ТҮРКІСТАН: АДВОКАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Түркістан облысы тұрғындарының назарнына қоғамдағы Адвокаттардың құқықтары мен міндеттері жайлы ақпараттарды ұсынғымыз келеді. Адвокатура  –  сотқа өз тарапынан көмек  ретінде құрылған мекеме екендігін түсіндіреміз. Сотта іс жүзінде адвокаттар әділдікті орнатуға көмек береді. Адвокатура тұрғындарға  заңды көмек беретін қоғамдық ұйым болып табылады. Әрбір адвокат көмек сұрап  келген тұлғаның құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін шақырылған тарап болып  есептеледі.

Кез келген ұйымның, құрылымның міндеттері бар, сол  сияқты адвокатураның да, заң негізінде  қызмет ететін қоғамдық ұйым ретінде  өзіндік міндеттері бар, олар келесідей  көрініске ие:

Азаматтар мен заңды ұйымға қылмыстық істер бойынша заң тұрғысынан көмек көрсету;

Азаматтар мен заңды ұйымдарға азаматтық, әкімшілік және т.б істер бойынша өкілеттілік арқылы заңи көмек көрсету;

Азаматтар мен заңды ұйымдардың мемлекеттік билік пен басқару органдарында және басқа да тұлғалар алдындағы құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен білдіруге көмек көрсету.

Адвокаттық  қызметтің құқықтық негізі “Адвокаттық  қызмет туралы” заңның 2-ші бабында  бекітілген. Олар адвокаттық қызмет туралы заңынан және басқа да жандардан  тұрады. Адвокатураның Қазақстан Республикасының қызметінің ұйымдық негізі – адвокаттар алқасы болып табылады. Бұлар он құрылтайшының  басымылығы бойынша, ауқымдық белгілер бойынша құрылыды. Адвокаттар алқасын  құруға  мемлекеттік рогендердің  арнайы рұқсаты талап етілмейді.Адвокаттар  алқасы адвокаттық қызметпен шұғылданатын адамдардың ерікті бірлестігі болып  табылады. Адвокаттар алқасы заң бойынша  коммерциялық емес, дербес, мамандандырылған, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі  қаржыландыратын адвокаттардың  ұйымы болып табылады.Адвокаттар  алқасы азаматтар мен заңды тұлғаларға мамандандырылған заң жүзінде көмек көрсету үшін, адвокаттардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру мен қорғау үшін, Қазақстан Республикасының “адвокаттық қызмет туралы” Заңында белгіленген т.б. қызметтерді жүзеге асыру үшін құрылады. Облыс, республикалық маңызы бар қала, республика астанасының аумағында бір адвокаттар алқасы құрылып, қызмет істей алады.Адвокат алқаларының қызметін белгілейтін  негізгі құжат адвокат алқаларының  жалпы жиналысында қабылданған  оның жарғысы болып табылады.

Адвокаттық қызметінің ұйымдық нысаны

Адвокаттық  қызметінің ұйымдық нысаны:заң консультациясы (кеңестері);адвокаттық кеңселер (конторы);заңды тұлғаны тіркемей-ақ жеке-дара  адвокаттық кеңес құру. Адвокаттық  қызметтің ұйымдық нысанына қарамастан барлық адвокаттар аумақтық сипатына қарай адвокаттар алқасына біріктірілген. Адвокаттық кеңселер адвокаттар алқасының мүшелерімен, өз бастамалары   бойынша және өз қаражаттары есебінен құрылады. Адвокаттың адвокаттық кеңсені құру мақсаты – өзінің қызметін материалды, ұйымдық-құқықтық жағынан қамтамасыз ету болып табылады.Адвокаттық кеңселердің қызметін осы кеңсе орналасқан аумақтағы адвокаттар алқасы қадағалайды. Өз міндеттерін  орындау барысында адвокат сотта  күннен-күнге дейін азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін  қорғау үшін қызмет жасайды. Адвокат  – заңдылықтың нығайтылуына жәрдем беретін, сонымен қатар жоғарыда айтылып кеткен қызметі жүзеге асыратын қоғамдық қызметкер. Адвокаттың  мақсаты азаматтарға заңды көмек  көрсетуден тұрады.Шарттың жасалуы мен бұзылуын, сотта өкіл болу мен алдын – ала тергеуден өтетін  айыпкерді сотта қорғауды, заңды  сауал беретін мекемелерге беретін  құқықтық кеңестен туындайтын көмектен құрылады.

Адвокаттар мынадай заңдық көмек  көрсетеді:Заңдық мәселелер бойынша кеңестер мен түсіндірмелер, заң нормаларына ауызша және жазбаша анықтамалар береді;Арыздар, шағымдар мен заңдық сипаттағы басқа да құжаттар жазады;Азаматтық істер бойынша және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сотта және т.б. мемлекеттік органдарда әділдікті жүзеге асырады;Алдын ала тергеуге, сотқа қорғаушы, жәбірленушінің, азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкердің өкілі ретінде қатысады. Адвокаттық  қызметті бір мезгілде мамандырылған  және қоғамдық қызметке бөлу қажеті жоқ. Адвокаттың бүкіл қызметі – оның қоғамдық қызметі. Адвокатты әр уақытта  заңның түсінігін  әділ де, талаптарға сай түсіндіру керек

Заң кеңестері (юридические консультации) аумақтық принцип бойынша адвокаттар алқасының  Төралқасымен ауданда (қалада) құрылады. Заң кеңестері заңды тұлға  болып табылмайды, адвокаттар алқасының  жалпы жиналысы қабылдаған ереже  негізінде қызметін жүзеге асырады. Заң кеңестері адвокаттар алқасының  құрылымдық бөлімшесі (филиалы) болып  табылады да, заң жүзінде көмек  көрсету бойынша жұмысты ұйымдастырады. Заң кеңесін адвокаттар алқасы төралқа  тағайындаған меңгеруші басқарады.

Жалпы сауал  бойынша адвокаттың міндеттері  Қазақстан Республикасының “Адвокаттық  қызмет туралы” заңның 15-ші бабында  көрсетілген  6-шы тармақтың жалпы  сипаттамасы. Ең басты міндеті: біріншіден, адвокат заң талаптарын орындауға, адвокатураны ұйымдастыру мен оның қызметінің қағидаларын басшылыққа алуға, кәсіптік мінез-құлық нормаларының талаптары мен адвокаттық құпияны сақтауға және заң көмегін көрсетуге байланысты өзіне мәлім болған мәліметтерді құпия сақтауға міндетті. Екіншіден, іс бойынша көмек сұрап өтініш сұраған адамның жағдайын нашарлататын құқықтық позиция ұстауына тыйым салынады, адвокаттың қылмыстық іс бойынша қолданған тапсырмалардан бас тартуға құқылы жоқ және ол қорғалатын адамның немесе адамның өзінің көзқарасы бойынша әділетсіз үкім  шығарылған жағдайда оған берілен тәртіппен шағым жасауға міндетті. Үшіншіден, адвокатқа мемлекеттік қызметкер болуға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметтен басқа өзге де ақы төленетін қызметпен айналысуға тыйым салынады. Жалпы азаматтың  отбасылық, тұрғын үй, еңбек және әкімшілік  заңдарымен реттелетін қатынастардың  күрделілігі, сондай-ақ, азамат өзінің субъективтік құқықтарын толық жүзеге асыру  және қорғау үшін заң нормаларын, оларды қолдау тәртібін тиісті дәрежеде білмеу кәсіби заңгер – адвокаттық билік көмегін сұрауға итермелейді. Ал адвокат заңда көрсетілген барлық құралдар мен әдістерді қолданып, азаматтың құқықтары мен мүддлерін қорғаудың ең тиімді жолдарын таңдап, сапалы заң көмегін көрсетуге тырысады және ол оның басты міндеті болып табылады. Атап айтқанда, адвокаттар – заң сұрақтары бойынша, кеңестер беру, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар мен азаматтардың тапсырмасы бойынша сотта өкілдік ету, азаматтық істер бойынша сот өндірісіне талапкердің жауапкер және басқа да тұлғалардың өкілі ретінде қатысуы сияқты басқа да заң көмегін көрсетуді соның ішінде заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын дайындау, шарт жасау және т.б.

Адам құқығын қорғау заңгерлердің басты міндеті. Ол мейлі адвокат болсын, прокурор, полицей қызметкерлері, тіпті сот болса да адам құқығы мен бас бостандығының жауапкершілігі заң органдарының мойнында. Қазіргі уақытта шыны керек айналамызда жан түршігерлік қылмыстардың саны көбейіп кетті, қай кезде болмасын теледидарды, телефонды аша қалсаң екі жаңалықтың біреуі қылмыс. Адам өлтіру, ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылық. Ер адамдардың өз әйелін өлтіруі, ұруы, әйелдердің баласын тастап кетуі, одан бөлек қазір жастардың арасындағы қылмыс жасау кеңінен белең алып кетті. Өмірге көзқарастары толық қалыптаспаған жастардың арасында қылмыстың жасалуы шыны керек жиі кездеседі. Адам баласын қылмыс жасауға криминалдық немесе зорлық-зомбылық көріп өскен ортада өмір сүруі де ықпал ететіні анық.

Адвокатура, адвокат деген не дегенде ең бірінші не ойлайсыз? Күмәндіні қорғау ма мүмкін сотта жеңіп шығуды көздеу шығар.  Бірақ заң тұрғысынан адвокатура Қазақстан Республикасындағы адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сот арқылы қорғауға және заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтарын іске асыруға жәрдемдесуге, сондай-ақ дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесуге арналған. Ал, адвокат деген – жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы адвокат болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *