ТҮРКІСТАН: НАРЫҚТА НЕЙРОЖҮЙЕ ҮЙЛЕСІМДІ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Жасанды интеллект көптеген салаға түбегейлі өзгеріс әкелді және үлкен деректер саласындағы прогрестің, есептеу ресурстарының құнын төмендетудің және машиналық оқыту алгоритмдерін дамытудың арқасында бүгінде әлемдік экономиканың негізгі қозғаушы күшіне айналды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың сөзінше, қаржы секторына жасанды интеллектіні енгізу – инновацияларды дамытуда және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруда жаңа көкжиектер ашады.

«Агенттік қадағалау технологиялары (SupTech) және реттеу технологиялары (RegTech) саласындағы ЖИ-ді зерделеуге және енгізуге ерекше назар аударады. Бұл негізделген шешімдерді жедел қабылдауға және жүйелік тәуекелдерді бақылауға ықпал етеді. Қаржы саласындағы ЖИ-дің үйлесімді дамуы және қолайлы реттеуші ортаны қалыптастыру – реттеуші мен қаржы ұйымдары күш біріктіріп, бірлесе жұмыс істегенде ғана мүмкін болады», – дейді ол.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровтың айтуынша, қаржы ұйымдарының жұмысына жасанды зердені енгізу қаржы қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігінің маңызды қозғаушы күшіне айналады.

«АХҚО-ның баса мән беретін дүниесінің бірі – қаржы нарығы мен қаржы қызметтерін дамыту үшін инновацияларға мән беру. Осы саладағы жұмысымыздың нәтижесі бірнеше бастамалар мен жобалар. Соның ішінде FinTech Lab реттеуші құм жәшігі, криптофиаттық арналарды тестілеу жөніндегі пилоттық жоба, АХҚО-да тіркеу қызметтерін толық цифрландыру және басқа да көптеген әзірлемелер болды. Жасанды интеллект – инновацияны дамытудың тиімді құралының бірі. Ол күнделікті тапсырмаларды автоматтандырады, деректерді талдауды және нарық үрдістерін болжауды жақсартады», – деп пікір білдіреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *