Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұқбатында бізге Петр 1-дің Жаңа жылы емес, Наурыз төл мерекеміз екендігін атап өткен болатын. Күн мен түннің теңесетін Наурыз мерекесін Сауран ауданының диқандары үлкен жетістіктерімен қарсы алып отыр.
Қазіргі таңда Сауран ауданының диқандары көктемгі егіске барынша тыңғылықты даярлануда. Соңғы жылдар суармалы егіншіліктің жерін барынша баптап, суды аз қажет ететін дақылдар егу мен жаңбырлатып, тамшылатып суаратын технологияға көшу мәселесі күн тәртібінде тұр. Бұл орайда егіншілік пен ғылымды ұштастырудың қажеттігі байқалды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: Егін шаруашылығын-да маңызды реформа жасайтын кез келді. Егіс түрлерін көбейтуіміз ке-рек. Сондай-ақ көбірек пайда әкелетін дақылдар еккен жөн. Суды көп қажет ететін егіс алқабын біртіндеп азайтып, бір ғана дақыл түрін егуді шектеу қажет. Диқандарды жергі-лікті тұқыммен қамтамасыз ету маңызды. Сонымен қатар жаңа сұрып-тарды шығарып, оны өсіру мәселе-сін шешкен жөн.Мемлекеттің баға реттеу мәселесіне шектен тыс ара-ласуы агроөнеркәсіп кешенін өркендетуге айтарлықтай кедергі келтіріп отыр. Бұл мәселені де шешу керек. Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы ахуалды тұрақтандыру ісінде қазіргіден де маңызды рөл атқаруға тиіс. Бұл мекеме қажет кезде интервенция жасап, бағаның өсімін тежеп отырады. Азық-түлік корпорациясы нарықтағы жекеменшік иелерінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін, оны сақтайтын және сататын толыққанды желі құруына жәрдемдесуге тиіс,-деген болатын.
Сауран ауданы бойынша 2023 жылдың қорытындысымен ауыл шаруашылығы саласында 101,9 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлемі-106,1% құрады. Атап өтсек, өсімдік шаруашылығы – 70,8 млрд. теңге яғни 108,3%, мал шаруашылығы – 30,5 млрд. теңгені яғни 100,8% құрады. Биылғы жылы 44082 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Өткен жылмен салыстырғанда 1945 гектар артық орындалды яғни 104,6 % жоғары. Оның ішінде бидай – 4254 гектар болса, түсімі гектарына 32 центнерден айналды. Өнім көлемі 13613 тонна құрады. Дәндік жүгері – 2903 гектардан түсімі 73 центнерге жетті. Жалпы өнім көлемі 21192 тоннаға жетті. Майлы дақылдар 690 гектарға егіліп, түсімі 16 центнерге жетті. Өнім көлемі 1104 тоннаға барды. Бақшалық дақылдар 6487 гектарга егілді. Түсімі 330 центнерді құрады. Өнім көлемі 214071 тоннаға жеткізілді. Картоп – 470 гектарға сіңіріліп, түсімі 280 центнер болды. Өнім көлемі 13160 тоннаға жетті. Көкөніс – 2482 гектарға егілді, түсімі 370 центер, өнім көлемі 91834 тоннаға жеткізілді. Мал азықтық да-қылдар – 15130 гектар, оның орташа түсімі 87 центнерге жетті. Өнім көлемі 131631 тонна құрады. Мақта – 11666 гектарға егіліп орташа түсімі 31 центнерге жетіп отыр. Өнім көлемі 36165 тоннаны құрады.
«АУЫЛ АМАНАТЫ» АЛТЫ БАҒЫТТЫ АЛҒА АПАРАДЫ
«Ауыл аманаты» жобасы Қазақстан Республикасының Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы №1 «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығы негізінде бастау алды. Жобаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендердегі жұмыссыздық және атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту. Өзін-өзі қамтушыларды заңдастыру. Ауылдық елді-мекендерде жаңа жұмыс орындарын құру, мал мен құстың санын көбейту, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Жоба — халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету, ауыл әлеуетін тиімді пайдалану арқылы ауыл экономикасын және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге үлкен мүмкіндіктер береді. Бағдарламаны жүзеге асыруға 2023 жылы Республикалық бюджеттен 11,0 млрд. теңге қаржы бөлінген. Бұған қосымша 8,7 млрд. теңге бөлініп отыр. Жобаны іске асыруда бірінші кезекте жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтер негізінде дамытуға басымдылық берілуде.
Несиелендіру алты бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады. Оның ішінде өсімдік шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығын дамыту, құс шаруашылығын дамыту, балық шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы кооперативтерді жабдықтау және тұрғындардың өз кәсібін ашуына мүмкіндік жасау ретінде шешіледі. Несиенің ең жоғарғы сомасы — кооперацияны дамыту үшін 27600000 теңгеге дейін (8000 АЕК); жеке қосалқы шаруашылығын дамыту үшін — 8625000 теңгеге дейін (2500 АЕК). Қаржыландырудың ең аз мерзімі – 12 ай; ең ұзақ мерзімі – 84 ай. Борышты өтеу бойынша 12 айға дейін жеңілдікті кезең қарастырылған. Ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыруға арналған «Ауыл аманаты» қанатқақты жобасына қатысушы ретінде Сауран ауданына қарасты Қарашық және Оранғай ауылдық округтері таңдалып отыр. Қосымша тағы екі ауылдық округті таңдау үшін қазіргі таңда ауылдық округтерде скрининг жұмыстары жүргізілуде. Майдантал және Ескі Иқан ауылдық округтері енгізілді.
«Ауыл аманаты» жобасымен несие алуға 274 адам құжат тапсырды. Олардың тапсырысы шамамен 1 494 млн. теңге құрайды. Оның ішінде, 191 жобаға 1267 млн.теңгеге қаржыландырылды. Мал шаруашылығы бағытында – 165 жоба; (құны 1005 млн. теңге болса, өсімдік шаруашылығы — 9 жоба, балық шаруашылығы – 2 жоба, ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері — 5 жоба болып отыр. Өз кәсібін ашуға құны 68 миллион теңге болатын он жоба мақұлданды. Бүгінгі күні аудан бойынша 160 шаруа өзге облыстан 3175 мал сатып алды. Сонымен қатар 9 шаруа жылыжай салды.
«Ауыл аманаты» қанатқақты жобасы бойынша ауыл халқының кірістерін арттыру және ауқымды түрде қолдану үшін ауылдарға микрокредиттер беру бағдарламасы аясында Түркістан облысы бойынша 2024 жылға 13,2 млрд. теңге қаржы бағытталды. Осы жобаға қатысушы ретінде Үшқайық, Иассы, Жаңа Иқан, Шаға ауылдық округтері таңдалды.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде жүзеге асырылып жатыр. Оның басты мақсаты − еліміздің барлық өңірлерінде ауыл тұрғындарының табысын арттыру. Ауыл тұрғындарына микрокредиттер жылдық 2,5%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен беріледі. 2023 жылдың қорытындысы бойынша бағдарлама аясында 12,2 млрд теңгеге 75,5 мың шағын несие беріліп, 12 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Түркістан облысына келетін болсақ, өткен жылды мұнда 3 256 млрд теңгеге 19,8 жоба қаржыландырылды, 3 413 жұмыс орны ашылды. Кооперативтер негізінде жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуға басымдық берілді.
Еске салсақ, «Ауыл аманаты» жобасының мақсаты — ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жан-жақты қолдау, аграрлық бизнесті ілгерілету мәселелерін шешуге бағытталған.
Жан-жақты зерделенген жобада жеңілдіктер де жоқ емес. Мәселен, ауыл азаматтары кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала отырып, техниканы лизингке рәсімдеуге мүмкіндік алады. Несие немесе микронесиенің мерзімі — 5 жыл болса, мал және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобаларға 7 жылға дейін беріледі. Несиенің ең жоғары соммасы қолданыстағы заңнама бойынша анықталады.
Жобаға қызығушылық танытқан ауыл тұрғындары толық ақпаратты аудандық «Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарына» жүгініп, нақтылай алады.
Айта кету керек, бағдарлама арқылы жүзеге асқан барлық жобалар тұрғындардың табысын арттырып қана қоймай, жалпы өңірге оң әсер етіп, ауыл шаруашылығын дамытуға септігін тигізеді.
ЖЫЛЫЖАЙЛАР ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКІЗЕДІ
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек.
Ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет. Ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту сияқты біз үшін болашағы зор бағыттарға басымдық берген абзал. Сонымен бірге өз еліміздегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының әлеуетін қаперден шығармаған жөн,-деген болатын.
Осы орайда жаңа өнімдерді басқалардан ерте нарыққа шығару үшін Сауран ауданының диқандары жылыжай шаруашылығын мықтап қолға алуда. Қазіргі таңда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының тапсырмасына сәйкес, жылыжай шаруашылықтарын дамыту бойынша 12 гектар құрылыс салынып, меже 100 % орындалды. Ауданда орналасқан жылыту жүйелерімен қамтамасыз етілген фермерлік жылыжайлар «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамы тарапынан сәйкестікті бағалау бойынша өтінім тапсырып, жылыжай кешеніне сертификат алады. Жылыжай кешендерінде өндірілген өнімді субсидиялаудың –қайтарымсыз қаржыландырудың ережелері мен субсидиялау құны қаралды. Шаруалар «Gosagro.kz» электронды порталы арқылы электронды цифрлық қолтаңба қолдану арқылы субсидияға өтінім тапсырады. Бүгінгі күнге бес фермерлік жылыжай «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамы Шымкент филиалының сертификатын алды. 14 агроқұрылымда қосымша 110 гектарға тамшылатып суғару әдісі енгізіліп, тапсырма 110 %-ға орындалды. Жоспар 100 гектар болатын.
СУДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Электр қуаты, жылу және су – тұрмысқа аса қажетті игіліктер. Оны үнемдеп пайдалану керек. Бұл жаңа тұрмыстық мәдениетке айналуы қажет. Жалпы, бұл – үй шаруасына ғана емес, тұтас экономикаға ортақ талап. Қазір суды оңды-солды пайдалануға мүлде болмайды. Үкімет энергетикалық тиімділік саясатын түбегейлі қайта қарауға тиіс. Онда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттары ескерілуі керек. Энергетиканы тиімді пайдалануға және басқа да ресурстарды үнемдеуге қатысты нақты нормативтік талаптарды біртіндеп енгізу қажет»,-деген болатын. Осыған орай Сауран ауданының диқандары суды үнемді пайдалану мақсатында жаңа технологияларға жүгінуде. Мәселен, Шаға ауылынан «ЯССЫ Агро KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 588 гектар жерге жаңбырлатып суару арқылы картоп, сәбіз егу жобасын ұсынып отыр. Жоба құны — 578 млн теңге тұрады. Жоба сәтті жүзеге асқан жағдайда жаңа жұмыс орнымен 20 адам қамтылады. Жаңа Иқан ауылынан «Агро Холдинг Түркістан» жауапкершілігі шектеулің серіктестігі 1400 гектар жерге жаңбырлатып суару әдісін енгізуді жоспарлап отыр. Ол жобаның құны – 1,6 млрд. теңге тұрады. Ол арқылы жаңа жұмыс орнымен 15 адам қамтылады. Жібек жолы ауылынан «JMJ Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1000 гектар жерге жаңбырлатып суару әдісін енгізбек. Жоба құны – 2,5 млрд. теңге тұрады. Ол арқылы жаңа жұмыс орнымен 30 адам қамтылады.
ИНВЕСТИЦИЯ ИГЕРІЛУІМЕН ИГІЛІКТІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазіргі ауыл шаруашылығы – жоғары технологиялы сала. Мұны білесіздер. Шаруаларды жер жағдайы немесе ауа райы емес, инновациялық амал-тәсілдер табысқа жеткізеді. Заманауи ғылымға сүйенбесе, ауыл шаруашылығы жай тоқырауға емес, құрдымға кетеді. Агроғылымды дамыту және ең бастысы, оны ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану үшін шаралар қабылдау қажет. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын зерттеу ісінің барлық сатысын қамтитын агротехнология хабына айналдыру керек. Сондай-ақ шетелдің танымал агро-ғылыми орталықтарымен толыққанды ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастық орнату керек. Біз жеке ғылыми-технологиялық бастамаларды қолдаймыз. Білім беру бағдарламаларын ауыл шаруашылығы талаптарына бейімдейміз»,-деген болатын. Міне осыған орай, Сауран ауданының ауыл шаруашылығы мамандары табысты салаларға инвестиция тартумен айналысуда. Мәселен, өткен жылы тамақ өнімдерінің негізгі капиталына 709,5 млн. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе артты. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 12,1 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 163,3% артты. Оның ішінде, ірі шаруаларды атап өтсек болады. Мәселен, Абдураимов Бекзад басқаратын Иассы ауылдық округіндегі ауыл шаруашылығы мақсатында мал қора құрылысы үшін инвестициялық жоба құны 302 млн теңге тұратын инвестиция тартты. Жаңа Иқан ауылдық округіндегі «Кеңесбай Ата» шаруа қожалығы жалпы құны 189 млн теңге тұратын мал қора және малшы үйінің құрылысы үшін инвестициялық жобасын ауылдық округіне тіркеді. Ескі Иқан ауылдық округіндегі «Темір Ата» шаруа қожалығы мал бордақылау алаңы, қойма, мақта қабылдау бекеті үшін инвестиция жоба құны 225 млн теңгені тіркеді. Ескі Иқан ауылдық округіндегі Расулов Абдураим мал бордақылау алаңының құрылысы үшін инвестиция жоба құны 247,5 млн теңге тұратын жоба ұсынды. Шаға ауылдық округіндегі «БНК Агро КЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сүт тауарлы ферма құрылысы және өндіру үшін инвестициялық жоба құны 1,84 млрд теңгеге жобасы мақұлданды.
ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазір әлемде жаңа экономикалық кеңістік қалыптасып жатыр. Қытайдан Еуропаға, Ресейге, Орталық Азияға және осы аймақтардан Қытайға жіберілетін тауар көлемі айтарлықтай көбейеді деген болжам бар. Қазақстан солтүстік пен оңтүстікті, батыс пен шығысты байланыстыратын жаһандық жолайрықта орналасқан. Бұл біздің елімізге зор мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан көлік-логистика саласы экономикамызды алға бастайтын басты күштің біріне айналуға тиіс»,-деген болатын. Осы орайда Сауран ауданының Батыс Қытай-Батыс Еуропа халықаралық магистральдық желі бойына орналасуын барынша тиімді пайдалануымыз керек. Сондықтан саурандық диқандар мен малшы қауымы барынша табысты салаларды қолға ала бастады. Мәселен, Үшқайық ауылдық округіндегі «Иманқұл ата» шаруа қожалығы 2 гектар жерге балық шаруашылығын дамыту үшін инвестициялық жоба құны 624 млн теңге тартылды.
2024 жылға ауыл шаруашылығы бойынша жалпы құны — 14,5 млрд. теңгеге 9 ірі және 35 шағын инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде, өсімдік шаруашылығында жалпы құны — 7,9 млрд.теңгеге алты инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Атап өтсек, Ескі Иқан ауылдық округінен «AgroFoodTrade» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мақта майын өндіру цехын ашуды жоспарлап отыр. Жобаның жалпы құны 500 млн теңге тұрады. Жоба жүзеге асқан жағдайда жергілікті он адам жұмыспен қамтылатын болады. Оранғай ауылынан «Балмұздақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сыйымдылығы 150 тонналық кондитерлік, тамақ және жартылай фабрикат өнімдерін сақтайтын қойма жобасын ұсынып отыр. Жоба құны — 2,3 млрд теңге тұрады. Жоба сәтті жүзеге асқан жағдайда жаңа жұмыс орнымен 20 адам қамтылады.
БӨЛІНЕТІН ЕМЕС, БІРІГЕТІН КЕЗ КЕЛДІ
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жер де мал да «тістегеннің аузында, ұстағанның қолында» кеткені жасырын емес. Қазір енді бөлінетін кез емес, бірігетін кездің келгені байқалып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Бұл салада ірі компаниялар көбірек болса, нақты серпіліс жасауға болады. Біз экспортты ұлғайта отырып, ішкі нарықты да ұстап тұруымыз керек. Сондықтан елімізге сапалы өнімді қажетті көлемде тұрақты ұсына алатын кәсіпорындар қажет. Отандық агрофирмалардың ірі компаниялар қатарына кіргені жөн болар еді. Сондай-ақ өзара тиімді шарттарды ұсынып, бұл жұмысқа халықаралық корпорацияларды белсенді түрде тарту керек»,-деген болатын.
Қазіргі таңда Сауран ауданында мал саны — 583 378 бас, құс саны — 174 187 басты құрады. Бүгінгі күнге 14 830 тонна ет, 55 506 тонна сүт, 9 млн. 128 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2024 жылға мал шаруашылығы саласында жалпы құны — 6,6 млрд.теңгеге ірі үш инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Мәселен, Оранғай ауылдық округінен «БНК АГРО KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің екі жобасы бар. Біріншісі, 400 бастық сүт-тауарлы фермасын салу. Жоба құны — 2,1 млрд. теңге тұрады. Жоба жүзеге асқан жағдайда жаңа жұмыс орнымен 35 адам қамтылады. Екінші жобасы 1 гектар жерге мал азығын дайындайтын құрама жем-комбикорм цехының құрылысын бастамақ. Жоба құны — 400 млн. теңгені құрады. Жоба жүзеге асқан жағдайда жаңа жұмыс орнымен бес адам қамтылады. Шаға ауылдық округінен «SULTAN AGRO GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600 бастық сүт-тауарлы фермасын салуды бастады. Жоба құны — 4,1 млрд теңгені құрайды. Ол іске асқан жағдайда жаңа жұмыс орнымен жүз адам қамтылады.
Жаңа Иқан ауылынан 2024-2027 жылдары іске асатын «Казтекс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мақта кластері жобасын бастамақ. Жоба құны — 1,5 млрд теңгені құрады. Жоба жүзеге асқан кезде жаңа жұмыс орнымен 29 адам қамтылады. Инвестордың негізгі мақсаты төрт кезеңнен тұрады. 2024 жылы — мақтаны қайта өңдеу зауытын салу болса, 2025 жылы — мақта майы және кір сабын, қалған қалдығынан мал азығын шығару жобасын бастамақ. 2026 жылы — мақта талшығынан жіп өндіруді қолға алса, 2027 жылы — мата шығару жобасын көздеп отыр.
КЕҢЕСТЕ КЕЛЕЛІ КЕЛІСІМДЕР ЖАСАЛАДЫ
Сауран ауданында аудандағы ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында 2023 жылдың қарашасында ауыл шаруашылығы кеңесі құрылды. Өзекті мәселелер аталған кеңесте талқыланып, шешу жолдары қарастырылатын болады. Қазіргі таңда, ауылдық округтердің өзекті мәселелерін тыңдау және оларды талқылау мақсатында елді мекендерді аралау жұмыстары жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасындағы және ауылдық округ әкімдіктерінде жүр-гізілетін ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу кітапшасындағы мал бастарын сәйкестендіру үшін аудан әкімінің 19.12.2023 жылғы №97 н/қ өкімімен жұмысшы топ құрылды. Ауылдық округ әкімдігі тарапынан елді-мекендер мен фермерлік шаруа қожалықтарын аралау, түгендеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күнге 15217 аула мен 312 шаруа қожалықтарының мал қора мен малшы үйлері толық араланып, санақ жұмыстары 100 пайызға орындалды. Ауыл шаруашылығы санағының нәтижесі бойынша аудандағы жалпы мал саны – 515404 бас, құс саны – 160020 басты құрады. Бұл шараның басты мақсаты ауыл шаруашылығындағы малдар мен құстардың нақты санын анықтау ғана емес, олардың түрлі ауруларға ұшырау мүмкіндігін барынша төмендету болып табылады. Бұл өз кезегінде қауіпсіз әрі сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуге жол ашады.
Ескендір ЕРТАЙ.