ТҮРКІСТАН: АЛАЯҚТАР АНТИКОРДЫҢ АТЫНАН ЖАЛҒАН МӘЛІМДЕМЕ ТАРАТУДА

Соңғы уақытта алаяқтар тарататын жалған ақпараттар қатары көбейген. Осыған байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазақстандықтарға ескерту жасады.

Антикор мәліметінше, мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар пайда болған.

«Жалған ақпараттарға сенбеуге, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге, сондай-ақ қаражат аудармауға шақырамыз. Осындай фактілер болған жағдайда Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына хабарлауды сұраймыз», – делінген хабарламада.

Осыған дейін мессенджерлерде үкімет басшысы атынан да қаражат аударуға үндейтін жалған хабарламалар таралған болатын.

Оның ішінде елге көмектесу үшін мессенджерлер көмегімен белгілі бір шотқа қаражат аударуға үндейтіндер көбейген. ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі тұрғындарды ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.

«ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі мессенджерлерде қаражат аудару туралы өтініш айтылған Премьер-Министрдің және Үкімет мүшелерінің атынан ақпарат таратылып жатқанын хабарлайды. Бұл – жалған ақпарат. Оны интернет-алаяқтар таратып отыр. Жалған ақпаратқа сенбеуге, қаражат аудармауға және күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырамыз. Құқық қорғау органдары алаяқтық әрекеттер жасап жатқан адамдарды  анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізуде», – делінген «UKIMET» телеграм желісінде.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев желіде су тасқынына қарсы штабтардың жалған аккаунттарын ашып, ақпарат тартушыларға ескерту жасады.

Үкімет баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Бозымбаев су тасқыны кезінде дүрбелең тудыратын жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салды. Ақпаратқа сүйенсек, әлеуметтік желіде жалған ақпараттың тарауы табиғи апатпен күресіп жатқан адамдардың жұмысын қиындатып жатыр. Вице-премьер атап өткендей, мұндай жалған ақпараттар қоғамда, әсіресе, зардап шеккен өңірлерде жиі дүрбелең тудырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *