КЕРЕК ДЕРЕК: GOOGLE СОҢҒЫ ЕҢ ТАНЫМАЛ СҰРАУЛАР РЕЙТИНГІН ҰСЫНДЫ

Google соңғы ең танымал сұраулар рейтингін ұсынды. Түркістандықтарға танымдық әрі қызықты ақпарат ретінде аталған іздеу тақырыптарын жариялап отырмыз. Әлемдегі ең танымал іздеу платформасында тізім 18 тақырыпқа бөлінген, олардың әрқайсында топ-10 іздеу тізімі бар. Олардың ішінде «Рецепттер», «Адамдар», «Актерлер», «Ойындар», «Музыканттар», «Теле-шоу» және т.б. бар.

«Жаңалықтар» санаты («Оқиғалар»)

Сұраныс саны бойынша ең танымал оқиға — Израиль мен Газадағы соғыс. Одан кейін: «Титан» батискафы апаты, Түркиядағы жер сілкінісі, сондай-ақ «Хилари» мен «Идалия» дауылдары.

Кей рейтингтегі үздік бестікке тоқталсақ.

«Адамдар» санаты

  • Дамар Хэмлин;
  • Джереми Реннер;
  • Эндрю Тейт;
  • Килиан Мбаппе;
  • Трэвис Келси.

«Актерлер» санаты

  • Джереми Реннер;
  • Дженна Ортега;
  • Энносукэ Итикава IV;
  • Дэнни Мастерсон;
  • Педро Паскаль.

«Фильмдер» санаты

  • «Барби»;
  • «Оппенгеймер»;
  • «Солдат»;
  • «Звук свободы»;
  • «Джон Уик-4».

«Музыканттар» санаты

  • Шакира;
  • Джейсон Олдин;
  • Джо Джонас;
  • Smash Mouth;
  • Пеппино ди Капри.

«Әндер» санаты

  • «Idol» — Yoasobi дуэті;
  • «Try That in a Small Town» — Джейсон Олдин;
  • «Bzrp Music Sessions, Vol. 53» — Шакира;
  • «Unholу» — Сэм Смит және Ким Петрас;
  • «Cupid» — Fifty Fifty.

Кей санада «Гугл» сөзі «Интернет» терминімен бірге қалыптасып кеткен. Өйткені, әйгілі Гугл торабын қолданбайтын Интернет қолданушысы кемде-кем. Ал бұл жобаның авторлары қарапайым студенттер екенін бірі білсе, бірі білмейді. Әйгілі Гугл жобасының авторлары: Стенфорд университетінің студенттері Ларри Пейджа мен Сергей Брин. Google сөзі — онның жүз дәрежесі дегенді білдіреді. Артынан бұл сөздің  «googol»деп жазылатыны анықталды. Дегенмен, Google сөзі қолданысқа еніп кеткеннен кейін, әйгілі компания «Google» атымен аталып кетті.

Компания жұмысын 1998 жылдың қыркүйек айында бастады. Қазіргі таңда Google іздеу жүйесі — миллиондаған адамдардың көмекшісі.  Бұрын Google басшылығы Yahoo компаниясына  коммерциялық ұсыныс жасаған еді. Google-ды 1 000 000 $ сатпақшы болған жоба иелері теріс жауап алады. Әлемдегі барлық интернет қолданушылардың 60 пайызы осы компанияның қызметіне жүгінеді. Бүгінде Google компаниясында 20 мыңға жуық адам еңбек етуде. Компания тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі 2006 жылы болған. Сол кезде Google Youtube компаниясын 1,65 млрд долларға сатып алған болатын. Тіл ғылымын зерттейтін мамандардың пайымдауынша, әлемдегі ең танымал сөз осы Google боп тұр.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *