
Goldman Sachs компаниясының дерегінше, генеративті ЖИ әлемдік жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 7 пайызға дейін (немесе 7 трлн долларға дейін) ұлғаюын қамтамасыз ете алады. Осы жайлы «Керек дерек» айдарында Түркістан облысының тұрғындарының назарына ұсынып отырмыз. Сонымен қатар 10 жылда өнімділік өсімі 1,5 пайыздық тармаққа артуы мүмкін деген болжам айтылады. Генеративті ЖИ-ді адам тілін, бағдарламалау тілін, өнерді, химияны, биологияны, физиканы, басқа да кез келген күрделі пән мен бағытты үйретуге дайындауға болады. Ол өзі үйренген деректер негізінде жаңа міндеттерді шеше бастайды. Мысалы, ол ағылшын тілін меңгеріп алып, әрі қарай өлең шығара бастауы мүмкін.
McKinsey жүргізген сауалнама қорытындысында бес компанияның төртеуі генеративті ЖИ-ді қолдана бастады делінеді. Респонденттердің 80 пайызы оны өз жұмысында сынап көрген, ал 22 пайызы тұрақты түрде қолданады екен. Бұл ретте әсіресе, технологиялық, қаржылық және консалтингтік компаниялар көш бастайды.
«Тәжірибелі жұмысшылардың өнімділігіне генеративті ЖИ әсері тым аз болады немесе тіпті теріс әсер етуі әбден ықтимал. Тіпті тиімділігі жоғары компаниялардың өзі ЖИ-дің алдыңғы қатарлы тәсілдері мен әдістерін толық игеріп кете алған жоқ. Бағаланбай тұрған құралдың бірі – MLOps – өндірісте машиналық оқыту үлгілерін сенімді және тиімді орналастыруға және қолдауға бағытталған тәжірибелер жиынтығы. Бұл құралды қазір ЖИ-ді енгізген көшбасшы-компаниялардың небәрі 35 пайызы пайдаланады. Қарапайым компаниялардағы үлес деңгейі – 19 пайыз. Әйтпесе, MLOps әдістері өзін баяғыда-ақ жақсы қырынан көрсетіп үлгерген.
ЖИ қызметкерлері үшін – бұл қауіп емес. Басшылардың біразы жақын үш жылда қызметкерлерді генеративті ЖИ жетістігіне бола жұмыстан қысқартуды жоспарлап отырған жоқ. Бірақ бұл сервистік операцияларға қатыссыз. Сонымен қатар көптеген басшылар ЖИ кейбір салаларда вакансия санын арттырады деп болжайды. Мәселен, олардың арасында өнімдерді әзірлеу мен тәуекелдерді басқару бар», – дейді сарапшылар.