КЕРЕК КЕҢЕС: ЖАСАНДЫ ЗЕРДЕ ШЕТЕЛДІК СЕРВИСТЕРГЕ ТӘУЕЛДІЛІКТІ АЗАЙТАДЫ

Жасанды интеллект бойынша сертификат беретін оқыту курсын әзірлеу және ол ашық әрі қолжетімді болады. Ал 2029 жылға қарай 80 мың адам жасанды интеллект бойынша білім алуы қажет.
Нейрондық желілерге негізделген ұлттық тіл моделін әзірлеп және енгізу тұжырымдамадағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады.

Оның ішінде:

Ұлттық тіл моделін іске асыру жасанды интеллект бойынша түрлі жобаларда қазақ тілін қолдануға мүмкіндік береді;

Шетелдік сервистерге тәуелділікті азайтады;

Цифрлық ортада өз мәдениеті мен құндылықтарын сақтауға ықпал етіп:Бір тілдік топқа кіретін тілдік модельді дамытуға серпін береді.
Ақпаратқа сәйкес, жасанды интеллект саласында адам құқықтары мен бостандықтарын сақтауды, жасанды интеллектке қатысты сапасыз шешімдердің салдарынан кемсітушіліктің барлық түріне жол бермеуді, Қазақстанның адамгершілік, рухани және мәдени құндылықтарына сәйкестікті қамтамасыз етуді көздейтін әдеп ережелері қабылдануы тиіс.Digital Almaty форумы барысында Цифрлық даму министрі қазақ тілінде сөйлейтін GPT пайда болатынын айтты. Сонымен қатар жасанды интеллект eGov-қа енгізіледі.

Министр Egov-тағы жасанды интеллект әртүрлі мемлекеттік қызметтерді интерфайс көмегімен емес, қарапайым адами қарым-қатынас процесі арқылы алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Жасанды интеллекті енгізу бойынша жұмыс басталды. Сондай-ақ қазақ тілінде сөйлейтін GPT чаттың қазақстандық аналогын жасау бойынша да жұмыс жүргізіліп жатыр», – деді Мусин.

Әрбір жұмыс істейтін адам үшін өте маңызды есептің негізгі болжамдары:

– ең алдымен, алдағы үш жылда жұмыс істейтіндердің 40%-ы ЖИ енгізуге байланысты қайта біліктіліктен өтуге тиіс. Бұл әлемдік жұмыс күшінің 1,4 млрд. (3,4 млрд.) адамы қайта біліктіліктен өтуге тиіс дегенді білдіреді. Бұл қайта даярлау адамдар мен машиналар арасындағы жаңа еңбек бөлінісіне ене білуді және адам мен машина серіктестігі еңбек өнімділігін бірнеше есе арттырып, бизнес қайтарымының экспоненциалды өсуін қамтамасыз ететін «кеңейтілген жұмыс» дағдыларын игеруді білдіреді;

– «толықтырылған жұмысқа» көшкен жұмыс орындарының шамамен пайызы: маркетинг (73%) және клиенттерге қызмет көрсету (77%) саласында төрттен үш бөлігін және сатып алу (97%), тәуекелдер және нормативтік талаптарды сақтау (93%) және қаржы (93%) саласында 90%-дан астамын құрайды.

Толықтырылған жұмыс күші дәуірінің басталуымен жұмысшылардан талап етілетін ең маңызды дағдылардағы басымдықтардың түбегейлі өзгеруін ерекше атап өткен жөн.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *