КЕРЕК ДЕРЕК: КЕЛЕШЕКТЕ ХИРУРГИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ РОБОТТАР ЖАСАУЫ МҮМКІН

Кейінгі жылдары жасанды интеллект нарығының медицина саласында қарқынды дамып келе жатқанын білеміз. GlobalData компаниясының болжамына сүйенсек, 2030 жылға қарай робот қатысқан операция саны жыл сайын 10,5 пайызға көбейіп отырады. Сөйтіп 2030 жылдары хирургиялық операциялардың 87 пайызын робот жасайды деген болжам бар. Заманның озық жаңалықтарын мақтанышпен әрі ерекше таңданыспен білуіміз керек. Облысының тұрғындарына медицина саласындағы смарт технологиялар, хирург-роботтар туралы маңызды деректерді ұсынамыз.

Роботтар хирургияға 1980 жылдардан бері жұмылдырылып келеді. 1984 жылы 12 наурыз күні робот ат салысқан алғашқы операция Ванкувердегі UBC ауруханасында жасалған деседі. Ол кезде хирург көмекшісі болып Arthrobot қатысқан еді. Бір жыл бойы жергілікті хирургтер Arthrobot-пен бірге ұзын саны 60-тан астам операция жасаған. Машинаның дамытылған модельдері әлі күнге дейін ортопед-хирургтерге ассистент қызметін атқарып келеді.

Хирургиядағы тұңғыш автомат аппараттардың бірі — da Vinci от Intuitive Surgical жүйесі. da Vinci прототипі АҚШ-та 1980 жылдары жасалған еді. Ал қазір платформаны бүкіл әлем қолданады. Робот қатысатын тағы бір құрал —  Accuray Incorporated компаниясының жасап шығарған The CyberKnife аппараты.

Ол қатерлі ісікке сәулелі терапия жасау үшін қолданылады. Жүйе сызықтық жылдамдатқышы бар робот қолдан тұрады. Ол тіндерді түрлі бұрыштан сәулелендіреді. VR технология сәулелендіру бағытын реттеп отырады. Аппарат айналадағы сау тіндерді зақымдамайды, зақымдаса да өте елеусіз болады. Яғни дәстүрлі сәуле терапиясына қарағанда тиімді. Бұл жүйені көбіне адам қолы жетуі қиын ми және омыртқа сияқты жерлерді сәулелендіру үшін пайдаланады. Робот жасаған операциялардың ішінде ең сәттісі деп Джонс Хопкинс университетінде құрастырылған  Smart Tissue Autonomous Robot хирург-роботтың жұмысын айта аламыз. Былтырғы жылы ол шошқа ішегіне толық автономды операция жасаған еді.

Айта кетейік, қатерлік ісікке қарсы вакциналар жасау жұмысы да қарқынды жасалып жатыр. Соның ішінде онкологиялық аурудың сирек кездесетін және агрессиялық түрі — ұйқы безінің қатерлі ісігіне қатысты. мРНК платформасындағы вакцина операция жасалған соң өсінділердің қайтып шығуына жол бермейді. Мұндай ұйғарымды Nature журналында шыққан мақала авторлары жасап отыр. Зерттеу Нью-Йорктегі Слоун-Кеттериң атындағы мемориалдық онкологиялық орталықтың профессоры Винод Балачандранның жетекшілігімен өткізілген. Сынақ тобы 16 адамнан ғана тұрғанымен, ұйқы безінің қатерлі ісігіне қарсы жасалған алғашқы сәтті вакцина болып отыр. Жарты жылдай зерттеу жасалған соң, қатысқандардың жартысы ремиссияға өткен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *