Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев бекітілген кестеге сәйкес, Жаңа Иқан ауылдық округінде көшпелі жеке қабылдау өткізді. Кездесуде Бақытжан Кеңесбекұлы ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берумен қатар, өтініштердің рет-ретімен орындалатынын жеткізді.
Қабылдауға ауылдық округ әкімі Тайыр Абдаев, дербес бөлім басшылары мен орынбасарлары, тиісті сала басшылары қатысты.
Көшпелі қабылдауға ауыл тұрғындары келіп, түрлі жеке мәселелерін жеткізді. Атап айтар болсақ, электр желілері, ауыл ішіндегі жолдардың мәселесі, онымен қоса ауылдан әуежайға апаратын жолға қосылатын 6 шақырымды құрайтын жолға тас төсеу керектігін айтты. Жеке қабылдауға алдымен жазылған Өсер Нигматтуллаевтың айтуынша, 2012 жылы «Ақбұлақ» бағдарламасымен ауылға сапалы су жеткізілген. Өкінішке орай содан бері су жүйелерінің тозығы жетті. Сол кезде бар 490 абоненттің жағдайы жақсы. Сапалы ауыз суы жеткілікті. Содан бері он екі жыл ішінже жаңадан бой көтерген 400 үйге су жеткіліксіз. Бұған жауап берген Жаңа Иқан ауылдық округінің әкімі Тахир Абдаев қазіргі таңда керегесін кеңге жайған ауылда 1300 түтін барын, соған орай жаңадан 283- 285 метрлік скважина қазып, жыл бойы төрт мезгіл су берудің жолы қарастырылып жатқандығын баяндады. Осыған орай Сауран аудандық тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары Жаңа Иқандағы жер асты суының сапасын, санитарлық жағдайын зерделеп жатыр. Оң қорытындысы шықса, жұмыс әрі қарай жалғасын табады.
Жаңа Иқан Қоғамдық кеңесінің төрағасы Мырзабай Хасанов Ойықтағы бір мың гектарға жететін егіс алқабын қамтамасыз етіп отырған ағын судың мамырдың аяғына жетпей, түгесіліп қалатындығын жеткізді. Ауыл әкімі Тахир Абдаевтың баяндауынша 2018 жылы 30 миллион теңге тұратын 1,5 мың гектарды ағын сумен қамти алатын, жалпы сыйымдылығы 7,3 млд текше метр болатын су қоймасының сметалық құжаттамасы жасалғанын, алайды қаржы болмауына байланысты тоқтап қалғандығын айтты.
Аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев су қоймасын салу және Қаражонда 7 шақырымдық тасарық жасау мәселесі жөнінен жақында Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы Басқармасының бастығы Бадырақовтың қабылдауында болып, оның бқл жобаларды жүргізуді қолдап отырғандығын атап өтті. Баға өзгеруіне байланысты сметалық құжаттары қайта жасалатын болады.
Қабылдауға жазылған Рахмоджан Бабаев мақталыққа берілген жаңа жердегі трансформаторға жалғау үшін он баған мен сымын тарту қажеттігіне байланысты көмек сұрады. Бұған Сауран аудандық мәслихатының Жаңа Иқаннан сайланған депутаты Дінмұхаммед Ирисбаев жауапты етіп бекітілді.
Ауыл тұрғыны Сергей Мамонов Ұлықбек мектебінің жанындағы шағын орталықтың ғимаратының тозығы жетуіне байланысты санитарлық эпидемиялық бөлімнің шешімімен апатты жағдайда деп табылып, жабылу алдында тұрғындығын соған орай, онда тәрбиеленіп жатқан 50 бүлдіршін мен 19 қызметкер далада қалуы мүмкін екендігіне байланысты көмек сұрады. Аудан әкімінің орынбасары бұл «Әдем» балабақшасын жеке қабылдаудан соң, өзі барып көретіндігін айтты.Бір топ мемлекеттік қызметкерлер барып, көздерімен көрді. 1970 жылы салынған Ұлықбек атындағы жалпы білім беру мектебінің жанындағы «Әдемі» шағын орталығына жөндеу жұмысын жасау қажеттігі байқалды. Осы тұста Бақытжан Кеңесбекұлы балабақшадағы тазалық жұмыстарын сынға алып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді. Жұмыстарын әрі қарай жалғастыруға санитарлық эпидемиологиялық бөлімнен рұқсат алып беруге уәде етті.
Жеке қабылдауда болған Мамаджан Бабаходжаев қазіргі таңда Ибаталықтар айналма жолмен Түркістанға одан Сауранға жету үшін 50-60 шақырым жүреді екен. Оның сыртында Батыс Еуропа — Батыс Қытай халықаралық магистралы ақылы негізде жұмыс істейді. Сондықтан ауыл іргесіндегі Әуежайға апаратын асфальт жолға 12 -ақ шақырым. Соның 6 шақырымына тас жол төсесе, бар жоғы 3 миллион теңге тұрады. Бұған әкімдік солярка тауып беретін болды. Жолға жақын маңдағы тас қиыршық зауытының басшылығымен сөйлесіп, қиыршық тас төккізіп, жолды тегістеуді ауылдықтар атқаратын болып келісті.
Ауылдың ақсақалы Түркістан облыстық ақсақалдар алқасының мүшесі, қажы Бабаджан Якубов аудан әкімінің орынбасары мен жеке қабылдауға қатысқан мамандарға, ауыл белсенділеріне ақ батасын берді.
Жеке қабылдаудан кейін аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев Жаңа Иқан ауылындағы бірқатар нысандарды аралады. Атап айтсақ, Жаңа Иқан дәрігерлік амбулаториясы мен ауылдық округтегі балабақшаның жұмыс барысы мен жай күйін тексерді.