КЕРЕК ДЕРЕК: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ДАМЫТУДЫҢ ЖОБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

 

Қазақстанда жасанды интеллектіні дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы бекітіледі. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Тұжырымдаманы әзірлеуге жауапты мемлекеттік әзірлеуші ретінде ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бекітілді.

«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары және цифрлық трансформация, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен киберқауіпсіздік саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы сияқты бірқатар стратегиялық құжаттарда жасанды интеллект бағыты бойынша кейбір міндеттер мен іс-шаралар айқындалған»,  – делінген хабарламада.

Қазақстанда суперкомпьютерлер 2025 жылға қарай іске қосылады;Ұлттық жасанды интеллект платформасын құру ұсынылады. Әр түрлі көздерден алынған деректердің бірыңғай кеңістігін қалыптастыру үшін «Smart Data Ukimet» жұмыс істейді;Жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып ұсынылатын мемлекеттік қызметтер үлесінің 2029 жылға қарай 20%-ға өседі;2029 жылға қарай жасанды интеллект платформасында жасалған кем дегенде 25 жасанды интеллект шешімі болуы керек.

«Әлемде бірнеше жылдан бері жасанды интеллект технологиялары жарысы жүргізіліп келеді. Онда екі айқын көшбасшы бар – АҚШ пен Қытай. Канада, Жапония, Оңтүстік Корея, Франция және Германия сияқты басқа елдер де жасанды интеллект технологиялары бойынша өз бастамаларымен алға жылжуда. Қазақстан бұл процеске кеш кіргеніне қарамастан, бүгінде жасанды интеллектке қатысты бірқатар жобалар түрлі салаларда іске асырылуда»,  – делінген хабарламада.

Мәселен, денсаулық сақтауда қашықтықтан медициналық қызметтерді, роботтандырылған әдістерді және жасанды интеллекті енгізу бойынша жобаларға қолдау көрсету жүзеге асырылуда.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *