
Бүгінгі таңда кез келген компания бәсекеге қабілетті болуы үшін технология саласындағы трендтерді біліп отыру керек. «КЕРЕК КЕҢЕС» айдары арқылы жасанды интеллект сан түрлі саланың бәріне дерлік еніп үлгерді деуге болар, оның ішінде кәсіпкерлік те бар екенін анықтадық. ЖИ жұмысты жеңілдетіп қана қоймай, қомақты қаржы табуға да көмектеседі. Дегенмен көп жағдайда адамдар бұған күмәнмен қарайды: расымен жұмысты жеңілдете ме, әлде ЖИ-дің бизнеске енгізудің көлеңкелі тұсы бар ма? Арнайы Түркістан облысының тұрғындары үшін 2024 жылы қандай басты технологиялық және бизнес-трендтердің біріне тоқталайық.
Дженератив жасанды интеллект жайлы өңірдегі оқырман біледі ме?
Мұның басты тренд екені айтпаса да белгілі. 2025 жылға қарай AI барлық деректің 10 пайызын генерациялайтын болады деген болжам бар. Бұл дегеніміз биыл жасанды интеллект тіпті қарқынды жұмыс істейтінін білдіреді. Мысалы Nvidia компаниясының табысына қарап, инвесторлар дженератив жасанды интеллектіге ерекше назар аудара бастады. Ал компания акциялары демде аспандап кетті. Жалпы 2023 жылы жасанды интеллектімен айналысатын компаниялардың барлығы дерлік жақсы өсті. Бұл саладағы жетекші компаниялар қатарында Microsoft, Nvidia, IBM, AMD, Google, Meta, Amazon, Alibaba, Baidu, ServiceNow, Intuit, Adobe және Salesforcе бар. Стартаптарға келсек, OpenAI, Hugging Face, Anthropic, Cohere, AlphaSense, Gong, Jasper, C3 AI, DeepMind, Databricks, Synthesis AI, Stability AI, Lightricks, Glean және Inflection көш бастап тұр. Дженератив жасанды интеллектінің даму барысын жіті бақылаған дұрыс. Себебі технологиялық жаңалықтар экономиканы түбегейлі өзгертіп жіберуі мүмкін. Мысалы, Goldman Sachs инвестициялық банкі жасаған болжамда дженератив AI алдағы 10 жылда әлемдік ЖІӨ-ні 7 пайызға өсіруі мүмкін екен. Бұл бизнес пен қоғамға қатты әсер ететіні белгілі.
