САУРАН: ҚАРАШЫҚ АУЫЛЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасауымыз керек. Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Бірақ біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырмыз.

Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек. Ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет»,-деген болатын.

Қарашық ауылдық округінің жері шұрайлы, малға да, егінге де өте қолайлы. Қазіргі таңда ауылда ірі қара мал басы 4833, қой — ешкі 8 253, жылқы — 856, түйе — 242, құс саны — 2213-ке жеткізілді.

Ауыл округінің жалпы ауылшаруашылық жері -18387 гектарды құрайды. Оның ішінде суармалысы — 3315 гектар, жайылымдық жері — 14785 гектар. Шабындық жері — 287 гектар.

Қарашық ауылдық округі бойынша 5,49 га жылыжай бар. Азық түлік белдеуі бойынша 174 гектар жерге жаңбырлатып суғару технологиясын орнату жұмыстары жүргізілді.

2024 жылы 3315 гектар егістік жерге егілген дақыл түрлеріне келетін болсақ күздік бидай, жүгері, мақта, жоңышқа егіліп, сонымен қатар көкөніс және бақшалық дақылдар отырғызылды. Егістік жердің игерілуі тапсырма 3315 гектар болса, орындалғаны 3315 гектар болып тапсырма 100 пайызға орындалды.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 314 млн теңге инвестиция тартылып, жаңадан10 дана ауыл шаруашылығы техникалары алынды. Көктемгі дала жұмыстарына Үкімет тарапынан берілетін арзан бағадағы 150 тонна жанар жағармай алынды. (58 ш/қ 3883,3 га)

Жеңілдетілген бағада 345,1 тонна тыңайтқыш алынды.

Көктемгі далалық жұмыстарына Үкімет тарапынан берілетін арзан бағадағы жанар жағар майға 58 шаруа қожалығы электронды түрде Gosagro.kz порталы арқылы тапсырыс беріп, 3883,3 гектар жерге 169,44 тонна жанар жағар май алу үшін өтінім беріліп, 150 тонна жанар жағармай алынды.

«Көктемнің бір күні жылға азық» деп есептейтін бейнеткеш диқандарымыз өндіріске жаңбырлатып, тамшылатып суғарудың әдіс тәсілін меңгеріп, жаңа технологияларды енгізе отырып, жылына екі-үш рет өнім алуға болатындығына көз жеткізді.

КӘСІПКЕРЛІККЕ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту сияқты біз үшін болашағы зор бағыттарға басымдық берген абзал. Сонымен бірге өз еліміздегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының әлеуетін қаперден шығармаған жөн»,-деген болатын.

Міне, осы орайда Қарашық ауылдық округінде кәсіпкерлерге облыс әкімі және ауданы әкімі тарапынан да барынша қолдау көрсетілуде. Қазіргі таңда ауылдық округте кәсіпкерлік және жұмыспен қамту саласында ауылдық округі бойынша бір мақта зауыты бар. Цехтар саны 14-ке жеткізілді. Дәріханалар саны төртеу. Кәсіпкерлік нысандар саны 65-ке жетті. Бір жанармай бекеті және үш газ құю бекеті тәулік бойы жұмыс істейді. Жеке балабақшалар саны үшеу. Екі тіс емханасы бар. Ауыл іргесінде үлкен мал базары жұмыс жасап тұр. Жаңадан жеке кәсіпкер Хабибулла Азимов – 900 орындық «Яссауи зияткерлік мектебі» жеке меншік мектеп құрылысын салып аяқтап, халық игілігіне пайдалануға берілді. Жоба құны 1 млрд 400 млн теңге тұрады.

ИНВЕСТИЦИЯ ӨНДІРІСКЕ ТЫҢ СЕРПІН БЕРУДЕ

Үлкенді кіші деңгейдегі әкімдердің жұмысының бір бағаланатын тұсы бұл сол өңірге инвестиция тартуымен ерекшеленеді. Мәселен, 2024 жылы Қарашық ауылдық округі бойынша жалпы 2,5 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланса, 6 айда 590,2 млн теңге инвестиция тартылды. Қазіргі таңда он жобаның шаруасын оңтайынан келіп тұр. Мәселен Qarashyq – M кәсіпорны 600 миллион теңгеге 500 орынды мектеп салып, 120 адамды жұмыспен қамтуды мақсат етіп отыр. Каратаев Шакарим 150 миллион теңгеге дәмхана және азық-түлік дүкені жобасын бастады. Атабек Азимов 1500 орынды спорт кешеніне 1300 млн теңге жұмсап, 150 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр. Шухрат Азизбеков 130 миллион теңгеге 150 орынды тойхана, азық-түлік дүкені, дәріхана құрылысын бастады. Сөйтіп 15 адамды жұмыспен қамтымақ. Сайфулла Мараимов 120 миллион теңгеге дәмхана, азық-түлік дүкен және дәріхана салуда. Атажан Салиев 200 миллион теңгеге желдету жүйесі үшін ауа құбырларын өндіруге кірісті. Өндіріс толық қуатында жұмыс істеген кезде 35 адам жұмыспен қамтылмақ.

Біздің Қарашық ауылдық округінің мақтанышына айналған тағы бір қыры мұндағы тұрғындардың жиһаз жасауға машықтануы. Мәселен, Закир Алакбаров 250 миллион теңге жұмсап, жұмсақ жиһаз жасау арқылы 30 тұрғынды жұмыспен қамтымақ. «BAHT MEBEL» кәсіпорнының басшысы Алишер Бахитов 230 миллион теңгеге жұмсақ жиһаз жасау жобасына кірісті. Жоба жүзеге асқан жағдайда 25 адам жұмыс істейтін болады. Жеке кәсіпкер Арифжан Дадахановтың «A.RLUX» компаниясы 200 миллион теңгеге жұмсақ жиһаз жасау жобасын қолға алды. Охунжан Сатибаев 200 миллион теңгеге отбасылық, тұрмыстық жиһаз жасау жобасын бастады. Бұл жобалардың барлығы толық өндірістік қуатында жұмыс істейтін болса, онда Қарашық пен Құмтүйіннің тұрғындары толығымен жұмыспен қамтылмақ. Қазірдің өзінде де ауыл тұрғындарының дені Түркістанға қатынап өндіріс орындарында, мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеуде. Кәсіпкерлердің бастамашылығын ауылдастарымыз да қуаттауда.

2025-ші ЖЫЛДЫҢ БЮДЖЕТІНЕ ҰСЫНЫЛАТЫН ЖҰМЫСТАР

Алдағы уақытта да «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша жұмысты жалғастыру мақсатында Қарашық елді мекенінде Қарашық көшесін жарықтандыруға сметалық құжаты дайындалды (соммасы 11 544, 13 мың теңге), Қарашық елді мекенінде С.Жамалов көшесін жарықтандыруға сметалық құжаты дайындалды (соммасы 13 780,46 мың теңге), Құмтүйін елді мекенінде Түркістан көшесін жарықтандыруға сметалық құжаты дайындалды (соммасы 14 576, 41 мың теңге).

Қарашық е/м М.Мажитов, Н.Тураханов, Міртемір, Ш.Уалиханов, Қазақстан 2030 көшелері. Ш.Айманов, Жеңіс, Ұлықбек, Ш.Ганиев. Құмтүйін е/м Құмтүйін айналма жолына сметалық жоба және сараптама жасалып бюджеттік өтінімге берілді.

10 гектар индустриалды аймаққа 2692 метр асфальт төсеу жұмыстарға сметалық құжаты дайындалды.

КӘСІПКЕРЛІККЕ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту сияқты біз үшін болашағы зор бағыттарға басымдық берген абзал. Сонымен бірге өз еліміздегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының әлеуетін қаперден шығармаған жөн»,-деген болатын.

Міне, осы орайда Қарашық ауылдық округінде кәсіпкерлерге облыс әкімі және аудан әкімі тарапынан да барынша қолдау көрсетілуде. Қазіргі таңда ауылдық округте кәсіпкерлік және жұмыспен қамту саласында ауылдық округі бойынша бір мақта зауыты бар. Цехтар саны 14-ке жеткізілді. Дәріханалар саны төртеу. Кәсіпкерлік нысандар саны 65-ке жетті. Бір жанармай бекеті және үш газ құю бекеті тәулік бойы жұмыс істейді. Жеке балабақшалар саны үшеу. Екі тіс емханасы бар. Ауыл іргесінде үлкен мал базары жұмыс жасап тұр. 11 айда атқарылған игі жұмыстарға тоқталып өтсек.

Атап айтсақ, 10 га жерге индустриалды аймақ құрылып, 21 кәсіпкерге берілді. (Инвестиция көлемі — 2,86 млрд.теңге, ашылатын жұмыс орны — 224, іске асыру мерзімі – 2025 — 2026 жылдар). Өндірістік алаңның ішіне электр жүйесі жүргізіліп, іске қосылды. 2,6 км жол ашылып тас төселді. Қазіргі таңда 8 жеке кәсіпкер құрылыс жұмыстарын бастап кетті.

Қарашық елді мекені Төле Би көшесіне 2200 метрге жарықтандыру жүйесі тартылды.

Қарашық ауылдық округі бойынша Қарашық елді мекенінен 5 көшеге (Қарашық, И.Худайкулов, А.Новаий, Аль-Фарабий, Қарнақ жол), Құмтүйін елді мекенінен 5 көшеге (Т.Шүкірбаев, Т.Азизбеков, Н.Халжанова, П.Рахимжанов, Ш.Қожахметов) күрделі жөндеу (асфальт) жұмыстары жүргізілді.

Қарашық елді мекеніне демеушінің есебінен Н.Тураханов көшесіне 1,2 шақырым, Құрманғазы көшесіне 0,5 шақырымына тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

Қарашық, Құмтүйін елді мекендеріндегі су жинау қоймасының ауыз су жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Құмтүйін елді мекенінде орналасқан ауыз су тарату орталығында жаңа тік ұңғыма қазылды.

Қарашық елді мекеніндегі 32 видео камераларды интернетке қосу жұмыстары жүргізілді.

2024 жылы күз мезгілінде 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды.

Учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, «Таза Қазақстан» акциясы аясында ретсіз жатқан күл-қоқыс және құрылыс заттарын төгу бойынша 20 азаматқа ескерту беріліп, 10 азаматқа айыппұл салынды.

Су тасқынының алдын алу бойынша Қарашық елді мекеніндегі Оранғай арығының 1.7 шақырымы тазаланып, арықтың елді мекенге кіреберісі жабылып карьерге бағытталды. Сасық бұлақ арығының басы жабылып, Қарашық өзеніне бағытталды.

ИНВЕСТИЦИЯ ӨНДІРІСКЕ ТЫҢ СЕРПІН БЕРУДЕ

Үлкенді кіші деңгейдегі әкімдердің жұмысының бір бағаланатын тұсы бұл сол өңірге инвестиция тартуымен ерекшеленеді.

Кәсіпкерлік және жұмыспен қамту саласында ауылдық округі бойынша 1 мақта зауыт, 14 цех, 4 дәріхана, 65 кәсіпкерлік нысандар, 1 жанармай бекеті, 3 газ құю бекеті, 3 жеке балабақша, 2 тіс емханасы және 1 мал базар жұмыс жасап тұр.

Жаңадан– 900 орындық «Яссауи зияткерлік мектебі» пайдалануға берілді. (Жоба құны 1 млрд 400 млн теңге). Қазіргі таңда 1500 орындық спорт комплексі құрылыс жұмыстары жүргізілуде. (Жоба құны 1 млрд 300 млн теңге).

«QarashiQ-M» ЖШС-тігі жаңадан 450 орындық мектепте 25 азамат(ша) жұмыспен қамтылып, іске қосты. (Жоба құны 600 млн теңге). «QarashiQ-M» (ЖШС) 150 орындық балабақша құрылысы жүргізілуде. «РАЯНА» (жеке кәсіпкер Омарова Дильназ) тігін цехы ашылып 15 адам жұмыспен қамтылды. Халық игілігі жолында Кәсіпкерлердің бастама-шылығын ауылдастарымыз да қуаттауда.

ЕЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРЫМЫЗДА

Жақында Қазақстанның Үкімет басшысы Олжас Бектенов үлкенді кішілі әкімдердің жұмысы тұрғындардың әлеуметтік тұрмыс жағдайына қатысты бағаланатындығын ескертті. Қарашық ауылдық округінің тұрғындарының жағдайы осыдан алты жыл бұрын Түркістан облысының ашылуына және Сауран ауданының үш жылда серпінді дамуына байланысты тез көтеріліп келеді. Себебі, ауылдағы тұрғын үйлер мен жердің бағасы ондаған есе көтерілді.

«Елге ел қосылса құт» дегендей Қарашық пен Құмтүйінге қоныс аударғысы келетіндердің қарасы мол. Қарашық ауылдық округі Саураннан гөрі Түркістанға жақын орналасқан. Қазіргі таңда екі елді мекеннен Құмтүйін және Қарашықтан тұрады. Орталық ұзына бойына Шайық көшесіне орналасқан. Жалпы халық саны 11262 адам. Қарашық ауылы әкімі аппаратына 2024 жылда барлық шығындарын өтеуге 104 млн 189 мың теңгеге қаржыландырылып, бөлінген қаржы кезең-кезеңімен толық игерілуде.

Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылды.

2024 жылдың 11 айында атаулы әлеуметтік көмекке 65 отбасы өтініш берсе, 42 отбасыға әлеуметтік көмек тағайындалды. (16 325 095 теңге) 23 отбасына кедейлік шегінен асып кетуіне байланысты атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмады.

ГҮЛДЕНСЕ АУЫЛ — ГҮЛДЕНЕМІЗ БӘРІМІЗ

Мемлекет басшысы ауылдарды дамытуға барынша назар аударып отыр. Оның нақты дәлелі Президент болып сайланған бойда «Ауылдарды дамыту туралы Жарлығына қол қойды. Мемлекет басшысының осы жарлығын іске асыру үшін Үкімет Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын» бекітті.

Құжатта «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында республика бойынша ауыл тұрғындарының 90%-ы өмір сүріп жатқан даму әлеуеті жоғары 3,5 мың ауылдық елді мекенді (АЕМ) кешенді жаңғыртуға баса назар аударылған. Мұндай елді мекендер адамдардың еңбек етіп, өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасау есебінен экономикалық өсудің жаңа нүктелеріне айналады.

Негізгі мақсаттардың бірі – ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту. Атап айтқанда, жаңа мектептер мен медициналық нысандар салынып, сумен және электрмен үздіксіз жабдықталады, кең жолақты интернет және ғарыштық байланысы тартылады, ауыл жолдарының сапасы жақсарып, кітапхана, клуб, музей және кинотеатр, спорт ғимараттары сияқты мәдени нысандар салынады, халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылады.

Тұрғын үй құрылысын жандандыру үшін жаңа жер учаскелеріне инженерлік коммуникацияларды жүргізу жұмыстары жалғасады. Бұл ретте ауылдық елді мекендерде өз қызметкерлеріне үй салып берген жұмыс берушілердің шығындары жалпы алаңы 100 шаршы метрден аспайтын үй құнының 50% мөлшерінде субсидияланатын болады.

Ауыл тұрғындарының табысын арттыру мәселесін агроөнеркәсіп өндірісін жандандыру, кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту арқылы шешу жоспарланып отыр. Осылайша, шағын шаруашылықтарды біріктіру және ауыл шаруашылығы кооперативтерін ұйымдастыру фермерлерге тұқым, тыңайтқыш, жанар-жағармай материалдары, жем-шөп, агротехникалық және ветеринариялық қызметтер шығындарын қысқартуға, жер учаскелерін, ауыл шаруашылығы техникасын, ирригациялық және дренаждық жүйелерді бірлесіп пайдалану есебінен өндірілген өнім көлемін арттыруға, сондай-ақ делдалдарсыз тұрақты түрде тауар өткізіп отыруға мүмкіндік береді.

Кезінде Бейімбет Майлин айтқан осы қанатты сөз біздің өңірге арналғандай. «Елде бар ерінге тиеді» дейтін атамыз қазақ. Қазіргі таңда «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы бойынша Құмтүйін елді мекенінен бес көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Төле би көшесін жарықтандыруға сметалық құжаты дайындалып, соммасы 12135000 теңге өткізіліп, қазіргі таңда жарықшамдары орнатылды.

Қарашық ауылдық округіндегі үш мектепке кәсіпкерлердің қолдауымен бассейндер қойылды. Қарашық елді мекенінде кәсіпкерлердің ұйымдастыруымен Құрманғазы көшесіне және жиһаз өндірісі орналасатын кәсіпкерлік аймаққа жол салу бойынша тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта да «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы бойынша жұмысты жалғастырып, Қарашық елді мекенінен бес көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қарашық елді мекенінде Қарашық көшесін жарықтандыруға сметалық құжаты дайындалды. Соммасы 21544,13 мың теңге. С.Жамалов көшесін жарықтандыруға соммасы 43780,46 мың теңгенің сметалық құжаты дайындалды. Құмтүйін елді мекенінде Түркістан көшесін жарықтандыруға соммасы 24576,41 мың теңге тұратын сметалық құжаты дайындалды. Қарашық елді мекеніне екі трансформатор орнату жұмыстарына (соммасы 10000000 теңге) сметалық құжаты дайындалып өткізілді. Құмтүйін елді мекенінде орналасқан ауыз су тарату орталығында жаңа тік ұңғыма қазылуда. Қарашық ауылдық округі бойынша өзекті мәселелерді жасыруға болмас. Мәселен, Қарашық елді мекені бойынша ауыз су мәселесі қиын болып тұр.

Қарашық елді мекенінің төменгі ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету қажеттілігі байқалып тұр. Диқандардың сұранысы бойынша Қарашық елді мекенінен су қойма салу қажет. Ауылдың бас жоспар жасалынған жерден тұрғын үй үшін берілетін жерлерге инфрақұрылым жүргізу де уақыт талабы.

Қарашық ауылдық округіне қарасты Қарашық елді мекеніне ауыз сумен толығымен қамтамасыз ету үшін қосымша 1 скважина қазу және қосымша 1 су мұнарасын орнату;Қарашық және Құмтүйін елді мекеніне балалар ойын алаңшасын салу; Ауылдық округіне қарасты елді мекендеріне тартылған электр жүйелеріндегі ескі бағаналарды ауыстыру /ауыл тұрғындарының аулаларынан өтіп қауіпті жағдайда тұрған ескі ағаш бағаналарды ауыстыру/;Елді мекендерге газ тарту мәселесі.

Бізге өте қиын болып тұрғанды кезінде қиыршы тас өндірген карьерлердің жерінің тегістелмеуі және осыған қатысты жайлар құқықтық тұрғыда шешуді қажет етеді. Құмтүйін елді мекені бойынша оңтайландырылған сызба жасалынған жерден тұрғын үй үшін берілетін жерлерге инфрақұрылым жүргізу кезек күттірмейді. Мұндай ауқымды жобаларды жүзеге асыруға бірнеше жылдар кетеді. Мұны жергілікті тұрғындар да түсіністікпен қабылдауда. Болашақта Түркістан қаласына қосылып кетуіміз бек мүмкін. Ол кезде бағбандарымыздың бағы ашылғалы тұр.

ҚАРАШЫҚТА 21 ЦЕХ ІСКЕ ҚОСЫЛАТЫН БОЛДЫ

Осыған дейін қарашықтық жиһаз өндірісімен айналысатын кәсіпкерлерге арнайы 10 гектар жер берілгендігі жөнінде айтқан болатынбыз. Бұған дейін жиһаз өндірісін қолға алған кәсіпкерлер өздерінің үйіргелік жерлерінде өз жұмыстарын жасап келген. Ендігі кезекте олар Қарашық ауылдық округінен берілген индустриалды аймақта цехтарының құрылысын бастайтын болды.

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров 21 кәсіпкерге арнайы орындарын белгілеп, цехтарының құрылыс жұмыстарын бастауға рұқсат берді. Индустриалды аймаққа аудан әкімдігі тарапынан қажетті жұмыстар, су, электр энергия тағы басқа шаруалар жүргізілетін болады.

Кәсіпкерлік саласы, оның ішінде шағын және орта бизнесті дамыту — бүгінгі күннің басты талабы. Осы мақсатта мемлекет тарапынан қолдау да көп. Ол үшін түрлі бағдарламалар қабылданып, қоғам үшін еңбектенемін дегенге мол мүмкіндік берілуде. Осындай мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға қатысып, шағын және орта бизнесін шарықтатып отырған аудан кәсіпкерлерінің саны күн санап көбеюде. Бұл қуанарлық жәйт. Себебі, жұмыссыздар саны азайып, жұмыс көзі ашылуда.

Бүгінгі таңда 10 га жерге индустриалды аймақ құрылып, 21 кәсіпкерге берілді. (Инвестиция көлемі — 2,86 млрд.теңге, ашылатын жұмыс орны — 224, іске асыру мерзімі – 2025 — 2026 жылдар). Өндірістік алаңның ішіне электр жүйесі жүргізіліп, іске қосылды. 2,6 км жол ашылып тас төселді. Қазіргі таңда 8 жеке кәсіпкер құрылыс жұмыстарын бастап кетті.

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

Қарашық ауылдық округінде 375 орындық мәдениет үйі және 2 кітапхана жұмыс жасауда. 2024 жылдың 11 айында 41 іс-шара өткізі-ліп, жалпы 2740 адам қамтылды. Атап айтар болсақ: «Ауылым — алтын бесігім» атты ауылдар аралық байқауында Қарашық ауылдық округі жүлделі 2-орын иеленді.

Жастар арасында Халықаралық волейбол турнирі өткізіліп, аудан атынан қатысқан Қарашық ауылдық округінің командасы 1-орынды жеңіп алды.

Сауран ауданына 3 жыл толуына орай этносаралықты татулықты сақтау, достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Жастар LIFE» бағдарлама аясында Қарашық ауылдық округі жүлделі 1-орын иеленді.

Сәкен ОРАЗБАЕВ,

Қарашық ауылдық округінің әкімі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *