КЕРЕК ДЕРЕК: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІ ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫН ЖАҢАРТУДА

Технология саласында төңкеріс жасап жатқан жасанды интеллектіні контент ретінде қолдану 2024 жылы көбеймесе, азая қоймас. Әрі әлеуметтік желілер де жаңа трендтерге ілесіп, өз өнімдерін, жаңартуларын енгізіп жатыр. Олай болса, бизнесіңізді әлеуметтік желі құралдары арқылы биыл қалай дамытуға болады? Осы сұрақтар төңірегінде «Керек дерек» айдары арқылы аталмыш сұрақтарға жауап іздеп, арнайы Түркістан облысының тұрғындарының назарына заманның соңғы жаңалықтарын жариялап, насихаттау мақсатында соған тоқталайық.

Қысқа да нұсқа видео: бұл формат несімен ерекше?

Былтыр қысқа видеолар көпшіліктің көңілен шықты. Сол қарқын әлі де жалғасуы мүмкін. TikTok, Instagram Reels және Youtube Shorts көш бастай береді. Демек, осындай шорт формат аса маңызды, оны елемеуге болмайды деген сөз. Визуал сторителлиң мен креативке баса мән беру керегін ұғындырды. Бірнеше секунд ішінде фоллоуерді ұстап қалып, қызмет пен тауар сатуды бизнес иелері түсініп келеді. Соған қарай бейімделіп, нарықта жаңа эксперттер — TikTok маманы, рилсмейкерлер пайда болды. Әлеуметтік маркетиңнің ең маңызды бөлігіне айналды. Аудиториямен эмоциялық байланыс орнатып, брендке деген адалдықты арттыруға үлес қосты.

Дижитал технологиямен кіндігі байланып туған жаңа дәуір ұрпақтары әлеуметтік желілердің әрмен қарай да қатты қарқын алуына әжептәуір үлес қосады.  Generation Z болсын, альфа ұрпақ болсын аутентика, креатив, юник қасиеттерді бағалайды. Сондықтан бизнес иелері бұрынғы стратегияларын қайта қарап, бейімдеуі керек. Оның ішінде өзгеше әрі интерактив формат қосу қажет болады. Әлеуметтік желідегі парақшаларды былай қойғанда, кәсіби алаң саналатын LinkedIn де өзгерістерге адаптация жасап жатыр. Оның контентіне жеке тақырыптар қосылды. Сол арқылы қолданушылармен тығыз байланыс орнатпақ екен. Осы сынды өзгерістер брендтер мен маркетологтарға жұмысын өрлетуге керемет мүмкіндік сыйлайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *