Түркістан облысы Сауран ауданы Қарашық өзеніндегі көпірге биыл ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Құрылыстың толық аяқталуын аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы қадағалап, бақылау жүргізді. Сауран ауданы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысымен «Строй ТДК» ЖШС мердігер мекемесі жөндеу жұмыстарды атқарды. Мердігер апатты жағдайдағы көпірді толығымен қайта қалпына келтірді. Сондай-ақ, нысан жиегіне темір қоршаулар орнатылды.
Көпірдің жалпы ұзындығы 45 метр, ені 5 метрді құрайды. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Айта кетерлігі, жұмыс сапасы тапсырыс беруші, техникалық қадағалаушы және сала мамандары тарапынан тұрақты бақылауда болды.