ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА СЕЙДОЛЛА БАЙТЕРЕКОВТЫҢ ӘНДЕРІНЕН ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

Кентау қаласында ҚР еңбегі сіңген қайраткері, композитор Сейдолла Бәйтерековтың әндеріне арналған «Кентауым – мәуелі гүл бағым» атты облыстық ән байқауы өтті.
Сазды кешті қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова ашып беріп, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Өңірлік байқау екі кезеңнен тұрды. Қатысушылар бірінші айналымда Сейдолла Байтерековтың әндерін шырқаса, екінші кезеңде облыстық сазгерлердің әндері орындалды.
Ең үздік күміс көмей әншіні анықтау үшін Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ профессоры, халықаралық, республикалық ән байқауларының лауреаты, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері — Бекжігіт Сердәлі, Түркістан облысы “Конгресс холл” кешені концерттер ұйымдастыру менеджері, “Мәдениет саласының үздігі” медалінің иегері Венера Исламғалиева, Халықаралық, Республикалық ән байқауларының лауреаты, кәсіпқой сазгер, композитор, музыка өңдеуші — Ерғали Шырынбеков, Облыстық шығармашылық орталығының мәдени демалысты ұйымдастыру бөлімінің әдіскері — Мадина Даулетова қазылық етті.
Ән байқауына облыстың барлық аудан-қалаларынан әншілер келіп, өз бақтарын сынады. Байқау нәтижесі бойынша бас жүлде Қазығұрт ауданынына келген әнші Фархад Бахтов жеңіп алды. І орын Сайрам ауданынан келген Ернұр Айнабековке бұйырды. II орынды Кентау қаласынан қатысқан Рахымжан Құлтасов еншілесе. III орынды Сарыағаш ауданынан Нұрлыбек Бұқарбай мен Арыс қаласынан Елдос Сейілхан бөлісті. Сонымен қатар, өзге де қатысушыларға Кентау қаласы әкімдігінің арнайы жүлдесі, С.Бәйтерековтың «Әлия» жүлдесі, «Көрермен көзайымы» номинациялары берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *