КЕРЕК ДЕРЕК: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНА ӘСЕРІ БАР МА?

Жасанды интеллект технологиясы – кейінгі онжылдықтағы басты технологиялық трендтің бірі болды. Бұл мәселе біздің елде де өзекті, соған орай жасанды интеллектті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы да ұсынылған. Ұлттық банк дайындаған арнаулы баяндамада ЖИ-дің қаржы нарығына әсері мен аталған нарықтағы рөлі терең талданады. Жаңа технологияның қаржы нарығына берер көмегі қандай, әсері қандай болмақ? Осы сұрақтар төңірегінде түркістандық тұрғындар назарына мәліметтер ұсынып отырмыз.

Мамандардың айтуынша, отандық қаржы ұйымдарында жасанды интеллект белсенді пайдаланыла бастаған. Алайда әлемдік ойыншылармен салыстырғанда әлі де арттамыз.

«ЖИ-дің енуі 2025 жылға қарай әлемдік экономиканың өсу қарқынын екі есе арттырып, бүкіл әлемде жұмыс орындарының орта есеппен 40%-на әсер етуі мүмкін. Қазақстанның қаржы нарығы машиналық оқыту технологияларын және жетілдірілген модельдеуді түрлі бағыт бойынша – кредит скорингінен бастап идентификацияға арналған компьютерлік қырағылыққа дейін қолданысқа енгізіп үлгерді. Ұлттық банктің рөлі – қаржы жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізуге қолайлы жағдай жасау. Ал оның алғышарты – ЖИ-ді «оқытуға» қажет деректерді пайдалану және қорғау, ЖИ-ді енгізуде бәсекелестікті ынталандыру, сондай-ақ бұлтты есептеулерді пайдалануды реттеудің сенімділігі және сол бойынша құқықтық орта қалыптастыру. Бұдан бөлек, негізгі модельдерді оқыту, open-source модельдерін оқшаулау және сол сияқты ресурстарды қажет ететін процестерді есептеу үшін керек инфрақұрылымның қолжетімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды», – дейді Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов.

Айтуынша, жасанды интеллект экожүйесін дамытудың дайын формуласы мен алгоритмі жоқ. Сондықтан табысқа жетудің негізгі кілті – нарық қатысушыларының ынтымақтастығы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *