
Көптеген желі пайдаланушылары кибершабуылдардың қауіпті екенін түсіне бермейді, сондықтан желі «гигиенасы» бойынша негізгі қарапайым ережелерді сақтамай жатады. Статистикаға сәйкес, жеке немесе компанияның құпия деректері туралы ақпараттың тарап кетуі пайдаланушының өзінің абайсыз әрекетінен немесе адам, компания пайдаланатын қызмет қызметкерлерінің қателері немесе зиянды әрекеттері салдарынан болады. Бұған жол бермеу үшін көбінесе қорғаныс шараларын үнемі жаңартып отыру керек, антивирустық және операциялық жүйені жаңартып отыру керек. Түркістан өңірінің тұрғындарына тақырып бойынша танымдық мақаланы ұсынып отырмыз.
Кибершабуылдар жүйелер мен әлеуметтік желілерді қарапайым бұзудан бастап фишингтік шабуылдарға, зиянды бағдарламаларды қоса алғанда, төлемдік бағдарламалық қамтамасыз ету, жеке бас деректерін ұрлау секілді шабуылдарына дейін болуы мүмкін. Бұл жеке басына да, қаржылық жағынан да ауыр.
Кибершабуылдың артуына ең басты әрі ең көп тараған себебі – жеке деректерде қолданатын құпиясөздің тым оңай болуы. Бұған мысал ретінде Еуропада жүргізілген сауалнаманы айтуға болады. Сауалнамаға Еуропадағы 10 елден 11 мың қызметкер қатысқан. Олардың 34 пайызы бірнеше платформада бірдей құпиясөз қолданатынын айтқан. 27 пайызы жұмыс уақыты біткеннен кейін компьютердегі деректерді өшіруді ұмытатынын айтса, тағы 24 пайызы қоғамдық Wi-Fi-ды қолданатынын жеткізген. 18 пайыз қызметкер құпиясөздерін бір жерге жазып қоятыны айтқан. Яғни егер қиын құпиясөз қойған жағдайда киберқылмыстың құрбаны болмау мүмкіндігі көп. Құпиясөз құрастыруда барынша түрлі символдарды қолданған жөн.
Сонымен қатар, компьютерге жүктейтін түрлі бағдарламадан да сақ болған жөн. Себебі олар да бүгінгі таңда қауіпті болып саналады. Қосымшаларды уақытында жаңартып, антивирустар орнатып тұрған дұрыс. Кибершабуылдың арту себебінің бірі де сол.