ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

 

Түркістан облысында ҚР Конституциясы күні мерекесі қарсаңында жалпыхалықтық сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Атқарылған жұмыстар барысында көппәтерлі тұрғын үйлер мен саябақтар, скверлер, аллеялар және автожолдар қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ, арам шөптер шабылып, қураған ағаштар бұталды. Одан бөлек, көше бойындағы арық-атыздар күл-қоқыстардан тазартылып, жиналған қалдықтар арнайы орындарға жеткізілді. Нәтижесінде өңірдегі тазалық шараларына 11 мыңнан астам азамат пен 174 техника жұмылдырылып, 600 тоннадан астам қоқыс шығарылған.

Тарқата айтсақ, тазалық шаралары кезінде Кентау қаласының тұрғындары жаппай сенбілікке шығып, қаланы күл-қоқыстан тазартты. Оған қала кәсіпкерлері, төтенше жағдай қызметкерлері, қалалық емхана және аурухана қызметкерлері, білім бөліміне қарасты мекемелер, барлық қала әкімдігіне қарасты сала қызметкерлерінен құралған 2000- ға жуық адам жұмылдырылған. Одан бөлек, мереке қарсаңында Жетісайда мемлекеттік қызметкерлер мен ерікті жастардың және жергілікті тұрғындардың қатысуымен тазалық шаралары өтті. Атқарылған жұмыстарға аудан әкімі аппаратының бөлімдері мен кент, ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлерінен 800-ге жуық адам мен 15 техника жұмылдырылған.

Бұдан бөлек, Отырар ауданы аумағындағы елді мекендерде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру мақсатында жалпыхалықтық сенбіліктер өтуде. Тазалық шаралары аудан орталығынан бөлек барлық ауыл округтерде ұйымдастырылуда. Сенбілік жұмыстарына «Отырар – 2050» көгалдандыру мекемесінің арнайы техникаларымен қатар жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен қоқыс шығаратын көліктер тартылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.