КЕРЕК ДЕРЕК: ФИШИНГТІК ШАБУЫЛДАР ТИЫЛМАЙ ТҰР

Кибершабуылдар жүйелер мен әлеуметтік желілерді қарапайым бұзудан бастап фишингтік шабуылдарға, зиянды бағдарламаларды қоса алғанда, төлемдік бағдарламалық қамтамасыз ету, жеке бас деректерін ұрлау секілді шабуылдарына дейін болуы мүмкін. Бұл жеке басына да, қаржылық жағынан да ауыр. Бұл шабуылдаушы деректердің құпиялылығын немесе тұтастығын бұзу, ақпараттық және коммерциялық жүйелерге немесе компьютерлік желілерге рұқсатсыз қол жеткізу үшін цифрлық ортада жасай алатын дұшпандық әрекеттер деуге де болады. Бүгінде түрлі БАҚ-та кибершабуыл немесе киберқылмысқа қатысты жаңалықтар шығып жатады.

Қазіргі заманауи әлемде кибершабуылдар санының жылдам көбейіп жатқаны байқалады. Әлемдік және қазақстандық БАҚ жаңалықтар лентасында күн сайын кибершабуылдар туралы хабарлап жатады. Кәсіпорындар мен мемлекеттік органдар шабуылдар тосқауылына төтеп беруге тырысып та жатыр, хакерлер қарапайым азаматтардың банктік шоттарына «ұрлыққа» түсіп жатыр, сондықтан цифрлық әлемдегі қауіптерден сенімді қорғау — негізгі қажеттілікке айналып жатыр.

Біздің қоғам «Киберқауіпсіздік» және «ақпараттық қауіпсіздік» терминдерін шатастырып жатады. Олар жиі синоним ретінде де қолданылады. Алайда, іс жүзінде бұл терминдер өте әртүрлі және бір-біріің орнын баса алмайды. Киберқауіпсіздік — киберкеңістіктегі шабуылдардан қорғауды білдіреді, ал ақпараттық қауіпсіздік — аналогты немесе цифрлық болуына қарамастан, кез келген түрдегі қауіптерден деректерді қорғауды білдіреді.

Киберқылмыс қарқынды дамып келе жатқан бизнес үшін де, үкімет үшін де, қоғам үшін де қауіпті. Киберқылмыс көбею үстінде және біз төртінші өнеркәсіптік революция деп аталатын цифрлық дәуірге қадам басқан сайын, киберқылмыс та күрделірек және ауыр зардаптарға ие болып барады. Киберқылмыскерлер мықтырақ  бола түскен сайын, олардың әрекеттері біздің өмірімізге, қоғамға қандай да бір түрде әсер етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *