Түркістан облысына шетелден келетін қонақтардың саны артып отыр. Е-Qonaq желісіндегі сараптамалық көрсеткіштерге сүйенсек, биылғы жылдың І тоқсанында 4485 шетел турисі келген. Олардың қатарында Өзбекстан, Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Түркия, Тәжікстан, Франция, ҚХР, АҚШ, Украина, Оңтүстік Корея, Үндістан елінің тұрғындары бар. Бұл былтырғымен салыстырғанда 5 есе көп. Өткен жылдың алғашқы үш айында бұл көрсеткіш – 980, 2022 жылы 358 болған.

Шетелдіктердің басым бөлігі туризм мақсатында келген. Бұдан бөлек іскерлік байланыс орнату үшін жұмыспен келсе, енді бір бөлігі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысқан.
Айта кетейік, биыл «Түркістан – Түркі әлемінің туристік астанасы» мәртебесі ресми түрде жаңа маусыммен ашылған болатын.




Өңірде халықаралық деңгейде – 25, республикалық деңгейде – 23, облыстық деңгейде – 56, жалпы 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарланып отыр.