ТҮРКІСТАН: МЕКТЕП – БІЛІМ АЙДЫНЫНДАҒЫ ҮЛКЕН КЕМЕ — 2

Мектептің басты міндеті – ең алдымен, саналы да ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеп шығу. Бүгінгі жаһандану заманында білім беру ісінде, жас ұрпақты тәрбиелеуге жаңа көзқарастар пайда болды.

Түркістан облысы Ордабасы ауданына қарасты «Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2016 жылдың 21 желтоқсанынан бері басшылық қызметін атқарып келемін. Осы жылдар арасында мектебім мен ұстаздарымның жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай.

«Алтын ұрпақ» зияткерлік олимпиадасына мектептен 189 білім алушылар қатысып, І орынды 10 білім алушылар, ІІ орынды 18 білім алушылар, ІІІ орынды 22 білім алушылар иеленді.

«Бәйтерек» зияткерлік  олимпиаласына 256 білім алушы қатысып, нәтижесінде І орынды 5 білім алушылар, ІІ орынды 65 білім алушылар, ІІІ орынды 70 білім алушылар иеленді.

Республикалық   жалпы білім беретін пәндер бойынша «Білген Бәйге, Білген Аламан» олимпиадасына мектептің 1-11 сыныптардың 503 білім алушылары мектепішілік кезеңіне қатысып, нәтижесінде аудандық кезеңіне 204 білім алушылар, облыстық кезеңіне 120 білім алушылар, республикалық кезеңіне 39 білім алушылар қатысып, нәтижесінде бас жүлдені 1 білім алушы, І орынды 13 білім алушылар, ІІ орынды 22 білім алушылар, ІІІ орынды 3 білім алушылар иеленді. Осы республикалық олимпиада қорытындысы бойынша мектебіміздің 1 сынып білім алушысы Төленді Нұрсағын қазақ тілі пәні бойынша бас жүлдені иеленіп, Қазақстан Республикасының «Білген Бала» атағына ие болды. Бас жүлде — “Білген бала”, І орын — «Кемеңгерлер» мектебі, ІІ орын — «Білімділер» мектебі, ІІІ орын — «Ақылдылар» мектебі атты дипломдар берілді.

Ауыл мектептерінің балаларына арналған  “Айқанат” олимпиадасының іріктеу кезеңіне 61 білім алушылар қатысып, аудандық кезеңіне өз білімдерін дәлелдеп 22 білім алушылар жолдама алды. Ал, облыстық кезеңіне 8 білім алушылар жолдама алып, 2 білім алушы республикалық кезеңіне өтті Қапшағайда өткен республикалық кезеңіне математика пәні бойынша Ж.Тұрсынбаев, ағылшын тілі пәні бойынша С.Досмаханбетов қатысты.

Сонымен қатар, мектебімізде Ордабасы аудандық білім бөлімінің және Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының жоспарына сәйкес мектебімізде аудандық және облыстық түрлі семинарлар ұйымдастырылады. АББ-нің жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың қаңтар айының үшінші онкүндігінде «Білім алушылардың ғылыми-тәжірибелік жобалау іс-әрекеттерін қалыптастыру жолдары» тақырыбында ОҚМУ аға оқытушыларымен бірге аймақтық тәжірибелі семинар өткізілді. 2020 жылдың 20 ақпан күні АББ-нің өндірістік жоспарына сәйкес Б.Нұрлыбеков жалпы орта мектебінде «Оқушыларға білім беру мен тәрбиелеуде жаңа түрі мен әдістерді қолдануын және нормативті-құқықтық құжаттармен жұмыс жүргізу» үшін шығармашыл ұстаздар  Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Н.Уябаева, З.Исаева, К.Нурумбаевалар өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Аудандық білім бөлімінің өндірістік жоспарына сәйкес 2019 жылдың қараша айында «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану» тақырыбында бастауыш сыныптар бойынша тәжірибелік семинар өтті. Семинар жоғары деңгейде өтіліп, семинарда өз іс-тәжірибесімен бөліскен ұстаздар Ордабасы аудандық білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Мұғалімдер арасында Республикалық виртуалды олимпиададан 17 мұғалім І орын жүлдегері атанып, Қазақстан педагогтар қауымдастығы Төралқасының шешімімен ұрпақ тәрбиесі мен еліміздің білім беру ісіне қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстанның үздік  ұстазы» атты ордені және куәлігімен 7 мұғалім мараппаталды.

Аудандық «Үздік зерттеуші ғылыми жоба конкурсында  ағылшын тілі секциясы бойынша: 1 дәрежелі дипломмен  11 сынып білім алушысы А.Умирзакова, жетекшісі О.Бекзатова І дәрежелі дипломмен Д.Мырзақұлова жетекшісі М.Махимова ІІ дәрежелі дипломмен, Б.Мухтаров жетекшісі Л.Қалмуратова ІІІ дәрежелі дипломды иеленді.

Информатика секциясы бойынша І дәрежелі дипломмен  С.Шахмурадов, жетекшісі А.Конысова,  ІІІ дәрежелі дипломмен  А.Балтабай, жетекшісі Г.Балабекова иеленді.

Ұстаз деген сөз біз үшін қашанда қадірлі, қасиетті саналады. Небір данышпан да, қарапайым еңбек адамы да осы ұстаз алдынан өтеді. Ал, ұстаз болу кез келген адамның қолынан келе бермейтін іс. Ұстаз үнемі ізденіс үстінде  жүруі керек.

Мектебіміздің тәжірибелі, шебер ұстаздары жас мамандарға үнемі әдістемелік көмек көрсетіп, тәжірибесімен үздіксіз бөлісіп отырады. Біршама жұмыс түрлерін жүйелендіріп, жүзеге асыру да күн тәртібінен қалған емес. Осындай білікті маман, директордың бейінді ісі жөніндегі орынбасары, Н.Уябаева аудандық кезеңде өткен қашықтықтан онлайн жүйесіндегі «Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу факторы» дәстүрлі озық тәжірибелі педагогтер слетының І үрдіс — «Үздік әдістемелік калейдоскоп» сырттай байқауында ІІ орынды  иеленді.

Жас ұрпаққа сапалы білім беруде мектебіміздің мұғалімдері аянбай еңбек етсе, еңбегінің жемісін көрсететін білім алушыларымыз емес пе?! «Ұстазы мықтының – ұстанымы мықты» деген қағиданы басшылыққа ала отырып, жұмыс жүргізуде ұстаздар қауымының тағы бір биік белесті бағындырғанының куәсі болдық.

2020-2021 оқу жылының басынан қашықтықтан білім беру жүйесімен білім берілсе де, ұстаздарымыздың біліктілігінің арқасында қашықтықтан оқытуды меңгере отырып,  жетістіктер саны күн сайын арта түсуде.

Биылғы жылы ұлы ақын, халқымыздың  ұлы перзенті А.Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толу мерейтойын лайықты атап өту мақсатында мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұндай  іс-шаралар мен байқауларға мектебіміздің білімді ұстаздары өз үлестерін қосты. Мұғалімдер арасында Абайдың 175 жылдық мерей тойына байланысты онлайн форматында өткен аудандық «Абай даналығы» атты байқауында «Ұлы халықтың ұлы Абайы» зерттеу жұмыстары бағыты бойынша қатысып жүлделі І орынды К.Курбанбаева, ІІ орынды А.Бердешова иеленген. Ал, облыстық кезеңінде К.Курбанбаева ІІІ орынды иеленді.

Ордабасы аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесі. 2020 жылғы аудандық педагогикалық оқуда эстетикалық пәндер бойынша Г.Жумадилова, дене шынықтыру пәні бойынша Н.Акмамбетов, С.Ильясовтар құнды баяндама оқығаны үшін марапатталды.

Облыстық «Ең білімді педагог-2020» байқауына мектептің 30 мұғалімі қатысып, А.Айтжанова, Г.Сүлейменова, Д.Шарипова, Г.Турдиева, А.Әбсамат, Б.Утеубекова, С.Тұрсынова, Г.Аманбаева, С.Сазаханова, Д.Маркабаева, Д.Калдыбекова, У.Мамбетовалар бас жүлделерді иеленді.

Республикалық “Жеті өнер” балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауында вокал жанры бойынша Ғ.Юлдашев ІІ орынды иеленді. Жетекшісі Қ.Тортаев “Үздік ұстаз” номинациасын иеленді.

Мектебіміздің тарих пәні бірлестігі Республикалық ғылыми-әдістемелік

«Жарқын болашақ »  журналының қазан айының 29 санында журналдың сыртқы мұқабасына шығып, осы санында қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жариялады.

Еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар, Отанын ғаламдық дамудың  көшінен қалдырмай өрге шығарар азамат тәрбиелеу ұстаздарға жүктелген аса маңызды да жауапты  міндет. Осы абыройлы борыш үдесінен табылып, жаңа заманның ауыр жүгін қайыспай көтере білген көшбасшы ретінде мектебіміздің мәртебесін асқақтатып, әрдайым биіктерден көрінуіне өз үлесімді қосамын.

Әл-Фараби: «Ұстаз…..Жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында сақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек», — деген. Өз мектебімнің ұстаздары бала бойына жан-тәнімен  білім мен тәрбиені қатар бойына сіңіре отырып, үлкен өмірге шыныққан, шымыр шәкірт тәрбиелеуде деп шын сеніммен айта аламын. Талай дарын иелері мен қазірде ел тізгінін ұстап отырған алып азаматтарымыз да ұстаздан тәлім алған. Қандай кезең болмасын, қандай жағдай болмасын өнегелі ұстаздарымыз тығырықтан шығудың жолын тауып, біліммен сусындата білген. Қазіргі уақытта қашықтықтан оқыту барысында ұстаздар қауымы да, білім алушыларымыз да өтпелі кезеңнің өзіндік қиындықтарын жеңіп, болашаққа нық сеніммен қарайды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *