Су тасқынынан зардап шеккендер алдағы уақытта мобильді қосымша арқылы өтінім бере алады. Бұл жайында Орталық коммуникация қызметі брифингінде ҚР Еңбекті қорғау және әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми өкілі Мадияр Уақпаев хабарлады. Әзірше бұл қызмет түрі Ақмола облысында қолданысқа енеді. Елімізде орын алған су тасқынының салдарын жеңілдетіп, күрделі мәселелерді ретке келтіру үшін «Электронды үкімет» мобильді қосымшасында өтінім беру тетігі іске қосылған болатын. Осы орайда ел іргесі бүтін болсын деген тілектерін жеткізіп, қолдарынан келген көмектерін аямайтын Түркістан облысының тұрғындарының назарына ұсынып отырмыз. Біздің күшіміз бірлікте!
Су тасқынынан зардап шеккен жастарды шағын несиелендіру бағдарламасы бойынша қарыз алушыларға шағын несиелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру қамтамасыз етіліп, басқа да мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылады. 2024 жылға арналған кестелер бойынша барлық төлемдер 2025 жылдан бастап қаржыландыру кезеңінің соңына дейін келесі төлемдерге тең үлестермен бөлінеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесе отырып, «Электрондық үкімет» мобильді қосымшасында су тасқыны салдарынан келтірілген залалды өтеуге өтініштер беру функционалдығын енгізді.
«Су тасқыны болған аймқатардағы тұрғындар үшін «Электронды үкімет» мобильді қосымшасында өтінім беру тетігі іске қосылды», – деді Мадияр Уақпаев.
Оның мәліметінше, балаларды қоса алғанда, 4 мыңға жуық адамға мүгедектікті қайта куәландыру мерзімдері автоматты түрде ұзартылды. Мүгедектігі бойынша жәрдемақы төлеу бұрын белгіленген топ бойынша жүзеге асырылады.
Су басқан аймақтардан мүгедектігі бар 96 адам көшірілді. Республика бойынша қарттар мен мүгедектігі бар азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін барлық 118 орталық штаттық режимде жұмыс істеуде.
Сондай-ақ министр келіссөздерге сәйкес интернет байланысының әр нүктесіне 200 доллар көлемінде қаражат жұмсау көзделіп отырғанын айтты. Ол бұл сомаға құрылғы құны мен орнату және техникалық қолдау көрсету қызметі кірмейтінін айтты.