КЕРЕК КЕҢЕС: ҚАЗАҚСТАНДА TIKТOK БҰҒАТТАЛА МА? 

Қазіргі таңда TikTok-тың қытайлық бас компаниясы ByteDance АҚШ-та тыйым салатын заң қабылданғаннан кейін мобильді қосымшаны сатуға ниеті жоқ екенін айтады.

«ByteDance-тің TikTok-ты сату жоспары жоқ», – деп жазған компания әлеуметтік медиа платформасындағы ресми аккаунтында.

BBC ақпаратына сүйенсек, апта басында TikTok АҚШ сотында елде қабылдануы мүмкін заңға қарсы шығып, оны «АҚШ конституциясына сай емес» деп қарсы шыққан.

Осыған дейін Ұлыбритания мемлекеттік қызметкерлерге қауіпсіздік мақсатында жұмыс телефондары мен құрылғыларында TikTok қосымшасын пайдалануға тыйым салды.

Қазақстанда да сервисті бұғаттау мәселесі көтеріліп жүр. Сенат отырысында депутат Алишер Сатыбалдиев Үкімет басшысына сауал жолдап, TikТok желісіне шектеу енгізуді сұраған. Айтуынша, бұл платформа балалардың тәрбиесіне теріс әсер етіп жатыр. Биыл 19 сәуірде көршілес ел Қырғызстанның Цифрлық даму министрлігі ел аумағында TikTok платформасының жұмысын ресми түрде тоқтатты. Осы жайлы аз-кем мәліметті өңір тұрғындарының назарына ұсынып отырмыз.

22 сәуір күні Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елімізде Тик-Ток платформасын бұғаттау мәселесі қаралатынын мәлімдеді.

TikTok өкілі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қосымшаны шектеуге қатысты пікіріне жауап берді.

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің елде TikTok-ты бұғаттау мүмкіндігін қарастырып жатқанына қатты таңқалдық. Өйткені министрлік біздің Қазақстандағы Наурыз онлайн-фестивалі және шығармашылық қысқа бейнефильмдер байқауы сияқты көптеген бастамамызды белсенді түрде қолдап келді. Мәселен, өткен жұмада Алматыдағы іс-шарамызда министрліктің өкілі сөз сөйлеп, TikTok-ты мәдениет пен басқа да пайдалы контентті насихаттауға көмектесетін платформа ретінде жоғары бағалады»,– дейді компания өкілі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *