
Бүгінде Түркістан қаласының Полиция басқармасының қызметкерлері қала халқының тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін жүйелі жұмыстар атқаруда. Соның ішінде тұрғындардың, ана мен баланың құқығын, жасөспірімдердің құқықтарып қорғап, олардық құқықбұзушылықтарын анықтау мақсатында, алдын алу үшін ттынбай жұмыс атқарып, сүбелі кездесулер өткізуде.
Түркістан қаласы Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жанаев Бауыржан Даулетханұлымен жергілікті полиция ұжымының тыныс-тіршілігі және де «Түркістан – қауіпсіз қала» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар жайында кең көлемді әңгіме жасадық.
— Бауыржан Даулетханұлы, полиция қызметкерлерінің басты мақсаты – ел тыныштығы, қала көркі мен қауіпсіздігін сақтау, халықтың береке-бірлігіне сыз түсірмей, елге қызмет ету деп ойлаймын. Осы орайда полиция қызметкерлерінің басты парызы туралы айта кетсеңіз?
— Полиция – әрқашан мемлекеттің тірегі, әділеттілік пен тәртіптің айнасы, еліміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің кепілі болуы қажет. Отанға деген адалдық пен шаңырақ шаттығын таразы басында тең ұстау, береке мен бірлікті сақтау – бүгінгі полиция қызметкерлерінің басты парызы.
Қадым заманнан бері, азаматтық ерлік пен жауынгерлік сияқты, қасиетті Түркістанның тыныштығы мен бейбіт өмірі ел сақшысы – полиция қызметкерлерінің қолында. Оның дәлелі, елге қауіп төндірген «Қаңтар оқиғасы» кезінде жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының үйлесімді жұмысының нәтижесінде, қала аумағында жаппай тәртіпсіздік пен тонаушылықтың алдын алып, қоғамдық-саяси ахуалдың шиеленісуіне жол берілген жоқ. Түркістанның төрт бұрышын бүлікшілерге бүлдіртпей, дос-дұшпанға күлкі етпей, сақтап қалды. Бұл да біздің полиция қызметкерлерінің ерлігі деп те атап айтуға болады.
— Бауыржан Даулетханұлы, Түркістанды рухани, қауіпсіз қалаға айналдыру жолында ауқымды жұмыстар атқарып жатыр екенсіздер. Осы жайында кең көлемді әңгімелеп берсеңіз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтып кеткендей, «Түркістан еліміздің Рухани – тарихи елордасы деген атағына лайықты болуға, Түркістанды бірге қауіпсіз қалаға айналдыру басты мақсатыңыз туралы айта кетсеңіз.
— Полиция қызметкерлерінің қай-қайсысы да елге тұтқа, жапа шеккенге пана, есесі кеткеннің еңсесін тіктеуші, қорғаушысы.
Қаз дауысты Қазыбек бидің тілімен айтқанда «Елімізден құт-береке қашпасын деп, Жеріміздің шетін жау баспасын деп», – күндіз-түні тынымсыз еңбек етіп жүргендерін ел-жұрт жақсы біледі.
Рухани астанамыз Түркістан қаласын «Рухани, қауіпсіз қалаға» айналдыру жолындағы басты мақсатымыз – құқық бұзушылыққа жол бермеу және алдын алу.
— Түркістан қаласы Полиция басқармасының жеке құрамымен қала аумағында құқық бұзушылық профилактикасы бағытында атқарылған жұмыстары мен «Түркістан – қауіпсіз қала» бағдарламасының орындалуы мақсатында қандай іс-шаралар атқарылды?
Ағымдағы жылдың басынан бастап қазіргі таңға дейін, Түркістан қаласы аумағында жалпы 758 (2021 ж – 735) қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелді.
Түркістан қаласы Полиция басқармасының жеке құрамымен күнделікті қала аумағында жүргізілген профилактикалық жұмыстардың барысында қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 232-ден 231-ге төмендеді.
Сонымен қатар, барлық аса ауыр және ауыр қылмыстар 290-нан 256-ға, оның ішінде, ауыр қылмыстар 274-тен 248-ге, ал аса ауыр қылмыстар 16-дан 8-ге төмендеген.
Қасақана кісі өлтіру, зорлау қылмысы, қарақшылық қылмысы, тонау қылмысы, ұрлық қылмысы, қорқытып алу қылмысы, отбасы-тұрмыстық қатынас аясында жасалған қылмыстар төмендегенін атап айтуға болады.
Яғни, күнделікті учаскелік полиция инспекторларымен жүргізілген профилактикалық жұмыстардың барысында ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабында (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) көрсетілген құқық бұзушылықтарды жасаған үшін 402 (2021ж-288) тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қорғау нұсқамасына 363 (2021ж-301) тұлға, сот арқылы ерекше талап қойылғандар 47 (2021ж-41) тұлға Басқарманың профилактикалық есебіне алынып, олармен бақылау жұмыстары жүргізілуде.
Жасөспірімдермен жасалған қылмыстар төмендеген.
Ағымдағы жылдың басынан бастап жасөспірімдермен жасалатын қылмыстарды алдын алу мақсатында, прокуратура, қалалық әкімшілік, білім бөлімімен бірлесіп, «Балалардың жол қауіпсіздігі», «Жасөспірім», «Абайлаңыз балалар», «Түнгі қаладағы балалар» атты рейдтік іс-шаралары өткізілді. Сондай-ақ түнгі рейдтік іс-шаралар күнделікті жүргізілуде.
Нәтижесінде, 935 (2021ж-930) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жасөспірімдер анықталып, олардың ата-аналарына әкімшілік шаралар көрілді.
Соның салдарынан, қазіргі таңда көптеген сауда орындары заңмен белгіленген тәртіпте алкоголь өнідмерін өткізуде, яғни сағат 23:00-ден келесі күнгі 08-00 дейінгі аралықта, ал этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткізу тәртібі орнатылуда.
Ол дегеніміз мас халде жасалған қылмыстардың масаң күйде және түнгі уақытта спирттік ішімдіктерге қол жетімділігін қысқарта алдық.
Ал, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) жалпы 1145 (2021ж-1120) құқық бұзушылықтар анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл бағытта профилактикалық жүмыстар жалғасуда.
Қала аумағында қылмыстың алдын алу, оның жолын болдырмау және «Түркістан – қауіпсіз қала» бағдарламасын жүзеге асыру барысында өзімнің ұсынысыммен Түркістан қалалық прокуратура және жергілікті әкімшілік қызметкерлерімен бірлесе, Түркістан қаласының «Ақсақалдар кеңесі», «Спорт шеберлері», «Құқық бұзушылыққа бейім оқушылар», «Бұрын сотты болғандар», «Кәсіпкерлер», «Автобус жүргізушілері», «6-шы Сектор», «қала белсенділерімен» және кездесулер өткізілді.
Түркістан қаласы «Керуен» сарай комплексінде жыл басынан бері, аптаның әр жұма, сенбі және жексенбі күндері үзіліссіз, Түркістан облысы аудандарының ұйымдастырумен 59 концерттік және Қазақстан Республикасының эстрада жұлдыздарымен, Түркістан қаласы «Керуен» сарай комплексінің «Шоу Арена» залында барлығы 14 «Гала» концерттік іс- шаралары өткізіліп отырды.
Бұдан белек, Түркістан Арена спорттық комплексінде жыл басынан бері, аптаның сенбі және жексенбі күндері, Қазақстан Республикасы «Футбол» командалары арасында 25-рет жоғары лига ойындары, 1-рет «Вело марафон», 2-рет «Триатлон», 2-рет «Қазақстан Барысы» іріктеу жарысы және «Алаш Прайд» ережесіз жекпе-жек спорттық іс шарасы және күзетілетін тұлғалардың қаламызға іс-сапармен келіп кетуі кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамассыз етуде атқарылған жұмыстары нәтижесінде ешқандай құқық бұзушылықтарға жол берілмеді.
Түркістанды қауіпсіз қалаға айналдыру мақсатында, жыл басынан бері қала көлемінде, күнделікті рейідтік жұмыстардан белек, әр аптаның жұма және сенбі күндері Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерімен-«бір нүктелік» жедел профилактикалық рейдтік іс-шарасы 54 – рет өткізіліп, өз жалғасын табуда.
Түркістан қаласы Полиция басқармасының жеке құрамымен қала көлемінде қылмыстық (Алаяқтық, интернет алаяқтық, ұрлық, тонау және т.б) қүқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында билборттар, брошюралар, ескертпе парақтары таратылды, телеарна және әлеуметтік (фэйсбук, инстаграмм) желілері арқылы бейне роликтер кеңінен жариялымға шығуда.
Былтырғы жылы, Түркістан қаласы Полиция басқармасының штаттық бірлігі 307 қызметкерді құраса, ағымдағы жылдың екінші жартысында қосымша 195 штаттық бірлік, яғни 145 патрульдік полиция батальонына және 50 учаскелік полиция инспекторларына берілді.
Барлығы 502 қызметкер болса, оның ішінде саптық қатарда жүргендер саны 340, ал бос лауазымдар саны 162. Аталған штаттық бірліктерді толықтыру жұмыстары жүргізілуде.
Басқармада жалпы 68 арнайы қызметтік автокөліктер болса, оның 27-сі биыл берілген жаңа автокөліктермен қамтылған.
Атап айтар болсақ, (ППБ-25; УПИ-21; ЮПТ-4; ӘПБ-3; Кезекші бөлім-4; Өзге қызметте-9).
Патрульдік полиция батальонында күндізгі ауысымға 12 бағыт, ал түнгі ауысымға 10 бағытта қызмет атқарады.
Сонымен қатар, Түркістан қаласы аумағында 9 учаскелік әкімшілік аймаққа бөлінген, оның 8 учаскелік тірек пункті бар, яғни қосымша 8 учаскелік тірек пунктін салуға және барлық учаскелік тірек пунктеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, стандартқа сәйкестендіруді қажет етеді.
Қазіргі таңда, Түркістан қаласы бойынша 33 жалпы орта мектебі, Н.Назарбаев атындағы республикалық инновациялық және Түркістан облысына қарасты «Дарын» мектептептеріндегі бейнебақылау камералары Полиция Департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған. Онымен қоса, 20 зияткерлік бастауыш мектептерінің бейне камераларын, жедел басқару орталығына «интеграциялау» қосылуын және барлық білім беру мекемелерін «Мамандандырылған күзет» қызметкерлерімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
