КЕРЕК КЕҢЕС: ӨНЕРКӘСІПТІК ЖОБАЛАУҒА ЖАСАНДЫ ЗЕРДЕ ЕНГІЗІЛУДЕ

ЖИ нәтижесінде үлкен табысқа жетіп отырған ұйымдар көп жағдайда дәстүрлі құралдарды ЖИ құралдармен комбинациялап, бизнес-функцияларды реттеуде оны кеңінен қолданып отыр екен. Әдеттегі фирмалар ЖИ-ді іркілістерді болдырмау үшін пайдаланса, жетекші компаниялар жаңа құндылықтар құру, жаңа бизнес ашу және жаңа бағыттарды тудыру тұрғысынан қолданғанды жөн көреді. ЖИ-ді жаппай енгізіп жатқан компаниялар генеративті ЖИ құралдарын пайдалануға құмар. Бұл құралды олар негізінен өнімдер дайындау, тәуекел-менеджментті қалыптастыру, логистикалық және кадрлық жұмыстарды басқару бойынша бағдар етеді.

Дегенмен ЖИ төндіруі ықтимал тәуекелдерді де ескермеуге болмайды. Сауалнамаға қатысқан респонденттердің басым бөлігі олар жұмыс істейтін ұйымның ЖИ-мен байланысты тәуекелдерге бас қатырмайтынын айтқан. ЖИ технологиясын пайдалануды реттейтін саясат тек компаниялардың 21 пайызында ғана енгізілген.

Айта кету керек, әлемге танымал компаниялар арасында NVIDIA мен Siemens өндірісте және өнеркәсіптік жобалауда генеративті ЖИ-ді енгізу бойынша ынтымақтастықты кеңейткенін мәлімдеді. Siemens өзінің Xcelerator платформасында NVIDIA Omniverse Cloud API жаңа бағдарламалық интерфейсін интеграцияламақ. Omniverse Cloud – орналасқан жеріне қарамастан мета әлем қолданбаларын жобалауға, жариялауға, пайдалануға және сынауға мүмкіндік беретін бұлттық қызметтердің кешенді пакеті. Ал Xcelerator – бұл қосымшаларды әзірлеуге арналған бағдарламалық жасақтама мен қызметтердің  интеграцияланған пакеті.

NVIDIA мен Siemens бұл ретте Omniverse және Xcelerator платформаларын біріктіре отырып, өнеркәсіптік автоматтандыруды жаңа деңгейге шығаруды жоспарлап отыр. Серіктестер кең ауқымды Xcelerator өнеркәсіптік экожүйесін және ЖИ қолдауымен нақты уақыттағы виртуалды әлемді құрудың физикалық дәл тетігін біріктіреді. Бұл нақты, шынайы цифрлық егіздерді жасауға мүмкіндік береді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *