ТҮРКІСТАН: МЕКТЕП – БІЛІМ-ТӘРБИЕ БЕСІГІ

Мұғалім білім беру үйретуші болғанда, мектеп тәрбие алаңы. Саналы тұрғыдан алғанда,мұғалім,гуманитарлық мамандық өкілі ретінде қоғамдық құрметтің жоғары деңгейінде тұруы тиіс.Педагог мәртебесі туралы заңның     ұсынылып,талқыланып   мұғалім мәртебесі қоғамның,жұртшылықтың мұғалімге  ,пікірі өзгеріп,бала тәрбиесіне жұртшылықты жұмылдыру,бірігіп бол ашақ ұрпақты білімді,тәрбиелі,ізгі ниетті,ұлт тағдырын биік ұстайтын патриот етіп қалыптастыруға жұмыла кірісуді қажет етеді.

Қазақ халқының тарихында елеулі із қалдырған аса көрнекті мемлекет қайраткері Ә.Бөкейхан: «Адам баласының іздегені –құт-береке» дегенді. Сол құт-берекені қалыптастыратын мұғалім.Ол жас балапанға ұлттық сананың жоғары сипатын ұғындыра отырып елдік сананы,мәдениет,тіл,дәстүр,атакәсіп тәрізді ұлттық рухани құндылықтарды үйретіп бойына сіңіреді.Әңгімені шындықпен өріп,балалардың зердесіне жеткізе білу,сол арқылы білім алуға құштарлығын дамыту,ал оған жету жолы еңбек оқығанын,онан тоқығанын зерделеп өзіндік шешім қабылдауға үйрету, мұғалімнің ұзтаздық өнері.Ал оған жету жолы ізденіс,озық тәжірибелерді әр тарапты қолдану,сараптау,тиімді әдіс-тәсілдерді таңдау.Мұғалімдермен,ата-анамен қоян-қолтық жұмыс істеу.Көнекөз қариялардың берекені көктен тілеме,еткен еңбектен тіле деуі сондықтан.Егер мұғалім жан-жақты білімді,шәкірттерінің жан дүниесіне үңіліп оларды білмеуден-білуге, шала білуден-толық білуге баулып,өзіне сенімін қалыптастырса,қасындағыларға қалытқысыз көмекке үйретсе мұғалімнің мәртебесі мен беделі артады.Мұғалім өзінің жүріс-тұрысымен,киім киісімен, сөз саптауымен және көпшілік орында өзін-өзі ұстауымен,білімімен өзін-өзі көрсетпесе,соған қалайда жетем деп талпынбаса—беделді бола алмайды.Мұғалім балалардың  сыншы екенін ұғынуы,оларға жол табу қажеттілігін есте ұстауы керек. «Балаға дауыс көтерген мұғалім-әлсіз мұғалім». Ұлы Абай хәкім айтқан «Кейде үндемей қалу да үлкен ақылдылық»  -дегенін ата-анамен тәрбие жұмысында пайдаланып,балаға жөнсіз ұрыспау,олардың ойын тыңдау,терістігін өзіне іздетіп өзің-өзі тануға үйрету.Ұшқалақ мінезді баланы сабырлыққа,терең ойлауға баулудың бірнеше әдіс-тәсілі бар,осыны дәл тауып пайдалану мұғалімнің беделін нығайтады.

Бүгінде бала тәрбиесінде кем келе жатқан орынсыз өбектеу. Дене қозғалысының аздығы.Сонау VІІ ғасырда Хожа Әбізер Жәмхұр хәкім «дене қозғалысы-ойдың тереңдеуіне жетелейді,ал халықты,адам мен адамды теңестіретін нәрсе-білім» деген болатын. Бүгін балаға ата-бабалардың «Білім-бақтың жібермейтін қазығы,білімсіз бақ –әлдекімнің азығы» дегенді асыру жолы оқу және оқығанды тоқу.Көркем сөйлеу ,көркемді көз тартатын көріністі ұғыну бейнеленген сурет сырын ұғынуға,би өнерінің көркемдігі,музыканы тыңдаумен қатар түсіну  бұл рухани биіктікке үйрету.Бала тәрбиені Ата-анасынан,ортасынан,мектеп,бала бақшадан алады.Қайсысы қонымды сол жаққа бейімделеді.Бала еліктегіш,оғаш болса да ерекше көрінетін істерге әуес.Ал сол ортаны қалыптастырған ұзтаздар. Жаманнан жиреніп,жақсыны үйрену –жұмыла бірігіп жұмыс істеуді қажет етеді.Дінмұхамбет Қонаев ата айтқандай «Қиюы келмейтін дүние болмайды,жұмыла көтер» . Бала тәрбиесі баршаның ісі. Мектеп-білім-тәрбие бесігі.Білім ордасына тарыдай болып келген балаларға бәлім нәрін себуі тиіс. Мұғалім- мектептің жүрегі екенін ұмытпағаныз жөн.

Адамды адамдық  қалыпқа келтіретін де, аздырып , тоздыратын да тәрбие жұмысы. Балаға жас кезінде әсер ететін құбылыстар әр түрлі болғанымен оларды тәрбиелеуші әрине, ата-ана. Алайда бала салғырт қарауды көтермейтін, аса бір күрделі      де маңызды іс. Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі  өсіп келе жатқан  жас ұрпақтың  білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді жан-жақты қабілеті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. « Адамға бірінші білім емес, Тәрбие берілуі керек, Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз  берілген білім адамзатқа апат әкеледі»  деген екен ғұлама ғалым Әбу Нәсір Әл-Фараби.

Тәрбиешінің қызметінің ерекшелігі: Педагогтік әдепті шеру, ел ушін ерлікпен еңбек ету, педагогтік бедел, педагогтің оптимізімі, кәсіби шеберлікті үнемі шыңдап отыру. Тәрбие мен білім- егіз. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі   болып отыр. Егемен еліміздің талабына сай тәрбие мен білім беру, қазіргі заманға сай  білімде тәрбиелі ұрпақ  тірбиелеу – білімді, жан-жақты тәрбиешілердің еншісінде. Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр.  Жаңа заман баласы – ертеңгі еліміздің болашағы. «Бала естігенін айтады, көргенін істейді» -деп қазақ халқы бекер айтпаған.

Тәрбиеші – жүрегі жақсылық пен жаңалыққа толы ұлы тұлға. Сол бойындағы барлық білім мен білікті, тәрбиені баланың жүрегіне жеткізу үлкен қасиет. Тәрбиеші тәрбиесін шын қабылдаған бала болашақта сөзсіз ұлы тұлғаға айналады. Әрбір ұстаз бұлақ түбінен асыл тас іздегендей балаға мән мен мағынаға толы білімді үйретуі керек. Бүлдіршіндерді тәрбиелеуде, тәрбиешілердің осындай қым – қуат тіршіліктен шаршамай, талмай еңбек етіп, кішкентай бүлдіршіндеріміздің бойына ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік сіңіріп, өз – өзіне деген сенімділікке тәрбиелеуде тәрбиешілер шешуші рөл атқарады.

Бала- әрі болашағың, әрі өсіріп, баптап отырған бәйтерегің. Бүгінгі  бүлдіршін – еліміздің байрағын желбіретер ертеңгі азамат. Бірақ, бала тәрбиесі оңай емес. Ал сол сәбилердің қызығы мен шыжығын көріп, еркелігін көтеріп, анасындай бауырына басқан,тәрбиеші қауымның  атқарар ісі мен көтерер жүгі ауырда жауапты. Ғалымдардың зерттеу нәтижелеріне сүйенетін болсақ, адам бойындағы бәсекелестік қабілет 3-6 жас аралығында қалыптасатынын анықтаған. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» -дейді халық даналығы. Мектепке дейінгі тәрбие – балаға тәрбие мен білім берудің алғашқы баспалдағы іспеттес. Бұл кезеңде тәрбие мен білімнің негізі қалай қаланса, сол бағыт бойынша кішкентай бүлдіршіннің өмірге қабілеттілік немесе өмірге деген өзіндік көзқарасы жоқ тұлға ретінде қалыптасуы да осы мектепке дейінгі тәрбиеге байланысты. Себебі, үйдің негізі қалай қаланса, үйдің болашақтағы жарамдылығы мен жарамсыздығы соған байланысты болатыны анық.  В.А.Сухомлинский «Біздің балалар-біздің қарттығымыз. Жаман тәрбие-болашақтағы қайғымыз,бұл-біздің көз жасымыз,бұл-басқалар алдындағы,бүкіл еліміз алдындағы біздің кінәмыз.» Әрбір жас ұрпақ қай жағынан болсын келісті, тамаша азамат болып қалыптасуы керек. Жемісті тәрбиенің сыры шәкіртті дұрыс тәрбиелеуде. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні  «Ағаш түзү өсу үшін, оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны тузей алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан, алдымызға келген әр бір бүлдіршінді  дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқада игі қасиеттері қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *