1 шілдеден бастап Түркістан облысында ХҚКО қызметкерлері 4 558 неке туралы куәлік және 22 252 туу туралы куәлік берді.
Бұл облыс елдегі ең көп қоныстанған аймақтың бірі, мұнда 2 миллион астам адам тұрады.
Өздеріңізге белгілі болғандай, елімізде 14 қараша күні бес сәби Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны болып дүниеге келді. Осы сәбилердің бірі Түркістан облысы Жетісай ауданы Асықата ауылында дүниеге келген болатын. Асқар Әлімхан Ерғалиұлына арнайы белгісі бар туу туралы куәлік берілді.
“Адамның есімі оның тағдырына әсер етеді дейді. Оның туу туралы куәлігі де ерекше, менің басқа балаларымның куәлігі ондай емес. Біз оның үлкен азамат болғанын қалаймыз”, – дейді сәбидің анасы Гүлмира Істілеуова.
Мемлекеттік корпорация ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап азаматтық хал актілерін тіркеу функцияларын алған болатын. Осы күннен бастап неке және туу туралы куәліктерде “Азаматтарға арналған үкіметтің” елтаңбалы мөрі қойыла бастады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі
Туркестанская область – на демографическом пике
С 1 июля сотрудники ЦОНов выдали в Туркестанской области 4 558 свидетельств о браке и 22 252 свидетельства о рождении.
Это самая густонаселённая область в стране. Здесь проживают более 2 миллионов человек.
Как известно, пятеро детей, которые родились утром 14 ноября стали 20-миллионными жителями Казахстана. Один из этих малышей появился на свет в ауле Асыката Жетысайского района Туркестанской области. Алимхан Аскар получил свидетельство о рождении со специальной отметкой.
«Считается, что имя предопределяет судьбу человека. Свидетельство о рождении у него особенное, не такое как у других моих детей. Мы хотим, чтобы он стал большим человеком», – говорит Гулмира Истилеуова мама ребёнка.
1 июля 2023 года Госкорпорация получила функции регистрации актов гражданского состояния. Начиная с этой даты на свидетельствах о браке и о рождении ставится гербовая печать «Правительства для граждан».
Пресс-служба Филиала НАО «Государственная корпорация «Правительство для граждан» по Туркестанкой области