
Қазіргі таңда 3D-баспаның мүмкіндігі мол екенін көз көріп отыр. Жасанды ағзалар жасауда да қолданысқа енгізіліп жатыр. Былтыр алғаш рет пациенттің жасушалары негізінде жасанды орган салынды. Америкалық 3DBio Therapeutics компаниясы 20 жастағы бойжеткенге құлақ басып шығарды. Заманауи биопринтерлер орган жасап шығару үшін бірнеше кезеңнен тұратын жұмыс атқарады. Алдымен МРТ және КТ суреттерінің көмегімен компьютерде органның толық үшөлшемді макро және микроқұрылымдарының моделі жасалады. Одан соң пациенттің дің жасушалары іріктеп алынады. Сол арқылы алдағы уақытта оларды бұлшықет, тері, уретрия және т.б. жасушаларға айналдырады. Медицина саласындағы смарт технологияларға шолу жасап, оқырмандар назарына ағзалар мен тіндерді басып шығаратын 3D құрылғылар туралы танымдық мақаламызды ұсынамыз.
Ғалымдар принтер картриджіне жасушыларды орналастырады. Олар гидрогельдің ішінде сақталады. Сөйтіп басып жатқан кезде биопсия-жасушалар қабаттан қабатқа жылжып, картриджден төсенішке орналасады. Осылайша компьютер бекіткен формаға керілу күшінің әсерінен бірігеді. Енді сол басып шығарылған «бөлшекті» биоортаға орналастырады. Ол жерде піскенше бірнеше апта тұрады.
Ең соңғы процесс — органды салу. Салған соң денеге бітіп кетуін қадағалайды. Аддитив принтерден бөлек, сыяның орнына коллаген қолданатын құрылғылар да олады. Мұндай принтерлер жарадағы жетіспейтін тіндерді толықтырып, шығарып береді. 2023 жылы осындай принтерді Сиднейдегі Жаңа оңтүстік Уэльс университетінің биоинженерлері ойлап тапты. Аустралиялық ғалымдар асқазан және ішек жолдары органдарына бірден жасушы басып беретін прототип таныстырған еді. Аппарат ағзаға эндоскоп секілді енгізіледі. Зақымданған жасушаларды жаңасына ауыстырып береді. Принтер жаңа жасушаларды бірден асқазан және ішек жолдарының түрлі сегментіне тасымалдап жеткізеді. Осындай жасуша тасымалының шағын инвазив тәсілінің арқасында операция жасамай-ақ қоюға болады. Ота жасалмаған соң, одан кейін ұзақ уақыт қалыпқа келу керек деп те жүрмейсіз. Бұл құрылғы қолдан жасалған тоқ ішекке салынып, сынақтан өтті. Келесі кезеңде оны жануарларға жасап көреді.