ЦИФРЛАНДЫРУ: 5G ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА НАЗАР АУДАРЫЛУДА

 

Былтыр желтоқсан айында байланыс операторлары арасында өткен радиожиіліктерді бөлу аукционында Kcell компаниясы жеңімпаз атанды.

«Шын мәнінде, біз 5G базалық станцияларын салу бойынша кестеден озып келе жатырмыз және бірқатар факторлар болмаса, қарқынды жылдамдата алар едік. Бүгінде көптеген өңірлерде радиофобия проблемасына тап болудамыз. Соның салдарынан базалық станцияларды орнатудан бас тартуға немесе оларды бөлшектеуге тура келуде және осындай кейстердің саны 20-ға жуық. Бүгінгі күні байланыс операторларының алдында тұрған тағы бір сын-қатер – инфрақұрылым құрылысына арналған орындардың, базалық станциялар үшін тіректердің болмауы», – деді Kcell АҚ басқарма төрағасы Асхат Өзбеков панельдік сессиясында.
Сонымен қатар, Асхат Өзбеков 5G инфрақұрылымын қалыптастыруды жол құрылысымен салыстырды.
«5G құрылысы екі жолақты Әл-Фараби даңғылына ұқсайтынын айтқым келеді. Яғни, дұрыс қолданған жағдайда бұл – кептелісті, жалпы жүктемені азайтады. Көріп отырғанымыздай, қазіргі уақытта 5G-дің мүмкіндігі кең, сигнал жаман емес», – деп атап өтті Асхат Өзбеков.
Бір базалық станцияны орнатуға 6 айдан 9 айға дейін уақыт кетеді. 9 қабатты үйдің құрылысына қажет болатындай құжаттар рәсімдеу процесі тағы бар.
Kcell басшысының айтуынша, бұл бюрократиялық талаптарға байланысты болып отыр. Жұмыс қарқынын жеделдету үшін оператор хабарлама тәртібімен жұмыс істеуді ұсынады.

Бұған қоса, радиофобтар мәселесі де өзекті. Бір адамның қарсылығы бірден 100 немесе одан көп тұрғынның 5G игілігін көру мүмкінгін шектеп отыр.
«Барлығымыздың проблемамыз бірдей, яғни әріптестерімізбен бірге осы мәселеге тап болып отырмыз. Салынған 18 5G базалық станциясының 300-ге жуығы қайта жинап алынды. Егер қаланың белгілі бір бөлігінде шартты түрде 6 базалық станция жұмыс істейтін болса, онда олардың біреуін алып тастағаннан кейін бүкіл аудан бойынша байланыстың деградациясы болатыны белгілі. Яғни, осы алты станция радиусындағы барлық абоненттер зардап шегеді. Бірақ барлық 5G базалық станциялары 4G-мен бірге, яғни екі жиілікте бірден екі қабатта жүретінін атап өткім келеді. Тиісінше, олардың әрқайсысына үлкен жүктеме түседі және олардың әрбіреуін алып тастау қазір теріс салдарға алып келеді», – деді Асхат Өзбеков.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *