Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров:
ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ БІЛІМ САЛАСЫНА КӨП КӨҢІЛ БӨЛІНУДЕ
Ауданда аз қамтамасыз етілген және мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйелі түрде көрсетілуде. 2023 жылғы 11 айдың қорытындысымен 628 отбасыға яғни 3931 адамға атаулы әлеуметтік көмек төленіп, кедейлік шегі шеңберіндегі азаматтар саны аудан халқының 3,8%-ын құрады. Көмек алған отбасылардың 1200 балаларына қосымша қаржылай төлем жасалынды. «2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның» еңбек бағытында ағымдағы жылы 11 айда 4567 азамат жобаға қатыстырылды. Оның ішінде, жастар практикасына — 550, ақылы қоғамдық жұмысқа — 1154, әлеуметтік жұмыс орындарына — 272, алғашқы жұмыс орындарына — 68, «Күміс жас» жобасына — 122 адам жолданды. Тұрақты жұмыспен 2287 азамат қамтылды. «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне 972 азамат оқытылып, сертификат алды. Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға 100 азаматқа мемлекеттік грант берілді. Жастарға өз кәсіптерін ашуға 14 адам жеңілдетілген шағын несиемен қамтылды.
Аудандағы білім беру саласына үкіметтік тұрғыда үлкен қолдау көрсетілуде. Аудандағы 53 білім беру ұйымдарына 25 570 оқушы болса, оның ішінде 9 413 оқушы ыстық тамақпен қамтылған. Ағымдағы жылы 42 мектепке дабыл батырмасы орнатылып, жедел басқару орталығына қосылды. 28 мектепке мамандандырылған күзетпен қызмет көрсетілуде. 360 дана бейнебақылау камералары орнатылды. Сонымен қатар 10 мектептің қоршауы ауыстырылды. Сондай ақ, 700 баладан асатын 13 мектепке 52 турникет қойылды.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде 2024 жылы 300 орындық бір мектеп, 600 орындық екі мектептің құрылысы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Сонымен бірге, 2025 жылы 600 орындық 2 мектеп пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қазіргі таңда 3 мектептің құрылысы жүргізілуде. Облыстық бюджет есебінен Оранғай ауылында 150 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталып, жыл соңына дейін пайдалануға берілді. 2023 жылы 774 орынға арналған төрт жекеменшік мектеп ашылды. 2024 жылы 900 орындық бір мектеп пайдалануға беріледі.
Қазіргі таңда төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында 12 ауылдық округтерінде тиісті жұмыстар жүргізілді. Шаға және Құрсай өзеніне дейін бір шақырым дамбы көтеріліп қашыртқы қазылды. Құрсай өзенінен Бершінтөбе елді мекені арқылы аэропорт жолына дейін өзен арнасын 7,7 шақырымға кеңейту жұмыстары жүргізілді. Шаға ауылының ішінен өткен арықтарға 3,2 шақырым механикалық тазарту жұмыстары атқарылды. Ынталы елді мекенінің тау жақ беткейіне ұзындығы 500 метр бөгет жасалынды. Бабайқорған елді мекенінде орналасқан су жүретін қашыртқы арықтарды тазартып, қалпына келтірілді. Сонымен қатар, төрт елді мекенде жұмыстар өз жалғасын табатын болады.
Алдымызда ауданды дамыту бағытында ауқымды міндеттер тұр. Басты міндетіміз аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында жұмыстар жалғасатын болады. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларының әрі қарай тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, жаңа кәсіпорындар ашу көзделуде. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту есебінен аудан экономикасын көтеру, жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жұмыстар атқарылатын болады.