ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАБДЫҚТАРЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында кәсіпкерлік қарқын алған жерде экономикалық өрлеу мен адами капиталдың өсімі болатыны айтылған. Осыған орай, Жетісай ауданына инвестиция тарту, жаңа жобаларды жүзеге асыру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету жұмыстары жүріп жатыр. Аймақ басшысы Серік Мамытов Қытай елінің Шыңжаң провинциясының «Цзинь Тайян Ко., ЛТД» компаниясының басшысы Луи Кесонгамен кездесіп, жалпы құны 15 млн АҚШ долларын құрайтын инвестициялық жобаны жүзеге асыру бойынша меморандумға қол қойды.
Аталмыш жоба аясында қытайлық кәсіпкер аудан аумағында ауыл шаруашылығы саласына қажетті тамшылатып суғару әдісін жүзеге асыруға арналған құрал-жабдықтар өндіретін зауыт салады. «Ағын суды үнемдеу мен өнім сапасын арттыруда аса тиімді тамшылатып суғару әдісін кеңінен жүзеге асыруға қажетті құрал-жабдықтардың ауданымызда өндірілуі шаруалар үшін де, аудан экономикасы үшін де пайдалы болмақ. Одан бөлек, жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылады» деген аудан басшысы зауыттың инфрақұрылымына қажетті қолдау көрсететінін жеткізді.
Айта кетейік, биыл өңірдегі 31 млрд теңге көлеміндегі жүзеге асырылған инвестициялық жобалардың 16 млрд теңгесі жеке кәсіпорындар есебінен. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 40 млрд теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *