КЕРЕК ДЕРЕК: ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ АУТЕНТИКА СӘНГЕ АЙНАЛУДА

Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде іздеу жүйесін оңтайландыру тіпті ауадай қажет. Себебі ол әлеуметтік медиада жаңа қарқын алып келеді. Олай дейтініміз, кейінгі кездері әлеуметтік желі парақшалары контент қарап қызықтайтын алаңнан гөрі ақпарат, тауар, қызмет іздейтін жерге айналып жатыр. Сондықтан SMМ-стратегия жасаған кезде осы SEO мәселесіне баса мән беру керек. Қазір қолданушылар іздеген затын Google-ға салып емес, Instagram-нан іздейтін болған. Демек компаниялар мен маркетологтар осыны ескеріп, компаниясының қызметі жайлы жазғанда бренд бірден көзге түсетіндей қылып дайындауы керек. Анық ақпараттарды облыс тұрғындарына таныстыру үшін «Керек дерек» айдарында тұрақты түрде жариялап келеміз. Осы орайда өңір тұрғындарының назарына Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қазіргі таңда атқарып жатқан жұмыстары мен жарқын жетістіктерді ұсынып отырмыз.

Қазір алгоритмдер хештегті ғана емес, аккаунтты қаншалықты танымал, беделді болғанын да есепке алатын болған. Сол себепті жоспар жасағанда іздегенде атып шығатынын да, әр әлеуметтік желіге өз контентін жасау керегін де ескеру қажет.

Сонымен қатар, биылғы трендтердің тағы бірі — шынайылық. Яғни сырт көзге «шикі» көрінетін, монтаж қолданылмаған, тікелей эфирде болған контенттің маңызы артып келеді. Осыған қарап, аудиторияның фильтрмен сәнделген, әбден қырқылған контенттен жеріп, шынайы болмысты бағалайтынын түсінуге болады. Аудитория ауқымын кеңейту үшін биыл видео салып қана қоймай, оның астына субтитр қоюды ұмытпау керек. Сонда әлгі видеоңыз әлеуметтік желіде жақсы таралады. Біреу телефон дыбысын қоса алмайтын жағдайда болып жатуы мүмкін, енді бірі мүмкіндігі шектеулі болуы мүмкін. Осы сынды факторларды ескеріп, барлығына бірдей өтімді, инклюзив форматты ұстанған жөн.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *