ТҮРКІСТАН: МЕКТЕП – БІЛІМ АЙДЫНЫНДАҒЫ ҮЛКЕН КЕМЕ

Мектеп – барлық рухани өркениеттің ошағы. Білім ұясы – жан-жақты дамуға жағдайлар туғызатын, тұлғаның өз бетімен білімін жетілдіруіне жағдай жасайтын, таңдау мүмкіндіктерін туғызатын, еркін және шығармашылық тұрғыда қызмет жасауға мүмкіндік жасайтын білім ордасы болуы тиіс.

Мектептің басты міндеті – ең алдымен, саналы да ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеп шығу. Бүгінгі жаһандану заманында білім беру ісінде, жас ұрпақты тәрбиелеуге жаңа көзқарастар пайда болды. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесін арттырып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпаққа білім беру мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Мектеп болашаққа бастайтын, рухани азықтандыратын алтын ұя болса, ал мұғалім – сол шаңырақтың тірегі, сүйеніші.

Жүрегі таза шынайылық пен ізгіліктің нұры шамшырақтай жанған сырға толы кішкентай, бірақ үлкен жүректі жандардың қасынан үнемі табылатын мейірімді жан – ұстаз. Ұстаз – шәкірттерінің жан дүниесін қалыптастыратын және шәкірттердің жақсы қасиеттерінің өсуіне себепкер болатын, сонымен қатар шәкірттің жүрегін, жанын азықтандыратын адам. Ұлы дана Абай хакім айтқандай «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз-тұл»-деп адам баласының кісі боп қалыптасуы көбіне ұстазға байланысты екенін ерекше атап өткен. Түркістан облысы Ордабасы ауданына қарасты «Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2016 жылдың 21 желтоқсанынан бері басшылық қызметін атқарып келемін. Осы жылдар арасында мектебім мен ұстаздарымның жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. Қазіргі таңда аталмыш мектепте 2166 білім алушылар мен тәрбиленушілер болса, ұстаздар саны 209-ды  құрайды. Осындай үлкен ұжымда жоғары білімді 208 мұғалім, арнаулы орта білімді 3 мұғалім, жоғары санатты 20 мұғалім, бірінші санатты 96 мұғалім, екінші санатты 23 мұғалім, педагог-зерттеуші 47 мұғалім, педагог-сарапшы 67 мұғалім, педагог-модератор 27 мұғалім, 5 мұғалім магистр дәрежесінде жұмыс атқарып келеді.

Жалпы «Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұстаздар қауымы сенім биігінен көрінуге өте құштар әрі ынталы. Жарты ғасырдан астам уақыт еліміздің білім-ғылым саласындағы жас ұрпақты тәрбиелеп өсірудегі ерен еңбегін ескеріп, болашақ ұрпақ үлгі тұтады деген мақсатпен мектебіміздің Балтабай Нұрлыбеков есімімен аталуының өзі бізге үлкен жауапкершілік жүктейді.

Білім – бұл қазына, оның кілті – еңбек, ал қорғаушысы – ақыл. Білімді, еңбекшіл, ақылды ұстаздарымыздың марапаттары мен жетістіктері ұшан-теңіз.

Мектеп ұстаздарының қажырлы қайратының, табанды еңбегінің арқасында 2019-2020 оқу жылы мектеп ұжымы үшін үлкен жетістіктер мен жеңістерге толы жыл болды. Себебі, мектебіміздің білікті ұстаздары мен білімді білім алушылары көптеген байқаулар мен сайыстарға, олимпиадалар мен конференцияларға қатысып, мектептің жетістер қатарын еселеді. “Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын”- деп дана халқымыз айтқандай, осы орайда ұжымымдағы ұстаздарымның еңбектерін айтып өтпеу мен үшін, мектеп басшы ретінде, әділетсіз деп білемін. Жетістіктер қатарына тоқталар болсам:

2019 жылды Қарағанды қаласында өткен жеңіл атлетикадан 2004-2005 жылы туылған кіші жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында 2000 метрге жүгіру бойынша 7:1884 секунд нәтижесімен 10 сынып білім алушысы Құралбай Ақбілек 1 орынды иеленді. Бапкері дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Т.Алтынбеков.

2019 жылы республикалық “Ұлы даланың ұрпақтары” өнер және білім байқауына мектептің 15 білім алушылары қатысып, жүлделі 1 орынды            3 білім алушылар, 2-орынды 4 білім алушылар иеленіп, жалпы республикалық 7 орынды иелендік. Жетістікке жеткен білім алушылардың пән мұғалімдері Қ.Тортаев, Ж.Исаева, М.Шарипбаева, Ж.Боранбаева, Г.Абдуллаева.

        2019 жылы “Өнертапқыштыққа алғашқы қадам” атты білім алушылар арсындағы байқаудан 10 сынып білім алушысы Абдуалиев Рамазан 2 орынды иеленді.

2019 жылы «Үздік жас мұғалім — 2019» байқауының аудандық кезеңіне төмендегі мұғалімдер қатысып жүлделі орынды иеленді:

Математика пәнінің мұғалімі Э.Кубеева 1 орынды,  информатика пәнінің мұғалімі Балабекова Гулдана 1 орынды, тарих пәнінің мұғалімі Турдибоев Байбол 3 орынды, биология пәнінің мұғалімі Қувантирова Амангул                2 орынды, бастауыш сынып мұғалімі Валиева Салтанат 3 орынды, ағылшын тілі мұғалімі Елгондиева Улбосын 1 орынды, технология Салменов Ерғали      1 орынды иеленді.

Ал, осы байқаудың облыстық кезеңіне өткен 4 жас маман Кубеева Элмира 2 орынды, Балабекова Гулдана  2 орынды, Салменов Ерғали 1 орынды иеленді.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту  басқармасы облыстық әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының аудандық кезеңінде І орынды иеленіп, облыстық кезеңінде жүлделі ІІІ орынды география пәні мұғалімі Ниязбаева Гулжайна иеленді.

Аудандық  «Педагогикалық дебют» байқауына мектептің жас ұстаздарынан А.Абсамат, Ш.Куттиева Шолпан   қатысып ауданда 1 орынды, облыстық кезеңде ІІІ орынды иеленді.

Аудан мұғалімдері арасында «Владей тремя языками и добейся успеха» тақырыбында өткізілген байқауында мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі З.Сындарова 1 орынды иеленіп, облыстық кезеңінде жүлделі 2 орынды иеленді.

«BILIM-ORKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын педагогтар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Ғылым және Білім-2019» атты байқауына мектептің 15 ұстазы қатысып, 11 ұстаз І дәрежелі дипломға, «Қазақстанның құрметті ұстазы» төсбелгісіне ие болды және барлық 11 ұстазымыздың еңбек жолында жеткен жетістіктері «Қазақстанның құрметті ұстазы» атты 2 томдық кітап жинағына енді. Олар: Ж.Акылбекова, С.Каненова, К.Казанбаева, Н.Уябаева, Р.Шахзадова, С.Збайрадинова, У.Темиртаева, Ж.Исаева, П.Казмамбетова, З.Исаева, З.Сындарова.

«Педагогикалық идеялар фестивалі» аудандық кезеңіне қатысып, Айнабекова Қарлығаш билогия пәні бойынша І орынды, Досаева Перизат информатика пәні бойынша — І орынды, Ахметова Айсулу орыс тілі және әдебиеті пәні бойынша ІІ жүлделі орындарды  иеленді. Ал, осы фестивальдің облыстық кезеңінде информатика пәнінің мұғалімі П.Досаева 3 орынды иеленді.

2020 жылдың ақпан айында Ордабасы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында «Абай оқулары» байқауынан мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Серикбаев Ғарифулла Максутович, Сындарова Зәуре Абдрашитовналар қатысып, Серикбаев Ғарифулла ІІ орынды иеленді.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Абай оқулары» байқауының аудандық кезеңде ІІІ орын мен 10000 теңге жүлде қорын 10 сынып білім алушысы Оразбай Нұрберген жеңіп алды.

Мектептің 22 мұғалімдері 2019 жылғы  «Ең білімді педагог» ІІІ облыстық пән олимпиадасына қатысып, К.Курбанбаева, У.Байташова, Э.Исмайлова, Л.Муталиева, А.Бекбулатова, А.Бекзатова, Ж.Бейсенова, П.Досаева, А.Конысовалар «Ең білімді педогог» төсбелгісімен марапатталды.

Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының қолдауымен «Мың бала» интелектуалды білім сайты «Ең үздік әдістемелік құрал» атты Республикалық байқауына  Ү. Байташова , Г.Сулейменова, Р.Шахзадовалар қатысып,  үздік нәтиже көрсеткені үшін I дәрежелі дипломмен марапатталды.

Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы  «Мың бала» интелектуалды білім сайтындағы «Үздік сабақ» атты Республикалық байқауына 39 мұғалім қатысып, қатысқан мұғалімдер І дәрежелі дипломмен, ал Қазақстандық-Ресейлік «Филолог» қауымдастығы және «Алые Паруса» Халықаралық балалар орталығы бірлескен жобасының халықаралық олимпиадасында «Абайдың 175 жылдығы» қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті бірлестігінің мұғалімдері қатысып, І және II дәрежелі дипломдарға ие болды.

IMT   Class (Швейцария) Инновациялар мен заманауи технологиялардың  халықаралық класы Қазақстан Республикасының әр мектебінде онлайн режимінде пәндерді оқытудың заманауи модельдерін игеру  жобасына мектебіміздің 2 ұстазы мен 10 білім алушылары қатысты. Мақала авторы Ж.Акылбекова,   кординатор Ж.Бейсенова білім алушылар Ш.Оразбай, А.Умирзакова, А.Абдирахманова, А.Смадияр, А.Утегенова, Е.Пирмахан, Б.Мухтаров, Д.Сарсенова, С.Атеева, А. Кошимбектер оқығандығын растайтын сертификат берілді.

Республикалық «Самұрық» математикалық зияткерлік олимпиадасына    156 білім алушылар қатысты. Нәтижесінде І орынды — 10 білім алушылар, ІІ орынды — 15 білім алушылар, ІІІ орынды — 25 білім алушылар иеленіп, жалпы 50  білм алушылар жеңіске жетті.

«Алтын қыран» ерекше дарын иесі олимпиадасына 22 білім алушылар қатысып, 11 білім алушылар жүлделі орын алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *