САУРАН АУДАНЫНДА КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ ӨТТІ

«Туған жер — алтын бесігім» жобасы аясында Сауран ауданындағы Кентау қаласының күніне орай 26 қазанда іс-шаралар Жүйнек ауылында өтті.
Алғашқы іс-шара «Киелі жерлер-бірлік пен жаңғыру нышаны» атты Сауран ауданының киелі жерлеріне арналған дөңгелек үстел болды. Дөңгелек үстелдің мақсаты — киелі мекендерімізді, тарихымызды, мәдени мұрамызды, рухани құндылықтарымызды дәріптеу.
Іс-шарада Кентау қаласы әжелер алқасының төрайымы, зейнеткер ұстаз Жұмабаева Роза Жұмабайқызы, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің озаты» төсбелгісінің иегері, «Кентау қаласына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері, Кентау қаласының құрметті азаматы Бибі Дәрибаева, Сауран ауданының орталық кітапхананың кітапханашысы Сариева Гаухар, Жүйнек ауылы тарих пәнінің мұғалімі Палпиев Мырзарайм баяндама жасап, Сауран ауданына қарасты киелі жерлер жайлы қызықты мәліметтермен, аңыздармен таныстырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *