КЕРЕК КЕҢЕС: ЭКОТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ДАМУЫ – ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІҢ ЖЕМІСІ

ХХІ ғасырда кез келген өнім өндіруші мекеме автоматизациялауға ұмтылады. Себебі жаңаша прогрестерді дер кезінде біліп, өндіріске енгізіп отырса, стартаперлер, компания басшылары мен инвесторлар қабылдайтын шешімдеріне нендей тенденциялар әсер ететінін жақсырақ түсіне алады. . «Керек кеңес» айдары арқылы жасанды интеллект сан түрлі саланың бәріне дерлік еніп үлгерді деуге болар, оның ішінде экотехнологиялар да бар екенін анықтап, түркістандық оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

2024 жылдың ендігі бір тенденциясы — жаңартылатын шикізат саласындағы технологиялар эволюциясы. Бұл қатарға экологиялық таза технологиялар мен климатқа қатысты технологиялар жатады. Gartner деген америкалық зерттеу және консалтиң компаниясының пікіріне сүйенсек, биылғы стратегиялық тенденциялардың бірден-бірі осы экотехнологиялар болады. Компания болжамы бойынша, 2027 жылға қарай ақпараттық технологиялар директорлары жұмысының ширек бөлігі «жасыл» технологиялармен байланысты болады деседі.

Harvard Business Review ғылыми танымдық журналы «Жерді экологиялық апаттан сақтау мақсатында жасалатын шаралар 12 трлн долларлық бизнес-мүмкіндіктерге жол ашады» деп жазған. Яғни мұнда БҰҰ-ның тұрақты даму саласында бекітілген 17 үлкен мақсат пен соларға қатысты 169 міндет жайлы айтылып отыр.

2024 жылғы трендтерге оралсақ. Биыл қоқыс өңдеу, электромобиль, жаңартылатын шикізат қолданылатын тұрғын-үй және коммерциялық құрылыс, «жасыл энергетика», экологиялық ауыл шаруашылығы технологиялары мен көміртек алу сынды салалар көш бастайды. Байқасақ, Google, Apple, Meta және Amazon кейінгі жылдары кәсіпорындардағы экологиялық ұстанымды арттыруға бағытталған ауқымды жобаларды іске қосқан. Экологияны сақтауға қатысты бастама жасағандардың ішінде Patagonia, Cisco, Microsoft, Adidas, Autodesk, Schneider Electric, Tesla, Dassault Systèmes, IBM, H& M және Siemens компанияларын да атап өту керек. Ал стартаптардан Amp Robotics, Aurora Solar, Oxford PV, Verdigris, Grow a Wish, Carbon Clean Solutions, Blue Planet, Heliogen, Grove Collaborative, Agricool, TIPA, Genecis және Source бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *