ТҮРКІСТАН: АНА МЕН БАЛА ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЛАДЫ?

Елімізде ана мен баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – мемлекетіміздің әлеуметтік-құқықтық саясатының басым бағыттарының бірі болып саналады.

Себебі, мемлекеттің ең басты қазынасы – адам екендігі Қонституцияда анық жазылған. Сонымен қатар, балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі болғандықтан, олардың құқығы қорғаулы тиіс. Және қоғамның әлсіз қорғалған өкілдері және олар ерекше қорғауды қажет ететіндіктен, ол сәбиді мемлекет өз қамқорлығына алады.

Қазақстан аумағында балаларды тәрбиелеудегі қатынастарды реттеуде  – Қазақстан Республикасы Азаматтық-процестік кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексін, «Бала құқықтары туралы» Заңын басшылыққа алады.

Аталған нормативтік құқықтық актілерде балалардың әлеуметтік және материалдық құқықтары анықталған.

Бұл заңда балалар мүддесіндегі мемлекеттік саясат мақсаттары, олардың негізгі құқықтары мен міндеттері жазылды. Баланың отбасындағы қарым-қатынасына, бала мен қоғамға, мүгедек баланың құқықтарына және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарына бөлек тараулар арналған.

Мемлекеттік саясаттың балалар мүддесі үшін балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды кемсітушілікке жол бермеу, құқықтары бұзылған жағдайда қалпына келтіру, бала құқықтары кепілдіктерінің құқықтық негіздерін қалыптастыру және балалардың дене бітімі, зияткерлік, рухани және өнегелік жағынан дамуына жәрдемдесу сияқты негізгі мақсаттарды айқындаған.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев отбасылық-демографиялық ахуалға алаңдаушылық тудырып, отбасындағы балалардың қауіпсіздігі мен құқығын қорғау мәселесі өзекті екенін атап өтті.

Аналардың құқықтарын қорғау назардан тыс қалған емес. Еліміздегі гендерлік стратегия, жүктілік пен босану, еңбек демалысына әлеуметтік қолдау, құқықтық және медициналық көмек, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес, отбасын қолдау және дағдарыс орталықтары іске асырылуда.

Бүгінгі зайырлы, құқықтық мемлкетімізде аналардың сапалы білім алып, түрлі салада қызмет жасап, мансаптық тұрғыда көтерілуіне, балалардың тегін білім алу құқығын ешкім де шектей алмайды.

Отбасында баланың өміріне ең бірінші жауапты тұлға – әке мен ана, кез-келген ата-ана өмірге әкелген баланың өмірі мен денсаулығына, қауіпсіздігіне тікелей жауапты.

Алайда, неке бұзылған жағдайда, ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға міндетті және ерлі-зайыптылардың біреуі бұрынғы жұбайынан алименттер өндіріп алуға талап қою арызымен сотқа жүгінуге болады.

Бүгінгі күні кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты, жекелеген жағдайларды қоспағанда, ешқандай тарап алимент төлеу жөніндегі міндеттерден босатылмайды.

Ана – бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Дана Абай бабамыз қазақ әйелінің, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, «Адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтімен жаралған» – деген ғұламалық ойды тарата келе, осы қасиеттің міндетті түрде тәрбиеленуі туралы айтады.
Тәрбиенің негізі «ананың әлдиінен» басталады емес пе? Ана тәрбиесі ұлылық дәнін себеді. Тәрбиелі анадан – тәрбиелі бала өсіп шығады. Сонғы жылдары отбасында, қоғамда ер адамдардың, әкелердің рөлі төмендегендей. Бұған кейде заманды да кінәләп жатамыз. Әрине, бала тәрбиесіндегі әкенің орны бөлек, әсірессе, ер бала тәрбиесінде. Әкенің қатаң талабын, тәрбиесін көрген бала ертең қоғамда да өз отбасында да шешуші тұлға бола алады. Кавказ халықтарында: «Нағыз жайлы орын: қылышқа – қынабы, отқа – шырағы, ер жігітке – өз үйі» – деген тамаша нақыл сөз бар.
Қазақстан Республикасының Ата Заңыңда «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиги құқығы, әрі парызы» -делінсе, «Қазақстан – 2030» бағдарламасында: «Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелеріне сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді…» – делініп, ұрпақ тағдыры айтылады. Бала – ата-анасының игі істерінің жалғастырушысы, болашағы. Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да жаманға да бірдей бейім болатыны баршымызға мәлім. Ата-ананың үйіндегі әрекеті балаларының көз алдында өтеді, сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Әрбір ата-ана – өзінің баласын Отанға пайдалы, өзіне мейірімді, еңбекқор, адамгершілігі мол адам етіп тәрбиелеуге халық алдында да, мемлекет алдында да жауапты. Бірде-бір ата-ананың бала тәрбиесіне немқұрайды қарауға еркі жоқ. Егерде ол, бала өсіруде қате жіберсе, осалдық байқатса, қартайғанда опық жейтіні, өкінішке ұрынатынына ешбір дәлелдеп жатуды қажет етпейтін ақиқат. Бала тәрбиесі туралы сөз болғанда: «Баланы жастан» – деген халық даналығын ұмытуға ешкімнің хақысы жоқ.
Сондықтан, «Бала жас, әлі ешнәрсені білмейді, өсе келер бәрі түсінеді» – деп қарау – барып тұрған қателік. Бала тәрбиесі – әр сағат, әр күн сайын тынымсыз жүргізіле беретін аса жауапты, күрделі процесс. Тәрбие отбасынан басталады, оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:
«Отбасы –шағын мемлекет,
Мен – президент, сен – премьер» – дегені бар.
Отбасы – ең үлкен, мықты тәрбие ошағы, шағын мемлекет. Отбасының негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, оны мәдени- әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжірібиесін бойына сіңіру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжірібиесі, өмірдегі беделі, ақыл-кеңестері, ата-ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы, бір-бірін құрметтеуі – үлкен тәрбие мектебі. Бала дүниеге келгеннен бастап ата-ананың ықпалында болып, бағыт беруші тәрбие мектебінен нәр алады. Өз отбасында бала ата-ананың қамқорлығына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп, әке мен ананың жақсылығы мен дәулетінің қызығын көріп қана қоймай, адамгершілік, әдеп-инабат тағылымдарын алуы, оларды меңгеріп іс- жүзінде қолдануы ынта мен ықылас, қайрат пен қажыр ететін жолынан өтуге тиіс.
«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, Өнермен қуантады түбінде. Бала нені білсе жастан, ұядан – Өле-өлгенше соны таныр қиядан. Өнер – білім берем десең басынан, Бер оқуға балаларды жасынан, Жақсы-жаман болса, бала – соларда» – деп ХІ ғасырда Жүсіп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының жеке ерекшеліктерін жас күнінен танып, соған қарай бағыт-бағдар тәрбие берудің маңызы ерекше.
Отбасындағы тәрбиенің кереметі – баланы еңбекке баулу. Ол – адамдық кемелденудің негізі. Еңбек ете білмеген немесе оны жек көрген адамның отбасы берекелі болмайды. Ежелгі Рим философы Гораций айтқандай: «Өмір еңбексіз ештене бермейді.» Сондықтан: отбасындағы да, қоғамдық ортадағы да тәрбиеде балаларды еңбек ете білуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу басты нысана болуы тиіс. Сонда ғана отбасы мүшелелері арасындағы қарым-қатынаста әдеп-инабат, адалдық пен ақпейілдік үстем бола алады. Бүгінгі таңда ата-анасы қасында болса да қадір-қасиетіне жете алмай, ұлдарымыз маскүнемдік пен нашақорлыққа бой алдырып, қыздарымыз шылым шегіп, жеңіл жүрістерге түсуі отбасындағы тәрбиенің дұрыс жолға қойылмауының айғағы.
Шариғатта да алтын ұя – отбасы жоғары бағаланып, оны бала тәрбиелеп өсіруіне бірінші дәрежелі мән берілген. Өйткені: «Балалар – ата-аналар қолына берілген аяулы аманат» Бұл ғажайып құдайшылдық анықтаманы жадыда ұстау былай тұрсын, әр үйдің мандайшасына іліп қою тұрарлық. Баланы өздігінен өмір сүруге мүлде қабілетсіз нәресте кезінен бастап бақытты балалық шақ, жеке шаңырақ көтергенге дейінгі жастық жолдары өтетін отбасын бақытты жағалауын бетке алып, өмір – айдынында жүзіп бара жатқан қайыққа теңесек, оның қос ескегі – әке мен ана дер едік.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *