ҚЫТЫМЫР ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ҚАЛАЙ?

Қар қалың жаумаса да қара суық әбігерге салатын қыс мезгілі де келіп жетті. Ал жаз мезгілінде жап-жасыл ормандай болып түратын киелі шаһарымыздың қытымыр қыс маусымына дайындығы қалай? Қала ішінде көлік қозғалысы, адам жүретін жолдарды қандай техникалармен тазалайтынын, олардың сандық-сапалық құрамы мен техникалық жағдайын, сонымен қатар қыс мерзіміне құрал-жабдықтардың түгел болуын анықтау мақсатында жауапты мекеменің есігін қаққан болатынбыз. Одан бөлек, осы мекеменің атқарып жатқан жұмысына қала тұрғындарының көңілі толады ма деген сауалды да алға тарттық.

Сонымен біздің алғашқы бағытымыз Байбұрт көшесінде орналасқан Түркістан қаласы әкімдігінің Инфрақұрлым және коммуникациялар бөлімі мекемесіне бұрылды. Мамандардың айтуынша қыс мезгіліне сақадай сай. Қыс мезгілінде автожолдарға шашатын арнайы инертті материалдар бар екен. Бұл бағытта қаламыздың тазалығына екі мекеме жауап береді. Олар «ШымкентСпецКомплекс » ЖШС және «Түркістан Жарық Тазалық» ЖШС. Міне осы екі мекеменің қызу жұмыстарының арқасында қала тұрғындары да, қонақтары да тайғақсыз таза көшелерде жүр. Сонымен, қала ішіндегі жолдар мен көшелерді тазалайтын техникалардың саны мен сапасына назар салсақ.

«Түркістан Жарық Тазалық» ЖШС мекемесінде 36 автокөлік техникасы қарастырылған. Тарқатып айтар болсақ, 10 дана қоқыс таситын жүк көлігі, 6 дана көшені жуатын автокөлік, 7 дана Камаз жүк көлігі, 5 дана трактор тіркегішімен, 3 дана погрузчик, 1 дана монипулятор, 1 дана автовышка және 3 дана тротуар сыпыратын техникалары дайын тұр. Сондай-ақ, 216 жұмысшы қала тұрғындарына қызмет етуге дайын тұр.

Бұл аз десеңіз «ШымкентСпецКомплекс » ЖШС мекемесі де халық игілігіне атқарып жатқан жұмыстары біршама. Сөзімізге дәлел, бұл мекеменің де өз алдына қыс мезгіліне дайындық жұмыстары айтарлықтай. Сонымен, 7 дана көшені жуатын камаз автокөлігі, 1 дана погрузчик, 1 дана Шансиман, 3 дана қоқыс таситын Камаз жүк көлігі, 3 дана қоқыс таситын Маз жүк көлігі, 3 дана Газ 3309 жүк көлігі, 4 дана тротуар сыпыратын көлік, 3 дана Беларус МТЗ 80 тракторы, 1дана Iveco шаң соратын автокөлігі және 1 дана Газель автокөлігі қысқа дайын тұр. Сонымен қатар, 240 жұмысшы шаһар тазалығына барынша атсалысады. Міне, мамандардың айуынша техникалардың саны мен сапасы осындай. Ал бұл техникалардан бөлек қыс маусымында арнайы жолға шашатын инертті материалдарды сұраған едік, былай жауап берді. «Түркістан Жарық Тазалық» ЖШС мекемесінде 140 тонна инертті материал бар болса «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС мекемесінде одан бөлек 100 тонна инертті материал бар екен. Міне жауапты мекеменің есігін қаққан едік, жауапты мамандар мүдірместен жауап берді. Ал ендігі кезекті көше бойында кетіп бара жатқан қала тұрғындарының пікірін білуге бердік. Көп емес маңызды деген 1-2 сауалға ғана жауап алдық.

  • Қала тұрғыны ретінде қаламыздың көркеюіне көңіліңіз толады ма?
  •  Иә, әрине. Өткен кездегі Түркістан мен қазіргіні мүлдем салыстыруға келмейді ғой. Біз көз ашқалы осы қалада өстік. Бұл қаланың қуыс-қолтығының бәрін білетінбіз. Ал қазір мынау «Жаңа қалаға» барсам адасып кетемін. Бүгінгі Түркістан жастар үшін мүмкіндіктердің қаласы дер едім. Қаланың дамуы көз алдымызда болғаннан кейін бұл қалаға еңбегі сіңген әрбір адамға үлкен алғыс айтар едім.
  • Қаланың кеңейгені сізге сондай қатты ұнапты. Енді айтыңызшы қаланың ішкі тазалығына, қыс маусымындағы атқарылатын жұмыстарға көңіліңіз толады ма?
  • Енді қазбалай берсең кез-келген істен былық та, бүлік те шығары сөзсіз ғой. Сондықтан, тек жаман жағына назар аудармай, жақсы тұстарын да қарап қою керек секілді. Несі бар қаламыз тап-таза, жинақы әрі сәулетті. Қыс дейтіндей біздегі қыс қатты емес қой. Дегенмен, кез-келген уақытта кез-келген дүниеге дайын болу керек. Ал өткен маусымдағы қыс айларын есіме түсірсем ешқандай жамандық көрмеген сияқтымын. Демек, биылғы қыста солай болады бұйырса, – деді, Аңсаған Тұяқбаева. Міне жауапты мамандардың дайындығымен, қала тұрғындарының ойымен таныс болдық. Қылышын сүйретіп жеткен қытымыр қыстан аман-есен шығуымызды жазсын!

Ихтияри Шабир Ахмет
ХҚТУ-нің 4-курс студенті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *