Түркістандық тұрғындарға құқық тақырыбында бірнеше танымдық ақпараттар ұсынған болатынбыз. Негізгі өзекті тақырыптардан бөлек, құқықтық сана туралы ақпараттық мақалаларды да бөлісуді жөн санаймыз. Әсіресе, қазіргі таңда біздің қоғамда әр адамның өз құқығын білуі өе маңызды мәселеге айналуда.
Құқықтық сана-сезімнің негізгі функциялары: бірінші – халықтың құқықтық білімін арттыру; екінші – сана-сезімді дұрыс дамыту үшін тәжірибелік жұмысты жақсарту; үшінші – қоғамдағы қатынастарды реттеуді, басқаруды жақсарту үшін адамдардың сана-сезімін көтеру. Құқықтық сана-сезім нормативтік актілердің негізгі, қоғамдағы қатынастарды дұрыс реттеуші, басқарушы күш. Ол құқықтық нормалардың дұрыс дамуына, дұрыс орындалуына және оның болашағын дүрыс болжауға ете зор әсер етеді.
Құқықтық сана-сезімнің ерекшеліктері:құқықтық сана-сезім қоғамдағы тек нормативтік актілер мен құбылыстарды, қатынастарды бейнелейді. Ол жаңа нормалардың қабылдану және олардың процесін қамтиды. Саяси, моральдық, ұлттық т.б. көзкарастар құқықтық сана-сезімге әсер етіп, құқықтық нормалардың дұрыс дамуына, орындалуына ықпал етеді;қоғамның даму процесін, құбылыстарын сана-сезім құқықтық тұрғыдан сезініп, сол позициядан қорытынды тұжырымдар жасап, баға береді. Мысалы: құқықтық қатынас, құқықтық жауапкершілік, құқықтық тәртіп т.б.
Қоғамдағы құқықты дамыту үшін, заңдылықты, тәртіпті қатаң сақтау үшін құқықтық сана-сезімнің маңызы өте зор. Бұл сана-сезімді қоғам көлемінде дамыту керек, әсіресе заңгерлердің, органда қызмет атқаратын азаматтардың білімі, тәжірибесін, сана-сезімін көтеруді қажет етеді. Сонда ғана қоғамда заңдылық, құқықтық тәртіп болады.
Халықтың, әсіресе, заңгерлердің белсенділігі үш түрлі, үш деңгейде болады: біріншісі – құқықтың субъектілері өзара қатынасты тек дұрыс басқарып, жаңалыққа ұмтылмау – сылбыр, енжар деңгейі; екіншісі – эвристикалық деңгей – құқықтың субъектілерінің жаңалыққа талпынып, мәселені шешудің жаңа жолдарын табу; үшіншісі – интеллектуалдық деңгей – жаңалықты ашуда үзілістің болмауы, жоғары дәрежеде белсенділікті көрсету. Белсенділіктің соңғы екі түрі Құқықтық сана-сезімнің дамуына өте зор әсер етеді.Құқықтық сананың мазмұны әр таптың, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени, өмірінде алатын орнына байланысты. Құқықтық сана халықтың саяси және құқықтық жауапкершілігін арттырады, өздерінің заңдарда көрсетілген құқығы мен міндеттерін адал орындап отыруына, мемлекет және еңбек тәртібін қатаң сақтауға зор үлес қосады.
Қоғамдық сана-сезімнің басқа нысандарына қарағанда құқықтық сана адамдардың ой-өрісіне, рухани ойлану процесіне өте зор әсер етеді. Себебі құықтық қатынаста адамдар нормативтік актілерді бұлжытпай орындаулары керек, екі жақты құқық пен міндет бар, дұрыс орындалмаса жауапкершілік бар. Сондықтан құқықтық қатынастардың субъектілеріне түсетін ауыртпашылық айтарлықтай мол.
Құқықтық сана-сезім өзінің құрылымы жағынан екі түрге бөлінеді: Құқықтық идеология және құқықтық психология. Құқықтық идеология дегеніміз – қоғамдағы құбылыстарды, қатынастарды құқық тұрғысынан ғылыми жүйеге келтіру. Құқық жөніндегі пікірлер мен көзқарастар белгілі бір жүйеге түсіріліп, ғылыми негізде дәлелденген күйде болады. Бұл идеологияны қалыптастыруға заңгерлер, саясатшылар, экономистер, философтар, тарихшылар т.б. мамандар қатынасады. Құқықтық идеология қоғамдағы әр бағыттағы, әр саладағы мақсаттарды біріктіріп, дамытадыҚұқықтық мәдениеті нашар дамыған адам тек заңның өрескел бұзылған жағдайына ғана оған зейін аударады да, құқықтық талаптарды мойындамаған көп жағдайларды байқамайды. Заңды білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайды. Құқықтық мәдениет адамнан жан-жақты құқықтық білімдерді талап етеді. Адамның құқықтық мәдениеті – күрделі құбылыс. Бұл құбылыс қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді. Ең бастысы адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал жасайтын тәрбие құралдарының бірі – орынды тәртіп және мінез-құлық тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы.Начало формы
Құқықтық психология дегеніміз – қоғамның құқықтық сезімін, ақыл-ойын, әдет-ғұрып, дәстүрін біріктіру. Жеке адамдардың, қоғам мүшелерінің әр түрлі топтарының санасында – заңдарға олардың қолданылуына байланысты туған әсерлер, көңіл-күйі және сезімдер жатады. Қоғамдық көлемде осы мәселелерді біріктіріп дамытып, халықтың сана-сезімін көтеріп, демократияны нығайту, құқықтық мемлекет қалыптастыру. Құқықтық сана-сезімнің жүйелері мен түрлері:Қатынастың субъектілеріне қарай құқықтық сана-сезім үшке бөлінеді: жекелік, топтық, қоғамдық сана-сезім. Егерде топтың, басым көпшілігінің сана-сезімі өте жақсы дәрежеде болса, онда бұл топтан жақсылықты күтуге болады. Топтың көпшілігінің, керісінше, сана-сезімі нашар болса, ол топтан жақсылық күтуге болмайды.Осы әдіс-тәсілмен қоғамның сана-сезімінің дәрежесін, деңгейін білуге болады. Сол арқылы қоғамның қай саласында, адамдардың қандай тобына жұмыс жасау бағытын анықгауға болады. Осылай қоғамның сана-сезімін реттеп, басқарып отыруға болады.Мазмұнының тереңдігіне қарай құқықтық сана-сезім тағы да үшке бөлінеді: күнделікті құқық саналығы, кәсіпқойлық құқық саналығы, теориялық құқық саналығы. Адамдардың күнделікті құқықтық сана-сезімі олардың рухани, парасаттылық, инабаттылық, өмір тәжірибесі арқылы қалыптасады.
Кәсіпқойлық құқық саналығы қоғамның әр саласында жұмыс істейтін заңгерлердің тәжірибесі арқылы қалыптасады. Олардың құқықтық білімі де, тәжірибесі де мол болғандықтан сана-сезімдері көпшілігінің жоғары дәрежеде болады. Сондықтан құқықтық нормалар дұрыс орындалып, заңдылық, құқықтық тәртіп жақсы дамиды.
Теориялық құқық саналығы қоғамдағы заң ғылымының жан-жақты, жақсы дамуы арқылы қалыптасады. Жақсы дамыған заң ғылымы қоғамның сана-сезімнің дәрежесін, деңгейін көтереді, сол арқылы құқықтың жақсы дамуына зор әсер етеді.
Құқықтық сана-сезімнің бұл жүйелері мен түрлерінің қоғамда атқаратын жұмыстары өте зор. Олар бәрі бірігіп құқықтық нормаларды өмірге әкеледі, оны дамытады, олардың дұрыс орындалуына жан-жақты үлес қосады. Қоғамдағы құқықтық саналықтың деңгейі неғұрылым жоғары болса, соғұрлым заңдылық та, құқықтық тәртіп те жақсы дамиды.
Құқықтық сананың субъектілері, әлеуметтік тұрғыдан бірнеше түрге бөлінеді:жеке адамның құқықтық санасы есін білгеннен қалыптаса бастайды; ұжымдық құқықтық сана. Әр ұжымның қызметінің ерекшеліктеріне байланысты ұжымдық-құқықтық сана-сезім қалыптасады; қоғамдық құқықтық сана. Адамдар жасына, жынысына, ұлтына, әлеуметтік жағдайына, байланысты сан алуан бірлестіктерге бөлінеді. Әр топтың ерекшеліктеріне байланысты құқықтық ой-санасы, көзқарасы қалыптасады.Халықтың құқықтық санасы. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің, бірден-бір бастауы, қайнар бұлағы. Демек, халықтың да құқыққа өз көзқарасы, сана-сезімі бар.
Құқықтық сананың тарихи даму кезеңдері мен типологиясы жобамен төрт дәуірге бөлуге болады: көне дәуір, орта ғасырлар, жаңа кезең және қазіргі заман.
Көне дәуірде ешқандай құқықтық сана деген жеке заңды ұғым болған жоқ. Орта ғасырларда да құқықтық сана толық қалыптасқан жоқ, аздап бұл туралы пікірлер, зерттеулер болды.
XVI-XVIII ғасырларда көптеген пікірлер, ғылыми зерттеулер өмірге келді. Қоғамдық ғылымдардың алдына көп талаптар қойылды: демократияны дамыту, абсолюттік монархияны жою, мемлекеттік билікті бөлу, адамдардың табиғи бостандықтарын, құқықтарын шектеуге жол бермеу т.б.
Қазіргі заманда құқықтық сана өмірде де, ғылымда да жан-жақты зерттеліп қоғамның, мемлекеттің дамуына зор үлес қосуда, мемлекеттік аппарат күрделі дамуда, заң шығармашылық процесс сапалы жұмыс жасап, қоғамдағы барлық қарым-қатынастарды реттеп, басқаруда.
Сонымен, құқықтық сана – қоғамдағы құқықтық құбылыстарға адамдардың, сезімдерінің, әсерлерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі; ол заң шығарудың, нормативтік актілердің дұрыс орындалуының, құқықтың сапалы дамуының негізгі шешуші механизмі деуге болады.