Елімізде егістік алқаптары үшін «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы қабылданып,тиісті жұмыстар жүргізілуде. Осы жөнінде мәліметтерді ақпараттық сайтымыз арқылы оқырман қауымға ұсынбақпыз. Ақпараттық технологиялар, инновациялық идеялар сәт сайын жаңарып жатқан үрдістен еліміз де қалыспай, заманға сай жұмыс атқаруда. Биыл облысымызда ауыл шарушылығына «Ақылды технологияларды» енгізу жұмысы қолға алынды. Қазірдің өзінде өңірдегі 26 шаруа қожалығының жұмысы автоматтандырылған. Есесіне егістік алқаптары ұлғайып, агроқұрылымдардың жұмысы оңала бастады.«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы қабылданып, іске асыруға бюджеттен 384,2 млрд теңге қарастырылды. Қазір аграрлық саланы жандандыру мақсатында аталған бағдарламаны негізге алып, «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында ауқымды іс-шара жүзеге асырыла бастады. Бірінші кезекте әлемдік нарықта экспортқа бағытталған, бәсекеге қабілетті, сапалы өнім көлемін молайту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті тұр. Ол үшін әрине ауыл шарушылығын автоматтандыру керек. Өйткені цифрландыру жүйесі аталмыш саланы дамытудың негізі болып табылады.
Дамыған елдер цифрлы жүйелерді қолдану арқылы экономикалық өсімді 80-85 пайызға арттырып отыр. IТ-технологияны өндіріске енгізу шығындарды 20 пайызға азайтады. Қазақстандық фермерлер де GPS-жүйелері, мобильді қосымшалар, жоғары технологиялы датчиктер, алгоритмдер, спутниктік бақылау сияқты технологияларды кеңінен қолданысқа енгізуі қажет. Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы институтының ғалымдары «Ақылды ферма» жобасын жүзеге асырмақ. Аталған бағдарлама шаруашылықтағы жұмысты адамдардың көмегімен емес, айти технологиялар артқаратын болады. Осыдан біраз жыл бұрын аталған иституттың ғалымдары Оңтүстік Кореялық әріптестерімен байланыс орнатқан.
Мысал ретінде айтар болсақ Геозис Агросмарт секілді спутниктік мониторингтер, бұлар шамамен 500 мың гектар аумақта кеңінен қолданылады. Немесе жалпы егіс аумағының 12 пайызында кеңінен қолданылады. Бұл құрылғылардың арқасында ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші өзінің кәсіпорнында жүргізіліп жатқан ауыл шарушылық жұмыстарының барысын көктемгі дала және күзгі егін ору жұмыстары кезінде түрлі агротехникалық шараларды қадағалап тіпті минералды тыңайтқыштарды себу кезінде оның көлемі мен мөлшерін бақылап соның нәтижесінде жалпы кәсіпорын түсетін өнім көлемі артатын болады.