп сатып алу-сату шарты, кәсіпорынды сату шарты қарастырылған. Біздің заңнамада Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінің екінші бөлімінде бекітілген қөзғалмайтын мүлікті сатып алу-сату туралы жалпы нормалар жоқ. Біздің ойымызша, болашақта тауар айналымының кеңеюіне байланысты біздің азаматтық заңнамада да айтылғандай нормалар қажет  болады.  Ал,  негізінен  қандай да  болсын  сатып   алу-сату шартына  ерекше  бөлімде  25-тарауда мазмұнданған жалпы  нормалар тарайды.

Сатып алу-сату шартын меншікке жеке сипаттармен анықталатын заттарды беретін шарт ретінде бағалау (себебі тек жеке сипаттарымен анықталатын заттар ғана меншік құқығының немесе заттық құқықтық нысанасы бола алады) мүлікті құқықтарды сату ерекшелігін ескеруді талап етеді. Бағалы қағаздарды және валюталық құндылықтарды сатып алу-сатуда, егер заңнама оларды сатып алу-сату үшін арнайы ережелср қарастырмаса, жалпы ережелер қолданылады. Соны-мен бірге бөлшектеп сатып алу-сатуға, тауар жеткізіліміне, энергиямен жабдықтауға арнайы нормалар қолданылады. Дегенмен біз жалпы ережелер мәнін төмендетпеуіміз керек, өйткені осылардың көмегімен көптеген даулы жағдайлар шешіледі.

Шарттың өзін сипаттауға көшейік. Сатып алу-сату консенсуалды шарт болып табылады. Ол, екі жақ барлық елеулі жа-дайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап аяқталған (сатып алу-сату шарты жасалған) болып табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі (жасалған сәтінде орындалатын шарттың болуы) бұл ережені өзгертпейді. Сатып алу-сату шарты — ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етеді. Бірқатар жағдайларда сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепе-теңі болып келмейді, бірақ шартта кіріптарлықпен жасалған мәміле көрініс таппауы керек, сол сияқты бағаны қалыптастыру жөніндегі міндетті нормалар да бұзылмауы керек. Оның ақылы мінезін (тепе-тең айырбас ретіндегі) ескеру кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз тұлғалардың құқықтарын қорғау негізінде болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл мемлекеттік мүліктік мүдделерді неше түрлі алаяқтықтардан қорғау үшін де қажет. Кейде сатып алу-сату шарттарын жасағанда ақылылық ережесінен ауытқу да болуы мүмкін (сондықтан тек жартылай ақылылық туралы айтуға болатын шығар). Аталған мөмілелер өзінің заң,тық табиғаты бойынша шартты мәмілелер бола алады. Мысалы, егер сауда кәсіпорны мыңыншы сатып алушыға ірі жеңілдік жасаймын деп жарияласа (мәміле осы жөніндегі шартпен жасалса).

Сатып алу-сату шарты бұл — мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелігі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі қолданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субьект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге де түрлерінде, егер біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсақ ерекшеліктер байқалады. Дегенмен, ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережелері ұзақ даму жолынан өткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.

Сатып алу-сату шартына сатып алушы жағына мүлікті меншікке беру шартқа сияқты көзқарас дәстүрлі болып табылады. Қазақстан Республикасының Аазаматтық Кодексінің 270-бабының 3-ші тармағына сәйкес зат үшінші тұлға меншігіне берілу мүмкіншілігі жоққа шығарылмайды. Қазақстан Республикасының аумағындағы КСР Одағының және республикалардың Азаматтық зандары негіздерінің 1991 жылы күшіне енгізілуіне байланысты аталған шарт мүлікті сатып алушы тарабының меншігіне, толық шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына беретін болып қарастырылады.

Мұндай шешімді екі тұрғыда қарастыруға болады. Біріншіден, мемлекеттік кәсіпорын, мекеме қатысуымен сатып алу-сату шартын онда мемлекет аталған субъектілердің мүлікті оның меншігіне алуға келісімін берген шарт ретінде бағалауға болады, осымен бірге мемлекет аталған субъектілерде тиісті заттық құқықтар пайда болуына қарсы емес деп табу мүмкін. Екіншіден, аталған заттық құқықтар мемлекеттік меншікке негізделетін заңды тұлғалар меншік иелері ретінде мүлікті сатып ала алуы үшін көлемі бойынша жеткілікті екенін болжауға болады. Осы көзқарасты қолдасақ, онда осындай мүмкіншіліктер меншік иесінен басқа өзге де заттық құқықтар ислерінде, мысалы, мүлікті сенімгерлікпен басқарушылар да бола алатынын айта аламыз. Осы екі көзқарастар сырттай тек теориялық тұрғыда болып келгеніне қарамастан, оларды одан әрі негіздеу мемлекеттік және оның құрған занды тұлғаларының қарым-қатынастарының тәжірибелік мәселелерін шешуге мүмкіншілік бере алады.

Қазақстан Республикасының Азаматгық кодексінің 406-бабына сәйкес: «Сатып алу шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптын (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеітенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті». Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде әкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.

Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме сатып алушы болған уақытта мүлік тиісінше олардың шаруашылық жүргізуіне, жедел басқаруына өтеді. Сонымен қатар, меншік құқығы сатып алушы республикалық немесе коммуналдық кәсіпорын болып келгеніне байланысты мемлекетте немесе әкімшілік аумақтық бірлестікте пайда болады. Бұл мемлекеттік меншік нысанына негізделген заңды тұлғалар тек шартты бөлініп шығарылады деген пікірге әкелуі мүмкін. Бірақ бұл (занды тұлға құру) мүлікті бірнеше мақсатта оқшаулау үшін маңызды. Кейде осы жеке меншікке негізделген занды тұлғаларға да қатысты. Мысалы, егер сатып алушы жеке мекеме болып табылса, онда сатып алынған мүлікке жедел басқару құқығы пайда болатыны анық.

Атап өтілгендей, сатып алу-сату шарты мүлікті беру бойынша барлық қатынастарды қамтиды. Ертеректе бөлек болған тауар жеткізілімі, келісімшарт, энергиямен жабдықтау шарттары қазір сатып алу-сату шартының түр түрлері болып бағаланады. Бұдан басқа, бөлшектеп сатып алу-сату шарты, кәсіпорынды сату шарты қарастырылған. Біздің заңнамада Ресей Федерациясынын Азаматтық кодексінің екінші бөлімінде бекітілген қөзғалмайтын мүлікті сатып алу-сату туралы жалпы нормалар жоқ. Біздің ойымызша, болашақта тауар айналымының кеңеюіне байланысты біздің азаматтық заңнамада да айтылғандай нормалар қажет болады. Ал, негізінен қандай да болсын сатып алу-сату шартына ерекше бөлімде 25-тарауда мазмұңданған жалпы нормалар тарайды.

Сатып алу-сату шартын меншікке жеке сипаттармен анықталатын заттарды беретін шарт ретінде бағалау (есбебі тек жеке сипаттарымен анықталатын заттар ғана меншік құқығының немесе заттық құқықтық нысанасы бола алады) мүлікті құқықтарды сату ерекшелігін ескеруді талап етеді. Бағалы қағаздарды және валюталық құндылықтарды сатып алу-сатуда, егер заңнама оларды сатып алу-сату үшін арнайы ережелер қарастырмаса, жалпы ережелер қолданылады. Сонымен бірге бөлшектеп сатып алу-сатуға, тауар жеткізіліміне, энергиямен жабдықтауға арнайы нормалар қолданылады. Дегенмен біз жалпы ережелер мәнін төмендетпеуіміз керек, өйткені осылардың көмегімен көптеген даулы жағдайлар шешіледі. Шарттың өзін сипаттауға көшейік. Сатып алу-сату консенсуалды шарт болып табылады. Ол, екі жақ барлық елеулі жағдайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап аяқталған (сатып алу-сату шарты жасалған) болып табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі (жасалған сәтінде орындалатын шарттың болуы) бұл ережені өзгертпейді.

Сатып алу-сату шарты — ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етеді. Бірқатар жағдайларда сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепе-теңі болып келмейді, бірақ шартта кіріптарлықпен жасалған мәміле көрініс таппауы керек, сол сияқты бағаны қалыптастыру жөніндегі міндетті нормалар да бұзылмауы керек. Оның ақылы мінезін (тепе-тең айырбас ретіндегі) ескеру кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз тұлғалардың құқықтарын қорғау негізінде болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл мемлекеттік мүліктік мүдделерді неше түрлі алаяқтықтардан қорғау үшін де қажет.

Кейде сатып алу-сату шарттарын жасағанда ақылылық ережесінен ауытқу да болуы мүмкін (сондықтан тек жартылай ақылылық туралы айтуға болатын шығар). Аталған мәмілелер өзінің зандық табиғаты бойынша шартты мәмілелер бола алады. Мысалы, егер сауда кәсіпорны мыңыншы сатып алушыға ірі жеңілдік жасаймын деп жарияласа (мәміле осы жөніндегі шартпен жасалса). Бір біріне қарсы бағытталған екі тараптың субъективтік құқықтары мен міндеттері сатып алу-сату шартын өзара шарт ретінде сипаттауға мүмкіндік береді. Әңгіме шарттың мәнін құратын құқықтары мен міндеттері туралы болады. Құқықтар мен міндеттердін көмекші мөлшері екі жақтықтан ауытқу болуы да мүмкін.

Сатушының міндеттері. Сатушы сатып алушыға шартпен белгіленген тауарды беруге міндетті. Мұнда негізгі талаптар болып мыналар саналады: тауардың атауы, сапасы, саны (көлемі). Сапаға қатысты талаптар сатып алу-сату туралы нормалармен шарттың елеулі жағдайларына жатқызылмағанына қарамастан осы үш талапты да сатып алу-сату шарттары бойынша міндетті деп тануға болады. Әрбір жекелеген жағдайда тауар атауына, сапасына, санына (көлеміне) қатысты талаптар өзгеріп тұрады. Сапа бойынша талаптар шарттардың өздерімен емес, тікелей заңнама нормаларымен анықталуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *