ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ЖІБЕК ӨНДІРІСІ ЖАНДАНАДЫ

Түркістанда жібек өндірісі қолға алынбақ. Осы орайда, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының басшылығымен өткен жиында өңірде бағалы матаның өндіріс көлемін өсіру мақсатында жол картасы бекітілді.

-Жол картасының негізігі бағыты – 2029 жылға дейін 10 мың гектар аумаққа тұт ағаштарын отырғызу. Тұт көшеті – облыстың табиғатына икемделген өсіруге қолайлы ағаш түрі. Сонымен қатар, 2029 жылға қарай 100 миллион тұт көшеті мен 500 мың жәшік жібек құртының ұрығын өсіру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жібек жіп өндірісінің көлемін 2,8 мың тоннаға жеткізу көзделген, — деді облыс әкімінің орынбасары.

Айта кетейік, жібек жіптері – жібек құртынан өндіріліп, тоқыма-мата өнеркәсібінде пайдаланылатын табиғи талшық. Оны өндіру – облыс экономикасын әрі қарай дамытуға мол септігін тигізеді. Мамандардың пікірінше, жібек жібін өндіру – қажырлы еңбекті қажет ететіндіктен бағасы да қымбат.  Осы орайда өңір тұрғындарына жібек матасының тарихы туралы аз-кем ақпараттарды ұсынып отырмыз.

Жібек мата мен одан шығатын бұйымдар адамзат тарихында ерекше орын алады. Жібектің өндіріле бастаған уақытынан бастап, бұл өнім әлемдік саудада үлкен қызығушылық тудырды. Ерте және ортағасырлық дүние жүзі тарихында ешбір өнім «жібек» тәрізді әйгілі болып, әлемдік саудада өзіндік із қалдырмаған деп айтуға болады. Әйгілі сауда керуені – «Ұлы Жібек жолының» осы тауардың атымен аталуы соның дәлелі. Жібек мата мен тоқыма ісінің ерте кезеңде пайда болуы біздің заманымызға дейінгі кезеңде өркениеттің жетілгендігін көрсетеді, ал осы өркениет орталығын анықтау тарихшылар мен жалпы жұртшылық үшін қызығу­шылық тудыратын жайт. Жібектің қай жерлерде таралғаны, сауда жолына кімнің үстемдік жүргізгені, қандай сауда бағытының болғандығын анықтау да Жібек жолы тарихында маңызды. Аталған өзекті мәселені анықтау үшін диффузиялық инновациялық фактор әдісін қолдануды жөн көрдік. Диффузиялық концепцияны қолдану арқылы жібектің бір жерде (дәстүрлі түрде жібектің отаны Қытай болып саналғанымен, археологиялық және тарихи зерттеулерде күмән тудыратын жайттар кездеседі) немесе бірнеше жерде бір мезетте дербес пайда болғаны әлі күнге дейін тарихқа беймәлім. «Жібек жолы» атауының қалыптасуы туралы да тарихшылар арасында нақты пікір жоқ. Аталған мәселені анықтау үшін мақала барысында диффузиялық қағидалар қолданылады. Мақалада қарастырылатын мәселелер ауқымды хронологиялық шеңберді қамтиды, себебі Жібек жолының қалыптасу тарихы өте кең ауқымды қамтиды, сондықтан мақалада б.з.д. VII мыңжылдық пен б.з. ХІІІ ғасырына дейінгі кезең қамтылады. Жібек өндірудің құпиясы Жібек өндірудің құпиясына келетін болсақ, жібектің таралуы мен тасымалдаудың шынайы тарихы сол кезеңдегі Европа мен Қытай елшілердің құжаттарында, саяхатшылардың аңыз әңгімелері мен сипаттауларында бейнеленген. Сол себепті жібектің қай кезеңде өндірілгені мен өзге мемлекеттерге таралу тарихы туралы нақты пікір жоқ. Дегенмен қолда бар мәліметтерге сүйене отырып қарайтын болсақ, жібек өндірудің құпиясы алғаш рет қытайлықтармен төрт мың жыл бұрын ашылған, дегенмен Фава және Витт есімді әйгілі батыс европалық зерттеушілер 7000 жыл бұрын деп көрсетеді (Радкевич, 1990: 5). Қытайда б.з.д. 3 мыңжылдықта жібек өндіру технологиясы туралы маңызды ақпаратты 1958 жылғы Цэяншаньяндағы (Чжэцзян провинциясы) қазба жұмыстарынан аламыз.

Жібек дегеніміз-жібек құртынан өндірілетін табиғи талшық.Бұрындары жібек тауарлар Қытайдан Жібек жолы арқылы тасымалданып,басқа елдерге тараған.Жібек матаны табиғи түрде өндіретін тек Қытай елі болған.Бұрын осы жолмен жібектер тасымалданғандықтан жол «Жібек жолы»атанған.Жібек маталар өте қымбат болғандықтан,саудагерлерге мол табыс әкелген.Жібектің табиғи жолмен алынуы:Жібек құрты қуыршаққа айналар кезінде оның арнаулы бездері жібек жіпшені яғни пілләні түзеді.Жібектің алынуы үшін көп еңбек керек болғандықтан бұл мата өте қымбат болады.Жібек тұт ағашының асыранды құрттарынан және жабайы емен құрттарынанда алынады.Бұл талшықтың өте нәзік болуы,көп еңбекті қажет ететін болғандықтан қазіргі кезде жасанды жібек өндірісі жолға қойылған.Жасанды жібек өндірісінде алынған жібек маталардың 90%-ін құрайды.Ал пілләдан алынған жібек талшығы өте жіңішке болғандықтан оны жібектің қасиетін зерттеу үшін ғана қолданады.Қазақстанда жібек құрты Оңтүстік Қазақстан,Жамбыл облысында өндіріледі.Басқа елдерде:Қытай,Жапония,Үндістан елдерінде өсіріледі.Жібек маталарға:баршын,батсайы,торғын,атлас,қырмызы,мақпал,масаты,қыжым,парша т.б маталар жатады.

Жібек және жүн маталарды жануарлардан алынған табиғи талшықтардан дайындалады.табиғи жүн қой,ешкі, түйеден алынады.Көбіне жүн матаны қой жүнінен жасайды, себебі еліміз қой шаруашылығымен шұғылданады.Қойдың жүнін қайшымен немесе қайшымен қырқады.Жүнді алғаннан кейін алғашқы өндеуден өткізу керек:жүнді сорттайды-талшықтарды сапасы бойынша іріктейді:қоқымдарынан тазартып түтеді, қопсытып ыстық сумен жуады,арнайы машиналарда кептіреді.

Табиғи жібек –өте жіңішке,нәзік жіп.Оны тұт жібек құртының қуыршағынан алады.Қуыршақтағы жібек жібінің ұзындығы 700-800 метрге дейін жетеді.Жіп өте жіңішке болғандықтан , бінеше қуыршақтың жібіе біріктіреді.Ондай жіпті жібек шикізаты деп атайды.

Мата негізгі және арқау жіптің айқасуынан тоқылады.Матаның сапасы көбінесе талшықтардың құрамына байланысты.Матаның сапасына талшықтың ұзындығы, жуандығы, мақталығы, жұмсақтығы, иірілуі, т.б. қасиеттері әсер етеді.Жалпы мата талшықтарын әр түрлі саладан аламыз.

— Матаның қасиеті матаның талшық құрамына, матаның тоқығанда жіптерінің айқасуына, матаның боялуына, гүл салып немесе торланып тоқылуына байланысты екенін айту. -Және жібек, жүн маталарынан бұйымды тігу үшін, міндетті түрде сол матаның қасиеттерін білу керектігін айту.

— Матаның қасиеттері үш түрге бөлінеді: физика-механикалық, гигиеналық және технологиялық қасиеттері.

Физика-механикалық қасиеті –матаның мықтылығы, қыртыстанғыштығы, қапталғыштығы.

Гигиеналық қасиеті – матаның шаң сорғыштығы, ауа өткізгіштігі, ылғал тартқыштығы.

Технологиялық қасиеті – матаның ширақтығы, сетнегіштігі, тігу кезінде жылжып кетүі, жуғанда матаның отыруы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *