Цифрлық индустрияның жетекші мамандары инновация көзі ретінде қызмет етеді және мемлекетті жоғары деңгейге жеткізе отырып, елді цифрландыруды дамытуға көмектеседі. Сондықтан елдер әртүрлі шарттар мен артықшылықтарды ұсынып, цифрлық сарапшыларды тартуға тырысады.
Цифрлық таланттар үшін ең маңызды нәрсе – жұмыс пен өмірдің тепе-теңдігі. Олардың 70%-дан астамы үйленген. «Цифрлық көшпенділер» құзыретін арттыра отырып, жұмыс орнын ауыстырып, жаңа тәжірибе алуды жөн көреді. Тұрақты табыс, қауіпсіз кеңсе және компаниялар беретін кепілдіктер – цифрлық көшпенділер үшін басты құндылықтар емес. Олардың жұмысы көбіне стартаптармен байланысты болса да, цифрлық таланттар үлкен компанияларда жұмыс істеуге басымдық береді.
Цифрлық зияткерлер жақсы жалақы мен жайлы өмір салтына ерекше мән береді.
«Елімізді әлемдегі «цифрлық көшпенділердің ордасына» айналдыруымыз қажет»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 7 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берді. Президент бұл туралы қайта-қайта еске салып, цифрлық жүйенің мүмкіндіктерін барынша пайдалануды ұсынып та келеді. Енді ол талапты күшейтті – «Қазақстан «цифрлық көшпенділердің ордасына» айналуы керек» деді.
Экономиканы цифрландыру ісін жалғастыру және жасанды интеллект технологиясын кеңінен қолдану аса маңызды… Шетелдің белгілі мамандарын тарту үшін Digital Nomad Residency арнайы бағдарламасын іске қосу керек. Яғни, елімізді әлемдегі «цифрлық көшпенділердің ордасына» айналдыруымыз қажет. Бір сөзбен айтқанда, заманның ағымынан қалмау керек. Цифрлық технологияны неғұрлым жедел әрі тиімді пайдалансақ, даму қарқынымыз да соғұрлым табысты болмақ, – деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ал, бұған дейін Мәжіліс депутаты Павел Казанцев цифрлық көшпенділерге арнайы мәртебе беруді ұсынып, үкіметке жүгінді.
… 35 елде цифрлық виза ұсынылады. Яғни, бұл – әлемдік тренд. Мысалы, Қырғызстанда «цифрлық көшпенді» мәртебесі 2022 жылы құқықтық деңгейде рәсімделген. Ол шетел азаматтарына Қырғызстанға келгенде тіркеусіз және ешқандай рұқсат құжатсыз жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мемлекеттік органдармен іс-қимылды жеңілдетеді. Жарты жылда мыңнан аса ІТ маман мен кәсіпкер «цифрлық көшпенді» мәртебесін алды, – деді ол Мәжілістің отырысында.
