Қызылорда облысы, Арал ауданында 20-24 қыркүйек күндері асық атудан 2004-2007 жылы туған жастар арасында жекелей, командалық және блиц түрінен ел чемпионаты өтті. Асықшылар сайысына республикамыздың 13 облысынан спортшылар қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша Түркістан облысының ұлдар командасы чемпион атанса, қыздар күміс жүлдеге ие болды. Айта кетейік, ел чемпионатында өңір намысын жоғары дәрежеде қорғаған саңлақтар Болат Қонаев жетекшілік ететін Түркістан облыстық ұлттық спорт түрлері мектебінің шәкірттері.

