ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІЛІМ БЕРУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ҚОЛДАУ ҚОРЫ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ЕСЕБІНЕН 9 МЕКТЕП АШЫЛҒАН

Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Қор қаржысына білім беру ұйымдарын салу немесе жаңғырту, оған жапсарлас құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қор құрылған уақыттан бастап еліміздің бірқатар өңірлерінде 92 мың оқушыға арналған 82 мектептің құрылысы қаржыландырылды.
Аталған қордың қолдауымен Түркістан облысында да 9 жаңа мектеп пайдалануға берілген. Оның сегізінің құрылысы 2023 жылы аяқталып, пайдалануға берілген. Сондай-ақ, биыл қыркүйек айында тағы 1 мектеп қолданысқа берілді. Нәтижесінде жалпы 2 000 оқушы жаңа мектепте білім алуға мүмкіндік алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *