
Түркістан облысында қарқынды түрде іске асырылып жатқан ауқымды жоба – «Ауыл аманаты» жобасы. «Ауыл аманаты» пилоттық жобасын насихаттау мақсатында құрылған екі арнайы топ мүшелері жұмысына кірісті. Алғашқылардың бірі болып Кентау қаласының шаруаларымен кездесіп, кейін Түлкібас, Созақ, Арыс, Отырар, Сайрам, Төле би, Қазығұрт аудандарына барды. Топ құрамында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының мамандары бар. Жобаның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске тарту, азық-түлік қауіпсіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту. Жуырда іске қосылатын жоба жайлы «Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарына» барып толық ақпарат алуға болады. Сонымен қатар, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС, «Аграрлық несие корпорациясы» Түркістан облысы бойынша филиалы, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Түркістан облысы бойынша өңірлік филиалы, «Қазақстан Хылық Банкі» АҚ Түркістан облыстық филиалы, «Jusan bank» Түркістан филиалы, «Түркістан» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ, «Түркістан» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ өкілдері топ құрамында.
Естеріңізге сала кетейік, пилоттық жобаны іске асыру үшін Түркістан облысына республикалық бюджеттен 11 млрд теңге қаржы бөлінді. Ол облыстағы 16 ауданның 32 ауылдық округіне қарастырылған. АЕК алатындар саны азайып, тұрғындардың күнкөріс деңгейі 1,5 есеге ұлғаяды деп жоспарлануда. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көрсетіп, оларды кәсіпке бейімдеу жоспарланған.
Төлеби ауданында да «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кәсібін іске асырып жатқан жеке шаруалар қатары күн санап артуда. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Төлеби ауданындағы бірнеше ауылдық округінде болып, ауылдың тыныс- тіршілігін көріп қайтты. Сапар барысында ауылда жаңадан қолға алынып жатқан «Ауыл аманаты» жобасының барысымен танысты. Ауыл түрғындары кәсібін дөңгелетуді көздеп, несие алған.
Облыс әкімі жаңа мүмкіндікті пайдаланып, жеке кәсіпкер қымыз және саумалымен сауықтыру орталығының жұмысын дамытпақ. Зертас елді мекенінің тұрғыны алдағы уақытта сал ауруына шалдыққан балаларды үйретілген аттарға мінгізіп емдеуді жоспарлауда.
Ал Көксәйек елді мекенінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан жеке шаруа мал бордақылау ісін ұлғайтуды қолға алған. 7,5 млн.теңге несие алып, Жамбыл облысынан 22 бас ірі қара сатып алған ол, алдағы уақытта қосымша жылқы бордақылауды жоспарлауда.
Дархан Сатыбалды ағаш аралас көмір брикеттенін шығаратын цехта болды. Жеке кәсіпкер жаңа бағдарламаның көмегімен кәсібін ұлғайтпақ. Айтуынша, экологиялық тұрғыда тиімді тауардан түсетін табыс та жоғары.
— Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырған болатын. Қазіргі уақытта «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында шаруаларды несиелендіру жүргізілуде. Жаңа жоба біздің өңіріміз үшін өте маңызды. «Ауыл аманатын» іске асыру ауылдарды сақтап қалуға және халықтың қалаға көші-қонын қысқартуға, кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын құруға, жұмыссыздықты азайтуға, халықты сапалы азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ауқымды жоба. Жобаның тиімді шарттарының бірі – кредиттері бар және аз қамтылған, көп балалы отбасыларға тауарлық кредит беру тетігі болып отыр. Ерекшелігі — бюджет қаражаты жұмсалмайды. Кепіл қажет емес, пайыздар жоқ. Республика бойынша алғаш рет ұйымдастырылып отырған бірегей жоба белсенді атсалысып, табыс табуға шақырамын, – деді Дархан Сатыбалды.
Сонымен қатар облыс басшысы несие алуға ниет білдірген тұрғындармен кездесіп, өтініштерін тыңдап, жобаның маңыздылығын түсіндірді. Мемлекет басшысының тапырмасымен жүзеге асып жатқан жаңа жобаның мақсаты – ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.
Айта кету керек, Үкіметтің 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасын орындау мақсатында елімізде «Ауыл аманаты» жобасы басталған болатын. Жоба ауыл тұрмысын жақсартып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруды көздейді. Жоба аясында ауыл тұрғындары өз кәсібін ашып, қосалқы шаруашылықпен айналысатын болады. Есік алдындағы жерлерін игеріп, ауладағы мал шаруашылығын дамытып және өзге де кәсіп түрлерімен айналысу тұрғындардың негізгі мақсатына айналмақ.
Төлеби ауданында бағдарлама аясында Киелітас, Көксәйек ауылдық округтерінің азаматтарына несие беру жоспарланған болатын. Сонымен қатар, аудан тұрғындарының сұранысы бойынша, Бірінші Мамыр және Қаратөбе ауылдық округтерінің азаматтары да аталған бағдарламаға енгізіліп отыр. Бүгінгі күнге 209 млн. теңгеге 37 азаматтың жобалары қаржыландырылды.
Пилоттық жобаны Түркістан облысында жүзеге асыруға 16 ауданнан 64 ауылдық округ анықталып, 75 кооператив құрылған. Жобаны қаржыландыруға республикалық бюджеттен 19,8 млрд. теңге қаржы бөлінген.
«Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы» АҚ — на «Ауыл аманаты» жобасы бойынша облыс көлемінде 13,9 млрд теңге құрайтын 2 248 жобаға өтініш қабылғандан. Оның ішінде, жалпы соммасы 9 млрд теңгені құрайтын 1 611 жоба мақұлданып, 4,6 млрд теңге құрайтын 852 жоба қаржыландырылды.
«Ауыл аманаты» жобасы мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың өткен жылдың 26 қарашасында бекіткен №1 «ҚР ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығы негізінде бастау алды. «Бағдарламаны жүзеге асыруға биыл республикалық бюджеттен 11 миллиард теңге қаржы бөлінген. Жобаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендердегі жұмыссыздық пен атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту, сонымен қатар өзін өзі қамтушыларды заңдастыру. Бағдарламаның қалай жүзеге асырылатыны және несиелеудің шарттарына тоқталатын болсақ, ең бірінші кезекте жобаны іске асыруда жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтер негізінде дамытуға басымдылық беріледі.
«Несие алу үшін ауыл тұрғындары алдымен ауыл әкімдіктеріне өтінім білдіру қажет. Бұл жобаның ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын құруға, мал мен құстың санын көбейтуге, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігі тиеді деген ойдамын. Шартта көрсетілгендей, несие алушы кем дегенде бір жыл сол жергілікті ауылдың тұрғылықты азаматы болуы керек. Оған қоса, міндетті түрде кепілге қоятын жылжымайтын мүлкі болуы шарт. Егер кепіл болмаған жағдайда туыстардың кепілін пайдалануға болады. Бағдарламада уақыт шектеуі жоқ», — дейді Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының ауылшаруашылық кешені бойынша орынбасары Нұрбол Рысбеков.
Аталған жоба 2023-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылады. Микрокредит мерзімі – 5 жыл, мал шаруашылығы жобаларына 7 жылға дейін беріледі. Жылжымайтын кез-келген мүліктің 60 пайызы бағаланады. Бір жылға дейін демалыс қарастырылған.Бұл ретте Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы облыс бойынша «Жұмысшы топ» құрамымен бірге барлық аудандарды аралап, бағдарламаның концепциясын құруға, басым бағыттарын таңдауға, несие беру ережесіне қатысады. Нақтырақ айтқанда, палатаның қызметі жобаларды сүйемелдейді, бизнес жоспар дайындап береді, құжаттарды жинақтауға көмек береді.
«Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл тұрғындары өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала алады, сондай-ақ техниканы лизингке рәсімдеуге болады. Қарыз алу шарттары да өте тиімді, себебі ондағы пайыздық мөлшерлеме әлдеқайда төмен. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 пайыз, кепілмен қамтамасыз ету. Мұндай несиенің халыққа пайдалы болары анық. Мәселен, бүгінде бірде-бір коммерциялық банкте ауыл тұрғындарында мұндай шарттармен несие алу мүмкіндігі жоқ. Әлемдегі инфляцияны ескеретін болсақ, 2,5 пайыздық несие бұл – өте тиімді. Сондықтан да ауылда қандай да бір өндіріс ашып, оны дамыту үшін бұл – үлкен мүмкіндік.
«Несие алушы ауыл тұрғындарының ауыл шаруашылығы кооперативіне кіруіне кеңес береміз. Неге десеңіз, бұл арзан бағамен жем сатып алуға, жер жыртуға, қоқыс шығаруға, арнайы техникаларды арзан бағамен пайдалануға мүмкіндік береді. Қысқасы, кооперативке бірігудің пайдасы көп. Бірінші кезекте сату мәселесі шешіледі. Мәселен, кооперация мүшесі 8,6 миллион, ал төрағасы 27 миллион теңге ала алады», — дейді Нұрбол Рысбеков.
Айта кетейік, жоба аясында жеке қосалқы шаруашылық пен жеке кәсіпкерлер үшін 8 625 000 теңгеге дейін, ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері үшін 27 600 000 теңгеге дейін несие беріледі. Микрокредит мерзімі – 5 жыл, ал, мал шаруашылығы жобаларына 7 жылға дейін беріледі. Жылжымайтын кез келген мүліктің 70 пайызы бағаланады. Несиені өтеуге берілетін жеңілдік кезеңі – 12 айға дейін. «Ауыл аманаты» жобасы елімізде 2023-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылады деп жоспарлануда.
«AMANAT» партиясы Үкіметпен бірлесіп іске қосқан «Ауыл аманаты» жобасы кәсіпкерлерді жан-жақты қолдауға бағытталған. Осы бағдарлама аясында Төлеби ауданында межеленген 1 млрд 124 млн теңгеге 193 жоба мақұлданды. Жобаның нәтижесінде Бірінші Мамыр елді мекенінің тұрғыны Тимур Жақыпов пластик есік-терезелер дайындау ісін қолға алған.
Жеке кәсіпкер жеңілдетілген 2,5 пайыздық несие арқылы 8 млн теңге алды. Қазіргі таңда айына 200 шаршы метр есік-терезе дайындайды. Мұнда 4 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өнімдеріне Түркістан облысы және Шымкент қаласы тұрғындары арнайы тапсырыс береді.
Кәсіпкердің жұмысымен танысқан аудан әкімі Төлеген Телғараев бизнес саласы бойынша кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жоба бойынша әңгімеледі. Кәсіпкерлік көкжиегін кеңейтуге, шағын бизнесті дамытуға мемлекет тарапынан нақты көмектер мен қолдаулар жасалып жатқанын айтып, ісіне сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, Сауран ауданында да ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік салаларын дамыту бағытында жасалып жатқан істер жетерлік. Қазір қолөнердің көптеген саласын зерттеудің ғылым үшін де, күнделікті өмір үшін де маңызы бар. Қазақ қолөнері өзінің бай тарихымен, өзіндік ерекшелігімен құнды. Қолөнердің синкретикалық өнер түріне жатуының бір себебі, оларда материалдық өндіріс пен рухани өмірдің ажыратылмай біртұтастықта берілуі, халық шығармашылығының болмысына тән ерекшеліктің бірі болып есептеледі. Қазақ халқының қолөнер түріне киіз басу, киіз үй тігу, кілем тоқу, қару-жарақ және ер-тұрман әбзелдерін жасау, тері өңдеу, халық музыкалық аспаптарын дайындау жатады. Халық өнеркәсіпшілігіне аса мән берген қазақ халқы тері илеу, тоқыма тоқу, ағаш, жүн және металл өңдеу, сүйек ұқсатумен де шұғылданған. Қазір жыл өткен сайын елде, оның ішінде біздің өңірде де мал басы артып келеді.
Сауран ауданында Абдукамал Матмұсаевтың бастамасымен «Жандос» тері өңдеу кәсіпорынның қазығы қағылды. Аудан құрылғаннан бері осы бағытта жұмыс жанданып келеді. Аудан орталығында салынатын кәсіпорынның жоба құны – 1 млрд теңге. Ол 30 гектар жерге орналасқан. Жоба қуаттылығы – жылына 100 мың дана тері өңдеу. 50 адам жұмыспен қамтылады. Аталған нысан күз айында пайдалануға беріледі.
Шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы қатысып, ізгі тілегін білдірді. Сонымен бірге ЖК «Жандос» тері өңдеу кәсіпорынының басшысы Абдукамал Матмұсаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов сөз сөйлеп, ауданның дамуына кәсіпорынның алар орны ерекше екенін айтып, жастар жұмыспен қамтылатынын жеткізді.
Осы орайда тері өңдеу өнеркәсібінің технологиясы мен өңдеу әдіс-тәсілдерін оқырман назарына ұсынып отырмыз. Тері илеу үшін алдымен «малма» деп аталатын сұйық затты даярлайды. Ол үшін ұйыған айранды дорбаға құйып, аузын байлап, астына ыдыс қойып, іліп қояды. Сонда айран сүзіліп, сары суы ыдысқа жиналады. Алынған сары суға ұн, кебек қосып араластырып, ашытады. Мұны малма дейді. Осы малмаға теріні салып, бетін қақпақпен жауып, үстінен таспен бастырып тастайды. Иде жатқан теріні күніне үш-төрт рет аударыстырып (сапсып) отырады. Жиі сапсып отырмаса, теріге толық сіңбей, əр жері көк аязданып, қатқыл болып қалады. Ондай жағдайда үстемелеп ұн, кебек, сары су қосып, теріні тағы да біраз уақыт малмаға салып, жылырақ жерге қойып, жиі-жиі аударыстырып, идің жақсы сіңуін қадағалайды. Жылқы терісі қалыңдығына қарай малмада шамамен 15 – 20 күндей жатады. Терінің иі қанғанын білу үшін түгі жағынан ұстап, екі жаққа тартып көреді. Жақсы иі сіңген терінің түгі түбінен ағарып жарылады. Немесе теріге тебен ине шаншығанда жеңіл сұғылса, онда терінің иі қанғаны. Содан соң теріні малмадан шығарып алып, көлденең ағашқа жайып, суын сорғытады. Сəл дегдіген теріні жұмыр ағашқа асып қояды да, қырғымен қырып, əрі иін, əрі түгін, əрі шелін алады. Иі сіңіп ісінген тері тазарғанымен, шикілігі білініп тұрады. Бұдан кейін міндетті түрде керіп қойып, аязға сорғызады. Мұны «аязға пісіру» деп те атайды. Он шақты күн аяз сорған тері аппақ болып ширайды. Сол кезде үйге кіргізіп, тобарсыта кептіріп алады да, талқыға салады. Талқыдан шыққан сиыр терісінен, əдетте, таспа тіліп, айыл, тартпа, құйысқан, өмілдірік, үзеңгі бау, қамытқа құлақбау жасайды. Жылқы терісінен жүген, қамшы, шылбыр, т.б. өреді. Ал серке терісінен неғұрлым нəзік таспадан өрілетін мүліктер жасалады. Табиғатта кездесетін әрбір шикізаттың өзіндік ерекшелігі, өзіне тән физикалық, механикалық қасиеттері болады. Мысалы, тасқа тән қасиет өте қатты, ағаш — берік, майысқақ, жүн — жұмсақ, жылы, тері мен былғары — созылғыш, жүмсақ әрі жылы. Міне, әр заттың әрқайсысының осындай ерекше қасиеттерін анық білу бұл шикізаттардан тұрмысқа қажетті бүйымдар жасауды меңгеруге жөрдемдеседі.
Былғары дайындалатын бірден-бір шикізат — тері. Теріден был- ғары дайындау өте күрделі, әр адамның қолынан келе бермейтін іс. Теріден былғары жасаудың әр халыққа тән өңдеу, сүрыптау әдістері бар. Қазақ халқы да тері өңдеудің бірнеше түрлерін игерген. Жа- нуарлар мен андардың түрлеріне, тегіне, шикізаттың илену негізіне байланысты былғарыдардың түрлері мен атаулары бірнеше топқа бөлінеді.
